МАЗМҰНЫ
№
|
Бөлімінің атауы
|
беті
|
1
|
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
|
3
|
2
|
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
|
9
|
3
|
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫКӨРІНІС
|
90
|
4
|
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР МЕН НӘТИЖЕНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ, БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
|
93
|
5
|
ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР
|
128
|
6
|
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
|
129
|
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
Атауы
|
2011 - 2015 жылдарға арналған Қарағанды облысының даму бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіз
|
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығы
|
Аймақтың негізгі сипаттамалары
|
Облыстың аумағы 428 мың.шаршы км (Қазақстан аумағы жалпы алаңының 15,7%) құрайды. 01.01.2011ж. Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық бөлініске облыстық және аудандық маңызы бар 11 қалалар мен 9 аудан ұсынылды.
2011 жылғы 1 қаңтарда халық саны 1 352 178 адамды құрады.
2010 жыл ішінде өндірілген жалпы аймақтық өнімнің ағымдағы бағасы 1872,8 млрд. теңгеге тең. Қазақстанның ІЖӨ 8,6% облыстың үлесіне тиесілі. 2010 жылы облыстың өнеркәсіп өнімінің көлемі 1032,1 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптің негізгі салалары қара және түсті металлургия, тау-кен өндіру өнеркәсібі, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу болып табылады.
|
Бағыттар
|
Экономика
Әлеуметтік сала
Инфрақұрылым
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология
Мемлекеттік қызметтер
|
Бағдарламаның мақсаттары
|
Экономика:
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде қолғабыс ету;
Ұлттық және аймақтық экономикада бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту және экономиканы жаңғырту негізінде өнеркәсіпте құрылымдық ілгерілеу жасау;
Облыстың энергетикалық кешенін тұрақты дамыту;
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Бизнес-ортаны жақсарту;
Ішкі сауда тиімділігін арттыру;
Инвестицияларды тарту және өңірлік инновациялық жүйені дамыту;
Экспорт географиясын кеңейту және сыртқы сауда көлемдерін арттыру.
Әлеуметтік сала:
Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;
Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамытуды қамтамасыз ету үшін облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту;
Демографиялық жағдайды жақсарту;
Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі;
Мәдениет саласының қызмет көрсету сапасына халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық капиталын дамыту;
Бұқаралық спорттың, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысының және жоғарғы жетістіктегі спорттың дамуы;
Бәсекеге қабілетті туристтік индустрияны құру;
Мемлекеттілік пен ел бірлігін әрі қарай нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту;
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстылықпен күрес, нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау;
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою.
Инфрақұрылым:
Байланыс және коммуникациялар саласында қызметтердің сапасын жоғарылату;
Құрылыстың өсуін қамтамасыз ету;
Экономикалық кеңістіктің байланыстылығын жақсарту;
Тұрғындарды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология:
Ауылдың қалыпты өмір сүруінің жағдайларын құру;
Қоршаған ортаны ластандыру деңгейін азайту және табиғи орта сапасын тұрақтандыру.
Мемлекеттік қызметтер:
Әлеуметтік-маңызды қызметтерді көрсету сапасын арттыру;
Жергілікті деңгейде мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру тиімділігін арттыру.
|
Міндеттері
|
Экономика:
Қосылған құнды тұрақты ұлғайту;
Сыртқы сауда айналымы;
Тауарлар және қызметтердің бағаларының өзгеруінің деңгейі;
Өнеркәсіптің әртараптандыруы мен бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту;
Тау кен өнеркәсібі кәсіпорындарының құлдырап жатқан қуаттарының орнын толтыру;
Өнеркәсіптегі құрылымдық жылжуларды қамтамасыз ету;
Инвестициялық жобаларды іске асыру;
Электрэнергетикасын дамыту;
Агроөнеркәсіп кешен саласының тұрақты дамыту, бәсекеге қабілеттіліктің жаңа деңгейіне қол жеткізу және облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Бизнес-ортаны жақсарту;
Сауда инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ету;
Инвестициялық жобаларды іске асыру;
Индустриалдық парктермен, технопарктермен көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін жоғарылатуға көмектесу;
Қазақстандық құрамды арттыру;
Кеден одағының шеңберінде аймақтың кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Әлеуметтік сала:
Мектептік білім беру кызметтерінің сапасын арттыру ***;
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жүйесін кеңейту және мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын арттыру**;
Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдай жасау ***;
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету сапасын жақсарту;
Медицина ұйымдарын білікті мамандармен қамтамасыз ету. Жыл сайынғы медицина кадрларының кәсіптік біліктілігін арттыру;
Негізгі әлеуметтікмаңызы бар аурулар жағдайын жақсарту;
Ана мен баланың денсаулығын жақсарту;
Халық санының өсуі үшін жағдай жасау;
Тұрақты жұмыспен қамту;
Халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмектің тиімділігі мен атаулылығын арттыру;
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі мемлекеттік емес сектор үлесін арттыру;
Халыққа мәдени саланың қызметтерінің қолжетімдігін қамтамасыз ету;
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және шоғырлану қызметін кеңейту;
Бұқаралық спорттың, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысының және жоғары жетістікті спорттың дамуы;
Туристтік инфрақұрылымдарды дамытуды қамтамасыз ету;
Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту;
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жастарды белсене тарту;
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Қылмыспен күрес тиімділігін арттыру, есірткі бизнесімен, нашақорлықпен күрес;
Техногендік авариялардан, катастрофалар мен табиғи апаттардың қаупін және шығындарды төмендету.
Инфрақұрылым:
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтерді дамыту;
Құрылыстың өсуін қамтамасыз ету;
Көлік құралдарының қауіпсіз және кедергісіз жүріп тұруы үшін осы заман талаптарына сай автожолдар саласындағы инфрақұрылымды дамытудың деңгейін арттыру;
Автобус және теміржол бағыттарында ауданаралық, қалааралық, қала маңындағы көлік бағыттарын ұйымдастыру;
Тұрғын-үй қорының тиісті пайдаланылуын қамтамсыз ету;
Коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту.
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология:
Ауылдың өмір сүру жағдайын құруда ықпал жасау;
Атмосфералық ауаны қорғау;
Орман, орман өсіруді сақтау, қорғау, орнын толтыру.
Мемлекеттік қызметтер:
Электрондық нұскауға аударылған әлеуметтік-маңыздағы көрсетілетін қызметтердің санын арттыру;
Ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту.
|
Іске асыру кезеңдері
|
I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезекті іс-шаралары іске асыру.
II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру
|
Нысаналы индикаторлар****
|
Экономика:
Жалпы өңірлік өнімнің айғақты көлемінің индексі, 105,2% 2015 жылы алдыңғы жылға;
Өнеркәсіптік өнімнің айғақты көлем индексі, 102,6% 2015 жылы;
Өңдеуші өнеркәсіп өнімін шығарудың айғақты көлем индексі, 103,7% 2015 жылы;
Тау кен өнеркәсібі өнімін шығарудың НКИ және кеніштерді әзірлеулер, 102,4% 2015 жылы;
Металлургиялық өнеркәсіптің НКИ-і, 101,0% 2015 жылы;
Машина жасаудың НКИ-і, 101,1% 2015 жылы;
Басқа да металлдық емес минералдық өнімдер өндірісінің НКИ-і, 105,3% 2015 жылы;
Өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі;
Электр энергиясын өндірудің артуы, 110% 2015 жылы;
Ауыл шаруашылығының негізгі көлем индексі 2015 жылы 102,0 % жеткізу (2009 ж. – 108,6 %);
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдер шығаруының нақты көлем индексі, 100,8% 2015 жылы;
Бөлшек сауданың нақты көлем индексі, 2015 жылы 106,4%;
Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі, 2015 жылы – 112,4%;
Инновация облысындағы мекемелер мен кәсіпорындардың белсенділік деңгейінің өсімі (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриалдық парктер және т.б.), 2015 жылы 6,6%;
Жалпы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алудағы жергілікті мазмұн үлесінің өсімі, 2015 жылы 66,4%;
Жыл сайын Кедендік одағының қатысушыларымен сыртқы сауда айналым көлемін 2015 жылға дейін 10%-ға арттыру.
Әлеуметтік сала:
Халықтың білім сапасымен және қолжетімділігімен қанағатты оқуының деңгейі, 60% 2015 жылы;
Балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеумен қамту, 99% 2015 жылы;
Типтік жас шамасындағы (14-24 жас) жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі, 22,1% 2015 жылы;
2015 жылы халықтың медициналық қызмет сапасымен қанағаттануын 98,2% дейін ұлғайту;
2015 жылға қарай халықтың денсаулығының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін;
2015 жылға қарай жалпы өлім-жітімді 7,7 дейін төмендету;
Халық санының өсім/түсімі %;
Жұмыссыздық деңгейі, 2015 жылы – 5,1%;
Өмір сүру шегінен төмен табысы бар халық үлесі, 2015 жылы - 2,5%;
Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуды қажет ететін тұлғалардың жалпы санында), %, 2015 жылы – 90%;
2013 жылға мәдениет саласының қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі – 2015 жылға 77% (2009 жыл – 38%);
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, 2015 жылға – 72 %;
- Дене шынықтыру және спортпен айналысатын барлық жас дәрежедегі қамтылған халық санын жоғарлату 2015 жылда- 29%;
Туристік қызмет саласында қызмет көрсететін мекемелердің жиынтық табысын ұлғайту, 2015 жылы – 3%;
Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара әрекеттестігін оң бағалайтын тұрғындар саны 2015 жылға қарай 78% құрайды;
2015 жылы халықтың ішкі ітер органдарына болжамдық сенім үлесі 50 пайыздан кем емес (2009ж. – 50%);
Төтенше жағдайлардан адам және материалдық шығындарды төмендету, 1,5% 2015 жылы.
Инфрақұрылым:
Байланыс және коммуникациялар саласында қызметтердің сапасымен халықтың қанағаттануының деңгейі, %;
Құрылыс жұмыстарының физикалық көлемінің индексі, % алдыңғы жылға, 2015 ж. – 107%;
Ғимараттарды пайдалануға беру, жалпы ауданның ш.м. (2015ж. – 320 мың текше м.);
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының мөлшері, 75% 2015ж. (2009ж. – 60%);
Жүк айналымы көлемі, 2015 жылы – 9402 млн.тонна-км (2009 жыл – 4588,4 млн.тонна-км);
Жолаушылар тасымладу көлемі, 2015 жылы – 34672 млн.жолаушы-км (2009 жыл – 13 903 млн.жолаушы-км);
Коммуналдық қызметтер сапасымен тұтынушылардың қанағаттану деңгейі 2015 жылы 51,5%-дан кем емес (2009 ж. - 48,3%);
Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге халықтың қол жетімділік деңгейін ұлғайту, 72,5% 2015 ж.;
Жылумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайту, 78% 2015 жылы;
Халықты су бұру қызметімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайту, 55% 2015 жылы.
Ауылдық аумақтарды дамыту, экология:
Дамудың жоғары әлеуетіне ие ауылдық елді мекендердің саны;
Тірек ауылдық елді мекендердің (агроқалашықтар) саны;
2000 тонна шегінде зиянды заттарды жалпы тастауды төмендету (жыл сайын 2015 жылға дейін);
Орман жапқан мемлекеттік орман қоры алаңдарының аумағы 91920 га дейін 2015 жылы.
Мемлекеттік қызметтер:
Тұрғындардың әлеуметтік маңыздағы қызметтерін көрсету сапасына қанағаттандырылғаң деңгейі, 98% 2015 жылы;
Жергілікті атқарушы органдардың функцияларын (үдерістерін) автоматтандырудың орташа дәрежесі, 80% 2015 жылы.
|
Қаржыландырудың көзі және көлемі*
|
Қаржыландыру көздері: республикалық, жергілікті бюджет және инвесторлардың меншікті қаражаты.
Қаржыландыру көлемдеоі:
- 2011ж. – 84 746,01 млн. теңге:
- 2012ж. – 172 822,83млн. теңге:
- 2013ж. – 127 657,3 млн. теңге:
- 2014ж. – 151 698,48 млн. теңге:
- 2015ж. – 236 218,47 млн. теңге:
Барлығы: 773 203,09 млн. теңге.
|
*- 2011-2015 жылдарға арналған бюджетте қарастырылған қаржыландыру көздері мен көлемдері қаражат шегінде нақтылануы және өзгеруі мүмкін.
**- 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» балаларды мектепке дейінгі тәрбилену мен оқытуды қамтамасыз ету бойынша бағдарламаны іске асыру шеңберінде.
*** - Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамыту мемлкеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде.
**** - Нысаналы индикаторлар және көрсеткіштердің сандық мағыналары ҚР заңнамасына сәйкес қаржылық жылдарға республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау кезінде нақтылануы және өзгертілуі мүмкін.
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Өңірлердің позитивтік және келеңсіз жағдайын, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпал етуін бағалау
Қарағанды облысында экономиканың негізі тау-кен және өндіруші өнеркәсіп болып табылады, оларда өңірдің 46%-дан жалпы артық қосылған құны құрылады. Облыс өнеркәсібінің базалық салаларына өнеркәсіптік өндірістің 78,6% тиесілі, оның ішінде:
тау-кен металлургиялық кешені (қара және түсті, бағалы және сирек металлдар кенін өндіру, сондай-ақ қара және түсті металлургия және металл өңдеу) – 65,4%;
көмір өнеркәсібі – 6,2%;
жеңіл өнеркәсіп - 0,4%;
машина жасау – 4,1%;
химия өнеркәсібі – 1,7%;
фармацевтикалық өнеркәсіп – 0,04%;
бейметалл құрылыс материалдары өндірісі – 2,3%.
Қарағанды облысы өнеркәсібінің базалық салаларының бірқатар проблемалары бар, олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: дәстүрлі және ескірген технологиялардың басым болуы, негізгі өндірістік қорлардың баяу жаңаруы, инвестицияның жетіспеуі және кредиттік ресурстар бойынша пайыздық мөлшерлеменің жоғары болуы, ірі корпорациялардың аралас–кәсіпорындардан келетін инновацияларды енгізуге қызығушылығының бәсеңдігі, өңірлік, ең алдымен, ұлттық даму институттарының облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарын қолдауға белсенділігінің төмендігі.
Ауыл шаруашылығының мүмкіндігі облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сыртқы нарыққа экологиялық таза өнім шығаруға қабілетті. Ауыл шаруашылығында шаруашылықтардың ұсақтауарлығынан, жер телімдерінің аздығынан селекциялық асылдандыру шараларын кең көлемде жүргізуге және ғылыми негізделген егістік жер айналымының сақталуына, кең көлемде замануи жаңа технологияларды пайдалануға, өндіріс процестерін механикаландыруға және автоматтандыруға мумкіндік бермейді. Суару жүйесінің техникалық жағдайы нашар болғандықтан, жыртылған жерлерді ұтымсыз пайдаланылып, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі азайды. Ауыл шаруашылығы техникалырының 97 пайызы тозды, сол себепті еңбек өнімділігі төмендеп, өнімнің өзіндік құны көтеріліп, бәсекеге қабілеттілік деңгейі түсіп қалды.
Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау Комитетінің мәліметі бойынша 2012ж. 5022,9 млн. АҚШ долларын құрады. Экспорт көлемі 3844,3 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2010 жылға 93,5%. 2012ж. қорытындысы бойынша импорт көлемі 1,9%-ға артты және 1178,6 млн. АҚШ долларын құрады. Қарағанды облысынан сыртқа шығатын тауарлар құрылымы 2010 жылдан 2012 жылға дейін өзгерген жоқ, «металлдар және олардан жасалған бұйымдар», «минералды азықтар», «древесина, орман материалдары және целлюлоздық-қағаз бұйымдары» және «өзге де тауарлар» тобына экспорттық жүктеме артты. Қарағанды облысына сырттан келетін тауарлар құрылымы 2010-2012ж. айрықша өзгеріске ұшыраған жоқ, жақсы жағы азық-түлік тауарлары және өзге де тауарлар импортының азаю фактісі болды, ол жанама түрде азық-түлік тауарлары мен шикізат өндірісі деңгейіне әсер ететін салалардың жеткілікті түрде қарқынды дамуын көрсетеді.
2010-2012 жж. кезеңіне сыртқы тауар айналымының көрсеткіштері
млн. АҚШ долл.
Көрсеткіштер / жылдар
|
Жылдар:
|
2010-2012 жж. барлығы
|
Өсу қарқыны (%):
|
2009ж.
|
2010ж.
|
2011ж.
|
2012ж.
|
2010/
2009ж.
|
2011/
2010ж.
|
2012/
2011ж.
|
Сыртқы сауда айналымы,
оның ішінде:
|
5027,5
|
5270,3
|
6404,0
|
5022,9
|
16697,2
|
104,8
|
121,5
|
78,4
|
-Экспорт
|
3572,7
|
4113,5
|
5 300,6
|
3 844,3
|
13258,4
|
115,1
|
128,9
|
72,5
|
-Импорт
|
1454,8
|
1156,8
|
1103,4
|
1 178,6
|
3438,8
|
79,5
|
95,4
|
106,8
|
Сальдо
|
2117,9
|
2956,7
|
4197,2
|
2665,7
|
9819,6
|
139,6
|
142,0
|
63,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |