Жалынның боялуына сынама. Платинадан немесе нихромдық сымнан жасалған ілмекті концентрлік НСІ-на батырады және газ (немесе спирттік) шамның түссіз жалынында сары түстің жоғалғанынша күйдіреді. Соңынан қызып тұрған ілмекті SrCl2-нің немесе Sr(NO3)2-нің ұнтағына батырады және жалында ұстайды. Жалынның түсінің өзгеруін бақылайды. Осы тәжірибені КСІ-нің немесе КNО3-нің ұнтағымен қайталайды.
Натрийдің хлоридінің қоспасы болғандағы стронцийдің немесе калийдің тұздарының жалынның түсінің өзгеруін бақылайды. Ол үшін ілмекті калийдің хлоридінің және натрийдің хлоридінің немесе стронцийдің хлориднің және натрийдің хлоридінің қоспасына батырады және жалында ұстайды. Жалынның түсін тікелей және көк шыны (немесе ішінде индигоның ерітіндісі бар жалпақ ыдыс) арқылы бақылайды.
Нихром сымды концентрлік НСІ-на батырдық және газ (немесе спирттік) шамның түссіз жалынында сары түстің жоғалғанынша күйдірдік. Соңынан қызып тұрған ілмекті КNО3-нің ұнтағына батырып жандырғанда жалынның түсі ақ түсті түтін пайда болады. (видео №1) сілтеме
https://paramitacenter.ru/node/543
Достарыңызбен бөлісу: |