Тақырыбы: Туған өлкем-алтын бесік
Сабақтың мақсаты:1.Туған өлке табиғатына жалпы сипаттама беру, білімін
қалыптастыру.
2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
3.Экологиялық, патриорттық тәрбие беру, туған жеріне,
еліне деген сүіспеншілікті арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.
Көрнекі-құралдары: интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Сабақтың тақырыбымен таныстыру
Шұбар ауылының табиғатына төмендегі жоспар бойынша слайдттар арқылы сипаттама беру.
Жоспары:
1.Географиялық орны
2.Геололгиялық құрылысы
3.Жер бедері
4.Климаты
5.Өзен-көлдері
6.Топырағы
7.Жануарлар дүниесі
8.Өсімдіктер дүниесі
ІІІ. 1-слайд- «Географиялық орны»
Шұбар елді мекені Қазақстан аумағының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тоқсанбай, Қоянды жоталарының аралығын алып жатыр. Елді мекен солтүстіктен оңтүстікке дейін 12 шақырым, батыстан шығысқа дейін 11 шақырымға созылып жатыр.
2 слайд- «Жер бедері»
Шұбар өлкесі мүжілген және тегістелген қыраттардан, аласа таулардан тұрады. Тоқсанбай, Қоянды, Қотырқай жоталары тік жартасты болып келеді. Тау массивтері палеозой жыныстарынан ( гранит, порфорит) құрылған. Жоталар арасындағы ойыстар дөнді-жалды, жазыққа жалғасады. Бұл өлкенің жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағытымен үгілу үрдісі басты рөл атқарған. Жер бедерін екі геоморфологиялық ауданға бөлуге болады: І.- тау аралық жазықтар Аралтөбе және Шұбар елді мекендер аралығын алып жатыр. Орташа биіктігі 400-1000 м дейін.ІІ- Котырқай, Тоқсанбай, Қояндытау жоталарының тау беткейлері таудың өзен суларымен қатты тілімденген.
3 слайд – «Климаты»
Метерологиялық мәліметтерге сүйенсек, бұл елді мекеннің климаты шұғыл контитентті. Континентік сипаты жылдық және тәуліктік температуралардың ауытқуларында байқалады. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 608 мм. Жылы ауа массалары ықпалының әсерінен жылу мерзімі 132-160 күнге созылады.
4 слайд – «Топырағы»
Елді мекеннің топырағы аз гумусті және орташа гумусті қара қоңыр топырақты болып келеді. Сол себептен жартылай суармалы, картоп, астық тұқымдас дақылдардың өсіруге қолайлы. Егістік жерлер тыңайтылып отырады.
5 слайд – «Өзен көлдері»
Елді мекен маңында ірілі-ұсақты салалары бар Кескентерек, Аламан және Коктал өзендері ағады. Өзендердің арнасынан көтерілетін, таситын кезі-көктем, жаз мезгілдері, тартылатын кезі – қыс мезгілі.Өзен ағынының жылдамдығы 3м/с. Өзен суларының лайлығы 75 %.
6-слайд – «Өсімдіктер дүниесі»
Елді мекендегі өсімдіктер жабыны жер бедеріннің ерекшеліктеріне, жер асты суларының терендігіне және топырақ түзілуіне байланысты сан алуан, әсіресі дәрілік өсімдіктерге бай, 150-ге жуық түрі өседі. Тау аралық жазықтарда азгумусті қара-қоңыр топырақта негізінен шөптесін өсімдіктер өседі. Мысалы: мыңжапырақ, шайқұрай, тау жуасы, сарымсақ, сасыр, тартаржапырақ, рауғаш. Еңістіктерде шалғындық өсімдіктері жайылып өсуде: шалғындық ақтонақ, қоңырот, қылтанақсыз арпабас, жоңғарқұртқашашы. Таулы үстірттерінде және беткейлерінде қазтамак, байғұт, жабайы бүлдірген өседі. Ағаш тектес өсімдіктерден қайын, қарағай, терек өседі. Бұта тектес өсімдіктерден шипалы қасиеті мол берікарақат, итмұрын, таңқұрай, арша өседі.
7 слайд – «Жануарлар дүниесі»
Жануарлар табиғат туындысы. Өлкедегі жануалар дүниесі алуан түрлі: балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, Құстар, сүтқоректілер. Жабайы аңдарда кең таралған: түлкі, қарсақ, қасқыр. Жергілікті өзендерде «патша балығы- форель» кездеседі. Бұл өлке «Жоғарғы Көксу» қорықшасының аумағына кіретіндіктен ерекше қорғауға алынған жануарлар кездеседі: жергілікті жердің эндемигі- құйрықты қосмекенді жануар – Жетісу бақатісі, 1996 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Биік шындарда тау жолбарысы-ілбістер, қыран құстар мекендейді.
Жергілікті халық омарта шаруашылығы, ірі-қара мал, жылқы және қой шаруашылығымен айналысады.
ІV. Сабақты бекіту
Сұрақ-жауап арқылы
V. Бағалау
VI.Үйге тапсырма беру
Шұбар ауылы туралы интернеттен қосымша мағлумат жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |