Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сабақтың ортасы
7 мин
|
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгінгі сабақта сендерге мен, Алпамысқызы Толқын, беремін. Қазір сабақты бастамас бұрын ойын ойнап алайық.
«Сәлемдесу» ойыны
Бұл ойында қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
-Балалар, сендер өткен сабақта не өттіңдер? Тапсырмаларды орындау барысында қандай заттарды қолдандыңдар?
- Бүгінгі сабақта біз сәндік қолданбалы өнермен танысуды жалғастырамыз. Сәндік -қолданбалы өнер деп қандай өнерді айтамыз? (Сәндік қолданбалы өнер ою - өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады) Дұрыс айтасыңдар, балалар. Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған.
Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз.
Әр істің өз шебері болады: кестеші, тігінші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы, т. б. Біз осылардың ішінде музыка аспаптарын жасаушыға тоқталамыз. Бүгінгі сабағымызға музыка аспаптарының ішінен домбыраны алайық.
Домбыра – қағып шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Қазақтың ән - күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар. Домбыраның екі ішекті және үш ішекті түрлері кездеседі.
Домбыраның құрылымы:
1. Басы
2. Құлағы
3. Пернелері
4. Мойны
5. Ішегі
6. Ойығы
7. Шанағы
8. Тиегі
9. Түймесі
|
Тақырыппен таныстыру
алаша, тоқыма бұйымдары, ағаштан жасалған бұйымдардың суреттері
домбыра суреті
домбыраның құрылымы
|
Шығармашылық жұмыс
20 мин
Сергіту сәті
2 мин
Көрме ұйымдастыру
Қорытынды
2 мин
Сабақтың соңы
|
Домбыраны бейнелеу кезеңдері (күй ойналып тұрады).
1 - кезең. Домбыраның орналасу орнын анықтайды.
Домбыраның бас бөлігі, мойын бөлігі және шанақ бөлігі орналасатын жерін көз өлшемімен белгілеу.
2 - кезең. Домбыра пішініне келтіре отырып, екінші суреттегідей жартылай бөлігін сызып саламыз.
3 - кезең. Домбыраның екінші бөлігін сызамыз үшінші суреттегідей етіп, онан кейін құлағын, пернелерін, ішегін ойығын, тиегін, түймесін белгілеп аламыз да, артық сызықтарды өшіріп бояуға дайындаймыз.
4 - кезең. Домбыраның түсіне келтіріп бояу.
Сөзжұмбақ «Домбыра»
1. Қазіргі заман талабына сай өте қажетті өнердің бір саласы.(Дизайн )
2. Әрбір ұлттың тарихымен сабақтаса дамып келе жатқан халықтық көркем туынды. (Қолөнер)
3. Жансыз заттарды бейнелеу.(Натюрморт)
4. Пәннің аты (Еңбек)
5. Адамның көркем бейнесі. (Портрет)
6. Бояу езуге, араластыруға пайдаланатын жұқа тақтайша. (Палитра)
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Қандай сәндік қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер?
Тапсырма ұнады ма?
Тапсырманы орындауда
қандай жеңілдіктер мен қиындықтар болды?
Рефлексия
Кері байланыс:
- Жарайсыңдар, бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.
-Сау болыңдар.
|
Домбыраны бейнелеу кезеңдерінің суреттері
Сабақты бекіту
Рефлексия
|