= ФI0l[A] бүкіл көлем бойынша бірдей. Жұтылу елеулі болса, оның қарқындылығы өткен жолға тәуелді өзгереді, сәйкесінше фотохимиялық реакция жылдамдығы да өзгереді. Онда реакцияның орташа жылдамдығы табылады:
орташа = ФI0(1-10-lC ).
Егер жұтылу өте күшті болса, онда
лок. = ФI0
болады да, реакция жарық жұтылатын қабатта ғана өтеді. Сондықтан жылдамдықтар заңын әрқашан жұтылған жарық энергиясының бірнеше мәнінде тексеру қажет.
Гротгус-Дрепер заңы:фотохимиялық түрлену зат жұтатын жарық әсерінен ғана жүзеге асады немесе реакцияда жұтылатын сәулелер ғана фотохимиялық активті (бірақ, кері тұжырым дұрыс емес, себебі жұтылу әрқашан реакцияға алып келмейді).

Бунзен-Роско заңы: фотохимиялық реакция өнімдерінің саны түскен жарық қарқындылығына және оның затқа әсер ету уақытына пропорционал (жуықталған сипатта, себебі барлық жұтылған энергияның бәрі химиялық процеске жұмсалмайды).
Эйнштейннің фотохимиялық эквивалент заңы сандық сипатта: жұтылған әрбір жарық кванты бір молекуланың өзгерісіне алып келеді.