Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем»



бет1/2
Дата25.12.2016
өлшемі232,26 Kb.
#4981
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру,

  2. Дамытушылық: Ө .Тұрманжанов туралы мағлұмат бере отырып, оқушыларды көп ізденуге , өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру, ой қиялдарын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Отанын, елін жерін сүюге, қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: «ой шақыру», «миға шабуыл», тізбек әдісі, «ой қозғау»

стратегиясы, топтастыру стратегиясы , болжау стратегиясы «Жалғасын тап» ойын «Баспалдақ» ойыны.



Көрнекілігі: сызба, суреттер, портрет, кітаптар

І. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

2.Психологиялық дайындық.

Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз.

3.Үй тапсырмасын сұрау .

4.Өткен сабақта қандай өлеңмен таныстық ?

Өткен сабақты пысықтау



ІІ. Жаңа сабақ.

Өтебай Тұрманжанов портретін көрсету, ақын туралы мағлұмат беру. Өлеңнің негізгі ойы не деп ойлайсыңдар? Ө . Тұрманжанов 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданында дүниеге келген. Мәскеудегі шығыс жастарының Коммунистік Университетін бітірген .1929 жылы «Таң өлеңдері» атты өлеңдер кітабы жарық көрді. Балаларға арнап, өлең, ертегі, әңгіме, аңыз, повестерден тұратын бірнеше кітаптар шығарылған.Ө . Тұрманжанов 40 – қа жуық кітаптың авторы.



«Ой шақыру» стратегиясы.

  1. Біз қай Республикада тұрамыз? Т

  2. Республикамыздың рәміздерін кім біледі? У

  3. Тудың түсі қандай? Ненің суреті белгіленген? Ғ

  4. Елтаңбада не бейнеленген? А

  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай? Н

  6. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? Ө

  7. Президентіміз кім? Л

  8. Біз қайсы облыста тұрамыз ? К

  9. Біздің Республикада қандай ұлт өкілдері тұрады? Е

  10. Біздің тұратын қаламыз? М

«Туған өлкем» сөзі шықты

Бүгінгі сабақта Ө. Тұрманжанов атамыздың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз.



  • Оқулықпен жұмыс. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқып беру.

«Миға шабуыл» стратегиясы.

  1. Өлеңдегі ақын сөзіміне сай келетін сөздерді атаңдар.

        • қуаныш

        • мақтаныш

        • өкініш

        • шаттық

  1. Ақын туған жердің гүлі күні туралы не дейді?

  2. Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегендерді қалай түсінесіңдер?

«Тізбек әдісін» қолдану

Оқушыларға өлеңді оқыту .



Дәптермен жұмыс.

«Ой қозғау» стратегиясы

Ақын сөздерін пайдаланып туған өлке жайлы өлең құрастыру.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

.....

.....


Өлеңнің екі қатарын жалғастыру.

Оқушылар өлеңдерін оқиды.



  • Балалар туған өлкем деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Басқа сөзбен тағы қалай атауға болады?

Менің Отаным, Атамекенім, Туған жерім, Кіндік қаным тамған жер.

«Топтастыру» стратегиясы

орман


мектебім кең дала


Туған өлкем

құстар жан жануар



Суретпен жұмыс

Суреттерді көрсете отырып қазіргі күнмен байланысты әнгіме айту. Жақсы оқып, елді, жерді сүйіп, қастерлеп қорғауға әрқашан дайын болуларың керек.



«Болжау» стратегиясы

Балалар сендер қалай ойлайсыңдар біздің ел қашан ең дамыған 50 елдің қатарына қосыла алады ма қалай ойлайсындар?Ол үшін біз не істеуіміз керек ? Балалар Отан, ел , туған жер туралы мақал білесіңдер ме? Онда ойын ойнайық.



«Жалғасын тап» ойыны

1) Туған жердей жер болмас, .........

2) Туған жердің күні де ыстық, ............

3) Өзге елде сұлтан болғанша, .............

4) Отансыз адам,.................

Балалар «Неткен сұлу, неткен көркем»



Осы менің Туған өлкем тарауында Отан туралы өлеңдер, Туған жер туралы мәтіндер өттік.

Сендерге тапсырма бердім өз ойларыңнан , жүректеріңнен өлең шығарыңыздар Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді осы өлең арқылы білдіріңдер дедім.

«Баспалдақ» ойыны

Оқимыз , үйренеміз, жалықпаймыз білімнің шыңына біз шарықтаймыз.

Қыс та келді еліме,

Қыс та келді жеріме,

Бақыт, байлық тілейміз,

Бүкіл қазақ еліне.



Блинц турнир сұрақтары:

Кім жақсы меңгерді.

1. Өлеңнің аты ?

2. Авторы кім ?

3. Өлең не жайлы ?



Ребус.

, , , , , , , , , , , , , , , ,

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет