Күрделі реакциялар

бет4/6
Дата11.05.2024
өлшемі2,1 Mb.
#201971
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Күрделі реакциялар

Зат энергия жұтқанда (жылу немесе жарық әсерінен) байланыс үзіліп, бос радикалдар түзіледі. Жарық жұту нәтижесінде жүретін реакциялар фотохимиялық деп аталады. Мысалы, хлор мен сутек газдары қараңғыда 2000С -дан жоғары температурада ғана әрекеттесіп, хлорсутек түзеді. Жарық көзінде бұл реакция бөлме температурасында жоғары жылдамдықпен жүреді:

Фотохимия жарықтың әсерінен жүретін реакциялардың заңдылықтарын зерттейді. Заттан өткенде жарық жұтылады және шашырайды. Жарықтың жұтылуы Ламберт-Бугер-Бер заңымен сипатталады. Бұл заң бойынша жарықтың жұтылуы оның толқын ұзындығына , жарықты жұтатын заттың табиғатына, затта жарықтың жүріп өтетін жол ұзындығына немесе жарықты жұтатын қабат қалыңдығына l және заттың концентрациясына С тәуелді. Гомогенді орта арқылы өткен монохромат жарықтың қарқындылығы келесі теңдеумен анықталады:

I = I010 -/C немесе lg (I0/I) = lC,

мұндағы I0 – затқа түскен жарықтың қарқындылығы (интенсивтігі),  -  толқын ұзындығындағы жұтылудың (экстинкция) молярлық коэффициенті. lC шамасы оптикалық тығыздықты береді.

Біріншілік процестер (нағыз фотохимиялық) әрқашан Эйнштейн заңына бағынады, яғни Ф = 1. Мысалы, газды фазадағы Н2 + О2Н2О2 реакциясы үшін Ф = 1.

Біріншілік процестер (нағыз фотохимиялық) әрқашан Эйнштейн заңына бағынады, яғни Ф = 1. Мысалы, газды фазадағы Н2 + О2Н2О2 реакциясы үшін Ф = 1.

Бұл мәннен ауытқу сәулеленусіз өтетін екіншілік процестерде кездеседі. Жиі ерітіндідегі және төмен қысымда газды фазадағы реакциялар үшін Ф < 1. Егер, газды фазада қозған молекулалар реакцияға дейін активсізденетін болса Ф < 1, мысалы 2NH3N2 + 3H2. Ерітінділерде – еріткіш молекуласымен активсізденуден және рекомбинация ықтималдығының жоғары болуынан (клетка эффектісі) Ф < 1, мысалы судағы ерітіндіде СН3СООН  СН4 +СО2.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет