Тақырыбы: Суармалы алқаптың ауыспалы егістігін жобалау. Орындаған: Сарибаева Айдиниса Қабылдаған: Султанаев Ердос Тараз-2022 Суармалы егіншілік



бет1/2
Дата17.04.2022
өлшемі25,26 Kb.
#139669
  1   2
Байланысты:
Сарибаева 2


М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті




Тақырыбы: Суармалы алқаптың ауыспалы егістігін жобалау.
Орындаған: Сарибаева Айдиниса
Қабылдаған: Султанаев Ердос

Тараз-2022



Суармалы егіншілік – ылғалы аз, құрғақ, шөлейт және шөлді аймақтарда жоғары өнім алуға бағытталған егіншілік түрі.
Суармалы егіншілік жағдайында егістіктердің ылғал режимімен қатар қоректік режимі, яғни топыраққа тыңайтқыштар енгізу қолдан реттеледі. Сондықтан суармалы егіншілік тұрақты, сапалы әрі мол (бидайдыңәр гектарынан 65 – 70 ц, күріштен80 – 100 ц, мақтадан40 – 50 ц, т.б.) өнім алуды қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар сол маусымда суармалы егіншілік танаптарына аңыздық дақылдарды қайталап себу арқылы мал азығы қорын арттыруға болады. Суармалы егіншілік күріш, мақта, қант қызылшасы, бидай, жүгері, жоңышқа өсіруде кең қолданылады. Ыстық аймақтарда Суармалы егіншілік халық шаруашылығына көп пайда әкеледі. Суармалы егіншілікте суару (ылғалдандыру үшін, тұқым себу алдында, вегетация кезеңінде, жаңарту үшін, т.б.) әр түрлі тәсілдермен орындалады: атыздар арасымен (қызылша, жүгері, мақта, т.б.), жаңбырлата (жүгері, бұршақ, т.б.), көлдете (күріш, т.б.) суару, т.б. Әлемнің дамыған елдерінде Суармалы егіншілікпен айналысу – өздерін азық-түлікпен, жеңіл өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз етудің негізгі көзі. Сондықтан ертедегі өркениетті дамыған елдердің басым бөлігі суы мол Ніл, Тигр, Евфрат, Әмудария мен Сырдария өзендері және Қытайдың суы мол өзендерінің бойларында болған. Қазақстанда Отырар, Сауран, Тараз, Сығанақ сияқты көне қалалардың аймақтарынан белгілі. Суармалы егіншілік қазіргі уақытта Сырдария, Шу, Іле, Жайық, Қаратал, Ертіс, т.б. өзен алқаптарында орналастырылған. Қазақстан жағдайындағы суармалы егіншілікте кейбір дақылдардан әлемдік рекордтық өнімдер алынған. Мысалы, ақтөбелік Шығанақ Берсиев тарының әрбір гектарынан 201 ц, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Ыбырай Жақаев күріштің әрбір гектарынан 172 ц, тәтті тамыр өсіру шебері О.Гоноженко қызылшаның әрбір гектарынан 1600 ц өнім алуға қол жеткізді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет