«Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәнінің мұғалімі Н.А. Тлеубергенованың 2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспары
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мерзімі
|
Диагностикалық жұмыс
|
1
|
Өткен оқу жылдарындағы пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу
|
І тоқсанның І аптасында
|
2
|
Тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылармен өткен тақырыптардың ішінен қиындық тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау.
|
І тоқсанның І аптасында
|
Жоспарлау жұмысы
|
3
|
Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу.
|
І тоқсанның ІІ аптасында
|
4
|
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау
|
І тоқсанның ІІ аптасында
|
5
|
Жаңа бағдарламаға сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттары бойынша білімінде олқылықтары бар оқушылардың тізімін жасау және топтастыру
|
І тоқсанның ІІ аптасында
|
6
|
Білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу
|
Тоқсан сайын
|
Жүзеге асыру және талдау жұмысы
|
7
|
Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып, жаңа мақсаттарға қол жеткізу
|
Жыл бойы
|
8
|
Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып, жаңа мақсаттарға қол жеткізу
|
Жыл бойы
|
9
|
Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру
|
Жыл бойы
|
10
|
Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жұмыстармен бірлестікте талдау және талқылау
|
Жыл бойы
|