Жұмыстың мақсаты: сапалық талдауда аналитикалық реакцияларды орындау техникасын игеру
Жұмыстың міндеттері:құрғақ тұздарды ысқылау, жалынның боялу реакцияларын, тұнбалардың түзілу, катиондардың микроскопиялық реакцияларын жүргізу барысындағы құбылыстарды анықтау және алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасау.
Жұмыстың барысы:
Құрғақ тұздарды ысқылау.Фарфор табақшаға СоSО4 және NН4SСN-нің бірнеше кристалдарын салып шыны немесе фарфор таяқшамен ысқылайды. Ысқылаудың нәтижесінде (NН4)2[Со(SСN)4]–нің тұзының түске боялуын бақылайды. Осы тәжірибені ҒеСІ3-нің және NН4SСN–нің арасында қайталайды. Реакциялардың теңдеулерін және олардың түзілген өнімдерінің түсін жазады.
Тәжірибені толығымен алдын ала сабақ басталмай тұрғанда жасап шығу;
Табылмаған немесе сабақ алдында жоқ реактивтерді (немесе өткен оқу жылында болған, ал енді таусылған кезде) алмастыру немесе басқа зертханалардан табу керек;
Қашықтан оқыту кезінде білім алушылар зертханада жасай алмайтындықтан осы реакциялардың нәтижелерін суреттермен көрсету немесе видео дайындау керек (немесе дайынын қолдану);