Бөлімінің атауы беті



бет8/12
Дата06.07.2018
өлшемі0,62 Mb.
#47793
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Индустриаландыру Картасы

Қазақстан Республикасы Президентінің 19.03.2010ж. №958 «Қазақстан Республикасының жылдамдатылған индустриалық – инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Жарлығына және ағымдағы жылдың 14 сәуірінде № 302 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Қарағанды облысының әкімшілігінің 2010 жылдың 7 маусымында №18/05 Қаулысымен бекітілген, өңірлік индустриаландыру Картасы әзірленді.

01.01.2012ж. жағдай бойынша облыстың индустриаландыру Картасы 5 690 жаңа жұмыс орындарын құрумен жалпы сомасы 275 млрд. 652,9 млн. теңгеге 49 инвестициялық жобалардан тұрады.

Олардың ішінен республикалық Картаға 12 жоба енгізілді (2 630 тұрақты жұмыс орындарын құрумен 223 млрд. 292 млн. теңге,) және өңірлік индустриаландыру Картасына - 37 жоба (3 060 тұрақты жұмыс орындарын құрумен 52 млрд.360,9 млн. теңге).

01.01.2013ж. жағдай бойынша облыстың индустриаландыру Картасына, 2012 жылдың екінші жарты жылдығының көкейкестілігін есепке ала отырып, 9 426 жаңа жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 404 млрд. 248,8 млн. теңгеге 66 жоба енгізілді.

2011 жылы индустриаландыру Картасы жобаларының саны 32 жобаға, 2012 жылы 17 жобаға ұлғайды.

Ашық өндірістерде индустриаландыру Картасының шеңберінде өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 87 млрд.теңгеге өндірілді: 2010-2012 жылдары 55,5 млрд. теңгеге.

Инвестициялық жобаларды индустриаландыру Картасының шеңберінде іске асыру Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымды әсер етеді.

Инвестицияларды кедергісіз тарту үшін даму институттарымен бірлесіп, тұрақты негізде одан әрі қызмет көрсету үшін инвесторларға «Кіру билетін» ұсынуда Қарағанды өңірінің Активтер қорын (Кепілдік қоры) құру жоспарлануда,.

Инвестициялық қызметтің жаңа бағыттарын дамыту шеңберінде «Сарыарқа» ӘКК Компаниясымен Дамудың Ислам Банкінің Тобымен бірлесіп, шағын және орта бизнестің өкілдерін одан әрі несиелеу, қос білім беруді дамыту, маркетингтік зерттеулерді жүргізу, өңірде жаңа технологияларды енгізу бойынша жобаларды қолдау және іске асыру үшін Қор құру жоспарлануда.

2010-2012 жылдар аралығында Қарағанды облысының экономикасына 787,9 млрд. теңге инвестицияланды. Оның ішінде инвестициялардың жалпы көлемінен 73,5% – жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың күрделі қаржы жұмсалымы, шетел инвестициялары – 4,5%, бюджеттік қаражаттар үлесі – 15,4%, қарыз қаражаттар - 6,6%.

2012 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 323,8 млрд. теңгені, немесе 2011 жылға 121,6% (253 млрд. теңге) құрады.

2010-2012 жылдардағы мәліметтермен салыстырғанда, негізгі капиталға инвестициялар көлемінің неғұрлым ұлғаюы қызметтің келесі түрлері бойынша байқалады: өнеркәсіп - 132,7%, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеу - 179,6%, құрылыс - 260,4%, көлік және қоймалау - 221,4%, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет 11 есеге, білім беру - 232,2%.

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көздері кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың меншікті қаражаттары болып табылады. Инвестициялардың жалпы көлемінде олардың үлес салмағы 74,6% құрады.

Негізгі капиталға облыстың шағын, орта және ірі кәсіпорындар инвестицияларының көпшілік бөлігі 2012 жылы өңдеу (35,9%), тау-кен өнеркәсібінде (15%), электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауаны тазарту (9,9%), «көлік және қоймалау», (11,3%), «жылжымайтын мүлік операциялары» қызмет түрі бойынша (6,4%) игерілді.

Проблемалық мәселелер:

- экономиканың шикізаттық емес секторының инвестициялық тартымдылығының жеткіліксіздігі (әкімшілік тосқауылдар, дамымаған көлік және коммуналдық инфрақұрылым, білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі, қазақстандық нарықтың төмен сыйымдылығы);

- шетелдегі отандық инвесторларды қолдау және қорғаудың жеткіліксіз дамуы;

- инвестицияларды салудың әлеуетті нарықтары және қазақстандық компаниялар үшін осы нарықтарға шығудың тәсілдері туралы жеткілікті ақпараттың жоқтығы.
Жергілікті қамтуды өркендету

Облыстың кәсіпорындарының өндірістік қуаттылығын ұлғайту, жұмыс орындарын сақтау мақсатында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қазақстандық қамтуын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Облыс әкімінің басшылығымен облыстың жүйе құраушы кәсіпорындарының қызметіндегі жергілікті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді талдау және мониторингілеу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Облыстың жүйе құраушы кәсіпорындарымен және ұлттық компаниялармен жыл сайын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің көлемдері мен номенклатурасы пысықталады, талап етілетін сапа өлшемдері және белгіленген талаптарға сай келетін жергілікті әлеуетті жабдықтаушылар анықталды.

Ірі кәсіпорындар мен ұлттық компаниялары бар жергілікті тауар өндірушілер үшін диалогтық алаңдар ұйымдастырылды.

2011 жылғы 25 ақпанда Қарағанды облысы әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС арасында қазақстандық қамтуды дамытудағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2011 жылғы 18 наурызда Қарағанды облысы әкімдігі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында ШОБ қолдау бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2012 жылғы 1 шілдеде Индустриализация күндері Қарағанды қаласында отандық жабдықтаушылар мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге «Өзара ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойылды.

Аталмыш кәсіпорындармен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу бойынша отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім-шарттар, шарттар жасалады.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі «Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 745 қаулысымен Қарағанды облысы бойынша қазақстандық құрамды мониторингіне 8 жүйе құраушы кәсіпорындар анықталды («АрселорМиттал Теміртау АҚ, «Корпорация Казақмыс» ЖШС, «Евразиан Фудс» АҚ, «Қарағанды конфеттері» АҚ, «Эфес Караганда пивоваренный завод» ЖК АҚ, «Централ Азия Цемент» АҚ, «Казцентрэлектропровод» ЖШС, «Карагандарезинотехника» ЖШС).

2011 жылға осы компаниялар жалпы сомасы 463 млрд. 223 млн. теңгеге сатып алулар жүргізілді, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қазақстандық қамтуы 96 млрд. 453 млн. теңгені немесе 20,8% құрады.

2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың осы жүйе құраушы кәсіпорындары 450 млрд. теңгеге сатып алулар жүргізді, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қазақстандық қамтуы 54,2% немесе 244 млрд. теңге құрады.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, қазақстандық қамту үлесі 33,4 пайыздық тармаққа өсті.

Бұдан басқа, жүйе құраушы кәсіпорындардың 89 ірі кәсіпорындары бойынша сатып алулар мониторингісі жүргізіледі.

Аталмыш кәсіпорындармен 2012 жылы жалпы сомасы 128,4 млрд. теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынды, оның ішінде отандық тауар өндірушілерден сомасы 92,3 млрд. теңге немесе қазақстандық қамтудың 71,9%.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың қазақстандық қамту үлесі 0,5 пайыздық тармаққа өсті .

Облыстың Сауда-өнеркәсіп палатасымен тауар өндірушілерді сертификациялау бойынша жұмыс ұйымдастырылды, нәтижесінде облыстың 737 кәсіпорындары СТ-КZ сертификаттарын алды.

Бұдан басқа, 2012 жылға Қарағанды облысының тауар өндірушілерімен жалпы сомасы 58,1 млрд. теңгеге өнім жеткізуге Ұлттық компаниялармен 5204 шарттар жасалды.

Өткен жылмен салыстырғанда, өсім 20,0 млрд. теңгені құрады.

Біздің облыстың тауар өндірушілерімен жасалған шарттар санының көбі келесі ұлттық компанияларға келеді:


  • «КТЖ» АҚ (сомасы 28,9 млрд. теңгеге 2254 шарттар),

  • «Самрук-Энерго» АҚ (сомасы 10,9 млрд. теңгеге 489 шарттар),

  • «Казахтелеком» АҚ (сомасы 7,1 млрд. теңгеге 1264 шарттар).

Жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін жылжыту үшін наразылық қатары жүргізілді, оның ішінде «Қарағанды кәмпиттері» АҚ, онда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС және кәсіподақтар өкілдері қатысты. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кәсіподағымен сомасы 85 млн. теңгеге шарт жасалды.

Жүйе құраушы кәсіпорындардан бейінді емес өндірістерді шығару бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Аутсорсинг нәтижесінде «АрселорМиттал Темиртау» АҚ 4000 жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 5 кәсіпорын шығарылды. «АрселорМиттал Темиртау» АҚ аталмыш кәсіпорындарда сомасы 8,6 млрд. теңгеге тапсырыстар орналастырды.

«Корпорация «Казахмыс» ЖШС аутсорсингке 5 кәсіпорын шығарылды. Аутсорсинг арқылы - 1895 жаңа жұмыс орындары құрылды.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бастамашылығы бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің жергілікті жабдықтаушылармен тығыз ынтымақтастық үшін Балқаш және Жезқазған өңірлерінде Кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер Ассоциациялары құрылды. Қазіргі уақытта оларда 116 қатысушылар бар, оның ішінде 38 кәсіпорын – тауар өндірушілер, оларда 4 978 қызметкерлер жұмыс істейді.

Қатысушыларға көрсетілген қолдаудың жалпы сомасы 150 млн. астам теңгені құрады, қалған қатысушылармен ұзақ мерзімді шарттар жасалды. Ассоциация қатысушыларында сатып алулар тікелей жүргізіледі, ынтымақтастық кезеңінде корпорация Ассоциацияның қатысушыларымен 3 млрд. теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша 418 шарттар жасады.
Агроөнеркәсіптік кешен

Аймақта жоғары сапалы астық, картоп, мал шаруашылығы өнімдерін өндіреді. Облыстың халқы аймақтың ішкі өндірісі есебінен бидай, картоп, қызылша, ет, жұмыртқа, сүт өнімдері түрлерімен толықтай қамтамасыз етілген.

Облыста 6 мыңнан аса ауыл шаруашылығы құрылымдары және 125 жуық жеке қосалқы шаруашылықтар жұмыс істейді. Олармен республиканың 5,7 пайызға жуық ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Яғни, бұл мемлекет тарапынан және «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ институттары тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасы.

Техникалық жаңғырту және шаруашылықтарды ірілендіру, өнімді қайта өңдеу сатысын арттыру, қосалқы шаруашылықтарды құру негізінде осы сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру басты міндеттің кілті болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты ет, сүт, жұмыртқа, астық, картоп және көкөніс өндірісі болып табылады. Облыс аумағында мал шаруашылығы өнімінің өндірісі басым, мал шаруашылығының үлесі 2010 жылдан 2012 жылға дейін 0,3 пайызға төмендеп, 63,8 пайызды құрады. Соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 36,5 пайызға өсіп, 2012 жылы 114,1 млрд.теңгені құрады, физикалық көлем индексі – 95,8 пайыз. Өсімдік шаруашылығы – 36,4 пайыз, мал шаруашылығы – 63,6 пайыз.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде Бұқар жырау, Абай, Нұра, Қарқаралы және Осакаров аудандарының үлесі басым, ал Ақтоғай, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының үлесі аз.



Өсімдік шаруашылығы. Облыста өсімдік шаруашылығы саласында өндірістік әлеует сақталды. Табиғи-климаттық жағдайлар ауыл шаруашылығы дақылдарының тиімді сорттарын өндіруге мүмкіндік береді. Агродақылдардың деңгейін арттыру, өсімдікті өңдеудің заманауи технологияларын, яғни түсімділікті 1,5 есе арттыратын (2010 жылы 58 пайыз) ылғалқорүнемдеу технологиясын қолдану басты міндет болып табылады.

Астықтың тұқымдық қорын жақсартудың маңызы зор.

Өсімдік шаруашылығында маманданудадың негізі – астық өндірісі, оның ішінде бидай, арпа. 2012 жылы астықтың егістік алқабы 666,5 мың гектарды құрады, яғни 2010 жылға қарағанда 86,5 мың гектарға кеміді. Астық өндірумен аудандардың барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері айналысады, негізгі егістік алқаптар Нұра ауданында (облыстың 30,4 пайызын құрайды), Осакаров (34,7 пайызын), Бұқар жырау ауданында (17,3 пайызын).

Картоп және көкөніс дақылдарының алқаптары 2012 жылы 15,8 мың гектарды құрады, 2010 жылға қарағанда 1,0 мың гектарға көбейді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 349,4 мың тонна картоп және көкөніс дақылдары өндірілді, 2010 жылға қарағанда 51,6 мың тоннаға артты. Картоп өндірумен облысымызда Абай (32,6%), Бұқар жырау (21,7%), Шет (7,8%) аудандарының шаруа қожалықтары айналысады. Облыста басты өсірілетін көкөніс дақыдары – сәбіз, қызылша, қырыққабат. Олардың үлесі – 75 пайыз. Көкөніс алқаптары Бұқар жырау (13,8%), Абай (31%), Осакаров (3,4%), Шет (1,4%) аудандарында шоғырланған.

2011 жылы облыста 3 гектарлық жылыжайдың құрылысы аяқталды.

2012 жылы сиымдылығы 8 тонна болатын көкөніс қоймасы «АстраАгро» ЖШС іске қосылды.

2012 жылы 2 мың га алқапта арам шөптер мен өсімдік ауруларына қарсы гирбицидтермен өңдеу жүргізілді, 3389 тонна көлемінде минерлады тыңайтқыштар сатылып алынды.

2012 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінде өндірістік заманауи технологиялары мен техникасын енгізген ірі агроөнеркәсіп өндірістерін дамытуға қолдаулар көрсетілді. Осының арқасында 2012 жылы егістік алқаптарының 100 пайызына сорттық тұқымдар себілді. Облыста 14 тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылық бар. Олар бидайдың «Карагандинская 22», «Карагандинская 70» жоғары өнімді тұқым түрлерінің өндірісін енгізді. Облыста 2 соны тұқымын өндіруші, 3 элиталық тұқым өндіруші және 14 ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді тұқымын өндіру бойынша 14 шаруашылық жұмыс істейді.



Саланы механикаландыру. Машина-трактор паркін жаңарту бойынша мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы 3 жылда (2010-2012 ж.ж.) ауыл шаруашылығы техникаларының 1043 бірлігі сатылып алынды, оның ішінде 72 егістік кешені, әр түрлі 324 трактор және 171 жоғары өнім беретін комбайн. Шетелден шығарылған техникаларды пайдалану арқылы энергиямен қамтамасыз ету 2010 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артты.

Заманауи инновациялық технологияларды қолдану. Тамшылатып суару алқабы 230 гектарды құрайды. Астық өндіретін ылғалқорүнемдеу технологиясын енгізген алқап 440 мың гектарды құрайды.

Қарағанды облысы жағдайында картоп тұқымына биотехнологиялық әдісті вируссыздық негізін пайдалану арқылы инновациялық жобаны Абай ауданында «АстраАгро» ЖШС іске асыру жоспарланып отыр және отандық селекциялы картоптың тұқымын болашақта дамыту, яғни жоба іске асса картоп түсімі 40-45 пайызға артады. Табиғи-климаттық жағдайларды есере отырып, жылыжай құрылысын салу артық болмас еді.



Өсімдікті карантині және қорғау. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға халықаралық талаптарға сәйкес жалпы 43,9 млн.теңге бөлінді, зинкестердің, өсімдік аурулары мен арам шөптердің ошақтарын табу, таратпау және жою үшін 7,4 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау базасы нығаюда. Бүгінгі күні облыста жалпы сыйымдылығы 143,4 мың тонна 110 картоп және көкөніс қоймалары бар. Оның ішінде, істеп тұрған қоймалар, 2012 жылы 2 көкөніс қоймасы іске қосылды, жалпы сиымдылығы 9,1 мың тонналық және 7,2 мың тонналық 7 қойма қайта жөндеуден өткізілді.

2012 жылы өсімдік шаруашылығын дамытуға 1272,1 млн.теңге көлемінде бюджеттік қаражат бөлінді, яғни 10023 тонна 1 репродукциялы тұқымының көлемін 30-40 пайызға арзандатылды, 1236 тонна картоп және 71 тонна көп жылдық шөп, 167 тонна шамасында гербициттерді және 3389 тонна минералдық тыңайтқыштар алынды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін прогрессивті технологиялар енгізіліп жатыр. Олар: ылғалқорүнемдеу және тамшылатып суару технологиялары. 2012 жылы 428,8 мың га алқапқа қолданылды. Тамшылатып суару әдісі 2012 жылы 80 га алқапта қолданылды.



Мал шаруашылығы. Қарағанды облысы мал шаруашылығында ет, сүт, жұмыртқа және жүн өндірісінде мамандандырылған. Соңғы 25 жыл ішінде аймақта мал басының барлық түрі азайып, сүзілмеген сүт өнімдерінің өндірісі азайды.

Сол жылдары аймағымызда мал шаруашылығының қайта дамуына арналған жерлердің 80 пайызы жайылымдық жерлер болды. Ет және сүт өнімдеріне сұраныс көп болғандықтан мал басыныңы барлық түрлерін қайта көбею үшін мақсатты жұмыстар жүргізілді. Ет өнімдерін қайта өңдеу үшін ет комбинатын жаңғырту жоспарлануда. Құс шаруашылығын қайта дамуына жоспарланып отырған, яғни қайта құру мен жаңадан салынатын бройлерлік құс фабрикаларының құрылыстары сияқты инвестициялық жобалар салыну жоспарлануда.

Ветеринария саласында мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Облыс бойынша 244 ветеринариялық мамандар қажет,соның 41 бірлігі бос орындар, немесе 17 пайыз, сонымен қатар жұмыс істейтін мамандардың көбісі «үлкен жаста». Айтылған мәселені ветеринариялық мамандармен толық қамтамасыз етіп және ауылда жұмыс істеуге толық жағдай жасалу керек.

Мал шаруашылығы негізінен ет және сүт мал шаруашылығымен, өнеркәсіпті құс және шошқа шаруашылығымен сипатталады.

Мал шаруашылығының негізгі өнімдерінің өндірісі бойынша және мал басныңы саны бойынша бірқатар тұрақты өсуде. 2010 жылға қарағанада жылқы 24,5 пайызға (185,2 мың басқа), құс саны 30,4 пайызға (3 млн. басқа). Ірі қара малдың басы (59,7 пайызға), қой мен ешкі саны- (37,4 пайызға) және жылқы- (41,9 пайызға) үй шаруашылығында шоғырланған, құс (84,7 пайызға) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында. Ірі қара малдың басының, құстың, жылқының басы бойынша облыс республикада үшінші орында, қой мен ешкі саны бойынша алтыншы орында.

Облыс бойынша 41 асыл тұқымды шаруашылықтар жұмыс істейді. Олардың 18 ірі қара мал, 12 қой, яғни оның ішінде 6 зауыт, жылқы 3 (оның 1 асыл тұқымды зауыт), шошқа 2, (оның 1 зауыт), құстан 2 шаруашылық.

Асыл тұқымды субъектілерде ірі қара малдың басы 4031 немесе жалпы мал басынан үлес салмағы 1,0%, қой саны – 55632 мың бас (6,0%), 21463 мың шошқа саны – 28%, 2700 мың жылқы саны – 2,0%, және құс саны 116756 немесе 4,0 %.

Сүт бағытындағы негізгі тұқымдардың бірі– Қырдың қызыл тұқымы (красная степная), ет бағытында – Қазақтың ақ бас тұқымы, Әулиекөл тұқымы, қой шаруашылығында – Қазақтың қылшық жүнді тұқымы, Дегересс, Едільбай, Сарыарка, Қазақтың құйрықты, жылқы шаруашылығында – Қазақтың «Жабе» типі, Мұғалжар, шошқадан ірі ақ тұқымы, құс шаруашылығынан – Хайсекс белый, Росс 308.

Бес жыл ішінде сүт өндірісі 1,1 пайызға өсіп, немесе 357,9 мың тоннаны құрады, жұмыртқа 2 есеге (468,5 млн. дана). Мал шаруашылығының негізгі үлестері Бұхар Жырау, Каркаралы, Нұра, Шет және Жанаарка аудандарында.

Облысымыз ауыл шаруашылығы малдарының аса қауіпті жұқпалы аурулармен сәттілік жағдайда.

Ветеринариялық –профилактикалық шаралар жиі жүргізіледі.

Бруцеллез бойынша эпизоотиялық шараларды қаматамасыз ету үшін биыл 343 мың ірі қара мал басы және 771,9 мың ұсақ қара мал басы зерттелді, жұқтырылғандар пайызы сәйкесінше 1,0 және 0,06%.

Облысымздаға барлық құс фабрикалары жабық режимде жұмыс атқарады, яғни құс тұмауы тіркелмеген.

Ет өнімдерінің сапасын көтеру мақсатында, сойылатын салдарға ветеринариялық талаптар қатаң бақылауға алынды және мал сою алаңдары мен бекеттері жұмыс атқарады. Облыс бойынша 184 мал сою объектілері жұмыс істеуде, оның ішінде 6 етті қайта өңдеу кәсіпорындарында мал сою пунктерімен бірге, 13 мал сою пункті.

Облыс бойынша мал қорымдары 106.

Қазіргі уақытта азық базасының негізін жайылымдық жерлер, шабындық және алаңдық азықтандыру құрайды. Облыс бойынша жайылымдық жерлер 33496,2 мың га, шабындық – 382,4 мың. га, көпжылдық шөптер – 239,4 мың. га, бір жылдық – 15,1 мың. га. 2012 жылы 996,9 мың тонна шөп, оның ішінде көпжылдық шөп 106,3 мың тонна.



Өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу. Бүгінгі күні қайта өңдеу өнеркәсібі облыстың тамақ өнеркәсібі дамуының маңызды құрамдасы болып табылады. Қайта өңдеу өнеркәсібі дамуының басты катализаторы ретінде жаңа цехтар, технологияларды енгізу, экспортқа бағытталған өнім шығару болып табылады. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін цехтардың негізгі үлесін өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар құрайды.

Облыста өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін негізгі, тұрақты жұмыс істейтін жалпы қуаттылығы жылына 786 мың тоннадан астам бидайды қайта өңдейтін 19 ұн өндірумен айналысатын кәсіпорын бар. Олардың бір бөлігі маусымдық түрде қызмет етеді. Кәсіпорындар негізінен Қарағанды қаласында, 1 – Бұқар жырау ауданында, 1-Осакаров ауданында орналасқан. Бидай Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен сатып алынады.

2012 жылы олармен 254,6 мың тонна ұн өндіріліп, қуаттылықтарының орташа қамтамасыз етілу деңгейі 85%-ды құрады. Кәсіпорындар жоғары, 1- және 2 сортты ұн шығарады. Өткізу нарығы – Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және алыс шетел. Бидай өңдеу кәсіпорындарының өнімі бәсекеге қабілетті болып келеді. В 2012 году ими произведено 254,6 тыс. тонн муки. Уровень загруженности мощностей в 2012 году в среднем Предприятия производят муку высшего, 1-го и 2-го сортов. Рынок сбыта – Республика Казахстан, страны СНГи дальнее зарубежье. Продукция зерноперерабатывающих предприятий конкурентоспособна.

Бидайды терең өңдеумен облыста 2 орташа және бірнеше шағын кәсіпорындар айналысады. Олар 2012 жылы 1,8 мың тонна макарон бұйымдарын өндірді. Аталмыш кәсіпорындарда жаңа заманауи құрал жабдықтар орнатылған.

Облыста 136 наубайхана жұмыс істейді және 2012 жылы олар 37,4 мың тонна нан өнімдерін өндірді.

Сонымен қатар, «Номад» ЖШС ұн өндіру кәсіпорынының базасында «Бидайды терең қайта өңдеуді ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылуда. Онда жылына 5443 тонна құрғақ бидай клейковинасын, 17903 тонна құрғақ жем-шөп қосындысы өндірілетін болады.

Өсімдік шаруашылығының қайта өңделген өнімінің бәсекеқабілеттілігі жоғары тұтынушылық сұраныспен, заманауи технология мен құрал-жабдықтармен, кадрларды дайындаумен, дамыған маркетингтікинфрақұрылыммен, қолданылатын шикізаттың экологиялық тазалығымен, өндіріске ИСО 9001, ИСО -22000 халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін (ТОО «Корпорация Караганды-Нан», ТОО «Карагандинский мелькомбинат», АО «Хлебопродукты», ТОО «Сарыарка Нан» и ТОО «Карагандинская хлебная компания», ТОО фирма «Акнар», ТОО «Номад», ТОО «Ынтымак 2030», ТПК «Достык») басқару жүйесін енгізумен және шығарылатын өнімге бәсекеқабілетті бағаның болуымен байланысты.

Мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу. Облыс тұрғындары үшін мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу дәстүрлі қызмет болып табылады.

Сүтті өңдеумен 7 орта және шағын кәсіпорындар айналысады, жылына толық қуатпен 35 мың тонна сүт шығарады, олар Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалалары мен Бұқар жырау аудандарында орналасқан. 2012 жылы 8,2 мың тонна сүт өндірілген, май 229 тонна, ірімшік пен сүзбе 1,4 тонна. Жұмыс деңгейінің қуаты 2012 жылы 50 пайыздан 100 пайызға дейінгі көрсеткішті құрды. Шикізат дайындау облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мекемелерінде жүзеге асырылады. Сүт өнімдерінің түрлері, шұжықты ірімшік және «Сулгуни» ірімшігі Қарағанды облысында және аз мөлшерде Астана қаласында сатылады. 6 кәсіпорынға ИСО және ХАССП сапа менеджменті жүйелері енгізілген.

Ет пен шұжық өнімдерін қайта өңдеумен және сүрлеумен 19 кәсіпорын айналысады, бір тәуліктегі шұжық өнімдерін шығарудың жалпы қуаттылығы 35 тонна.

Кәсіпорындар Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Саран, Шахтинск, Сатбаев қалаларында және Бұқар жырау ауданында орналасқан. 2012 жылдың ішінде олармен 3 мың тонна шұжық өнімдері мен қақталған өнімдерінің түрлері, ет және субөнім – 1,1 мың тонна өндірілген. Кәсіпорынның ісбастылығы 2012 жылы 60 пайыздық көрсеткішті көрсетті. Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен және Қазақстанның басқа да аймақтарынан шикізат сатылып алынады. Өнім Қарағанды аймағында, Астана, Алматы қалаларында сатылады.

ИСО 9001 және ХАССП 22000 сапа менеджменті жүйелерін етті қайта өңдеу кәсіпорындарына енгізу өндірілген өнімнің бәсекелестігін арттыруға септігін тигізеді («Ақнар ҚФ» ЖШС, «А-Алтын» ЖШС, ЖК «Дәулетбаева», «Агрофирма Құрма» ЖШС, «Нәтиже сүт фабрикасы» ЖШС, «Балқаш Сүт» ЖШС, «Жезқазған Сүт иК», «Орталық Құс»ЖШС, «Аян м»ЖШС, «Медео» ПКФ ЖШС, «Сомер 2» ШҚ, «Рен Милк» ЖШС және т.б.

Құс етін өңдеумен облыста «Акнар ПФ» ЖШС жылына 7,2 мың тонна қуатпен шұғылданады, ісбастылық – 90 пайыз, сондай-ақ құрама жемді өңдеумен айналысады, өндірістік қуаты тәулігіне 200 тонна.

Ауыл шаруашылығын дамытудың басты проблемалары:


  • өсімдік шаруашылығындағы бытыраңқылық және жер үлесінің шағын болуы ғылыми-негізделген егіс айналымын сақтауға, заманауи технологияларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік бермейді;

  • суару жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлауы суарылатын егістік жерлердің тиімсіз пайдаланылуына және ауыл шаруашылығы дақылдары түсімінің азаюына әкеліп соқты;

  • ауыл шаруашылығы техникаларының 97,3 пайызы тозған;

  • мал шаруашылығында орта және ірі тауарлы өндірістердің дамуы жеткіліксіз;

  • ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық жабдықтары тозған, сапалы шикізаттың жоқтығынан және дайындау-өткізу желілері нашар дамығандықтан жұмыс қуаттылығы төмен.


Құрылыс

«Құрылыс» экономикалық қызмет түрімен 3 жылда 8374 ірі, орта және кіші ұйымдар тіркелген, оның ішінде:



  • 2010 жылы «Құрылыс» экономикалық қызмет түрімен 2628 ірі, орта және кіші ұйымдар тіркелген. Оның ішінде 2010 жылы 2203 кәсіпорын (83,8%) жұмыс жасады, 495 (18,9%) уақытша бос тұрды. 1 жыл ішінде 1479 ұйымға көбірек тіркелген немесе 2009 жылға 129% құрайды. Соңғы жылдары облыстық орталықта құрылыс белсенді жүргізіліп жатыр, 2010 жылы Қарағанды қаласында 34,4% мердігерлік жұмыстар болды.

  • 2011 жылы «Құрылыс» экономикалық қызмет түрімен 2814 ірі, орта және кіші ұйымдар тіркелген. 2011 жыл ішінде 2010 жылға қарағанда 7 % көбірек тіркелген. Оның ішінде 2011 жылы 2014 кәсіпорын (71,6%) жұмыс жасады, 865 (30,7%) уақытша бос тұрды. Соңғы жылдары облыстық орталықта құрылыс белсенді жүргізіліп жатыр, 2011 жылы Қарағанды қаласында 45,7% мердігерлік жұмыстар болды.

  • 2012 жылы «Құрылыс» экономикалық қызмет түрімен 2932 ірі, орта және кіші ұйымдар тіркелген. Оның ішінде 2012 жылы 1895 кәсіпорын (64,6%) жұмыс жасады, 978 (33,4%) уақытша бос тұрды. 2012 жыл ішінде 118 ұйымға немесе 4% көбірек тіркелген немесе 2010 жылға 11,2% құрайды. Соңғы жылдары облыстық орталықта құрылыс белсенді жүргізіліп жатыр, 2012 жылы Қарағанды қаласында 39,1% мердігерлік жұмыстар болды.

2010 жылдың қорытындысы бойынша 231 мың ш.м. тұрғын үй іске қосылды, оның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен: кредиттерді қайта пайдалану есебінен кредиттік тұрғын үй – 23,1 мың м2 (1415 млн.теңге); мемлекеттік жалдамалы тұрғын үй – 15,1 мың м2 (820 млн.теңге).

Сондай-ақ, жеке инвестиция есебінен құрылыс: коммерциялық тұрғын үй – 22,8 мың м2; жеке тұрғын үй құрылысы – 156,4 мың м2және тұрғын үйді қалпына келтіру және қайта жаңарту есебінен – 13,9 мың м2.

2011 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді іске қосу жоспары – 248,8 мың м2. 2011 жылдың қорытындысы бойынша Облыста тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысында – 257,2 мың ш.м. тұрғын үй іске қосылды немесе жоспарға 103% немесе 2010 жылдың фактісіне 111%.

Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аяқталды. Қарағанды облысының бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша үш жылдың ішінде – 1 млн. 207 мың ш.м. тұрғын үй іске қосылды және ҚР Үкіметінің жоспарына 132% (Мембағдарлама бойынша жоспар – 917 мың ш.м.) және Тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мембағдарламаның көлеміне 116%.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы бекітілді, осыған сәйкес қарағанды облысы бойынша 2012 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 269,3 мың м2 тұрғын үй іске қосылды. Тұрғын үйді салу және іске қосу жоспарланған: 2013 жылы – 285,9 мың м2, 2014 жылы – 310,0 мың м2, 2015 жылы – 320,0 мың м2, 2016 жылы – 335,3 мың м2.
Құрылыстың негізгі мәселелері.

Құрылыс саласын тұрақты қалыптастыру үшін құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрылымдарының өндірісін дамыту, құрылыс индустриясын жоғары технология мен халықаралық стандарттардың сапасына ауыстыру қажет. Құрылыс индустриясын дамыту және отандық құрылыс материалдарын шығарудан қалуды әзірше жеңген жоқпыз. Құрылыс материалдарының көп бөлігін басқа жақтардан әкеледі, бұл құрылыстың қымбаттауына әкеледі.


Шағын және орта кәсіпкерлік

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай боййынша облыста шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 51710 брл. құрады, оның ішінде – 5297 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары ( жалпы санынан 10,2%), 41190 – жеке кәсіпкер (79,7%) және 5223 шаруа (фермерлік) шаруашылық (10,1%).

Шағын және орта бизнеске қамтылғандырдың жалпы саны 198,7 мың адамды құрады, ол өткен жылдан 2,6%-ға жоғары (193,9 мың адам) және экономикалық белсенді халықтың 26,8%.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өндірген өнім, жұмыс, қызметтің жалпы көлемі 473,1 млрд. тенгені құрады.

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау және дамыту болады.

Бағдарлама Қазақстанды 2014 жылға дейін үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл ретте, екпін дағдарыстан кейінгі дамуға, жаңа тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және ашуға түседі.

Оның басты мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу

«Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асырудың басынан бастап бағдарлама шеңберінде сомасы 64 млрд.теңгеге 304 өтінім мақұлданды.

Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға ӨҮК-мен 57,9 млрд. теңгеге 247 жоба мақұлданды.

Несиелерді жарым-жартылай кепілдендіру бойынша кепілдіктер сомасы 1,2 млрд. теңгеге 17 жоба мақұлданды.

Жетпейтін индустриалды инфрақұрылымды жеткізуге одобрено ӨҮК-мен 4,8 млрд. теңгеге 40 жоба мақұлданды.

2012 жылдың 27 қаңтарында «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру басталды.

Бағдарлама «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы 2020», Жұмыспен қамту 2020 және басқа да бағдарламалардың шеңберінде шараларды көп бейінді қалаларға (бұдан әрі - моноқалалар) шоғырландыра және толықтыра отырып, елдің дағдарыс жағдайында ұзақ мерзімді негізде өңірлерді дамытуды мемлекеттік қолдау бойынша шаралардың логикалық жалғасы болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты – орта және ұзақ мерзімді келешекте моноқалалардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамыту болып табылады.

«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» (бұдан әрі - бағдарлама) екінші бағытының шеңберінде - Экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту ағымдағы жылы сомасы 1742 млн. теңгеге 36 жоба қолданды.

Пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға сомасы 1617 млн. теңгеге 16 жоба мақұлданды, онда 294 жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

70,7 млн. теңге сомасында жетпейтін инфрақұрылымды жеткізу Индустриаландыру картасының 2 жобасына мақұлданды, онда 160 жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Жүргізілген талдауға сәйкес шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын тежейтін проблемалар қатарын байқауға болады:

Облыстың жеке өңірлерінде несиелерді алуда екінші деңгейдегі банктерде проблемалар қалуда (кепілзаттық мүліктің өтімсіздігі, облыстық орталықтан шалғайлығы, жоғары пайыздық мөлшерлемелер).

Материалдық құндылықтарды міндетті сақтандыру туралы заңнамалық акті қабылдау қажет (өндірістік өнімдер, шығарылатын тауарлар және т.б.).


Сауда

Сауда экономикалық қызметтің маңызды салаларының бірі болып табылады. Облыста 2013ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша сауда қызметін 8682 нысан іске асырады, оның ішінде 7076 сауда нысаны, 1502 қоғамдық тамақтану орындары, 57 сауда базарлары, 43 әлеуметтік (коммуналдық) павильондар, 4 коммуналдық базарлар.

2010-2012 жылдар аралығында бөлшек сауда айналымы 1,3 есеге, көтерме сауда айналымы 1,2 есеге артты. 2012 жылы бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 445,4 млрд.теңгені құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға артты.

2012 жылы сауда саласында жұмыспен қамтылғандар саны 122,5 мың адамды құрады, жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан 16,5%.

2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жеке сауда айналымының жалпы көлемі 349,8 млрд.теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% артты.

Жеке сауда айналымының негізгі көлемін базарларда жеке сауда қызметпен айналысатын жеке тұлғалар және сататын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олармен 219,8 млрд.теңгеге ( жеке сауда айналымының жалпы көлемінен 62,8%) тауарлар іске асырылды, оның ішінде базарларда іске асыру көлемі 66,0 млрд.теңгені құрады. Сауда кәсіпорындарының (заңды тұлғалар) тауар айналымы 130,0 млрд.теңгені құрады.

Облыстың көтерме сауда базарында жыл басынан 518,5 млрд. теңгеге тауар сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4% жоғары (тұрақты бағаларда). Іске асырылған өнімдердің негізгі көлемі заңды тұлғаларға келеді – 498,6 млрд. теңге (96,2%). Жеке кәсіпкерлермен 19,9 млрд. теңгеге (3,8%) тауар өндірілді.

Қоғамдық тамақтану қызметінің көлемі 2013 жылдың 9 айына сомасы 9,0 млрд. теңгеге қалыптасты және 2012 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға өсті.

Қарағанды қ. дамыған сауда желісімен 34 супермаркет қызмет етеді және облыста өндірілмейтін азық-түлік тауарларын (жарма, қант, күнбағыс майы, тұз, шай, сыр) 24 көтерме жабдықтаушы. Айрықша ірі супермаркеттер: «Южный», «Юма», «Рамстор», «Аян», «Корзина», «Магнум», «METRO».

Сауда айналымын арттыру және облыс халқын жергілікті тауар өндірушілердің ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін облыс қалаларында жәрмеңке өткізіледі. Мәселен, 2013 жылдың 9 айында 258 жәрмеңке өткізілді, оларда жалпы сомасы 638,9 млн. тенгеге нарықтағыдан 10-15%-ға төмен бағамен ауыл шаруашылық өнімдері сатылды.

Облыста азық-түлік тауарларының тұтынушы нарығында 38 азық-түлік және әмбебап сауда базарлары қызметін жүзеге асырады. Облыста Қарағанды қ., Сәтпаев қ., Қаражал қ. және Жаңаарқа ауданында 4 коммуналдық базар құрылды. Бұл өнімдерді коммуналдық базарларда меншікті базарларға қарағанда 10-15% төмен бағамен іске асыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, сауда базарларында және ірі дүкендерде жеңілдік жағдайларда саяжайлық өнімдерді іске асыру үшін орындар беріледі, облыс бойынша барлығы 800 осындай орын беріледі.

Проблемалық мәселелер:

- сауда қызметін реттеу саласында әлсіз заңнамалық қамтамасыз ету;

- сауда базарларында көлеңкелі айналымның жоғары деңгейі;

- ішкі сауда инфрақұрылымын дамытудың төмен деңгейі (заманауи көлік-логистикалық орталықтардың жоқтығы).

Шешу жолдары:

- сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда базарларының қызметі бойынша;

- сауда базарларын стандарттарға сәйкес келтіру бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

- заманауи көлік-логистикалық орталықтың құрылысын аяқтау.


Өңірдің экологиялық мәселелері

Қарағанды облысының жеткілікті дамыған өнеркәсібінің салдары қоршаған ортаға жоғары антропогенді әсері болып табылады. Қарағанды облысыныңнегізгі экологиялық проблемалары мыналар:



  • Қарағанды қаласында қоқыс өңдіретін зауыт болмағандықтан қатты тұрмыс қалдықтарын жою мәселелері;

  • облыстың елді мекендерінде қатты тұрмыс қалдықтарының проблемалары (ұйымдастырылмаған үйінділерді көму);

  • көмір өндіретінбірқатар кәсіпорындарды жою нәтижесінде иесіз қалған және «Карагандаликвидшахт» РМБК аумағындағы шұрайландырылатындарға кірмеген бұзылған жерлерді шұрайландыру мәселесі;

  • улы қалдықтарды көму үшін полигонның болмауына байланысты улы қалдықтарды әкету және қауіпсіз сақтау мәселелері;

  • Қарағанды қаласының ағын суларын тазалау жөніндегі барлық тазалау ғимараттары кешенінің тиімсіздігі;

  • Шахтинск қаласының тазалау ғимараттарын қайта құру;

  • Балқаш, Приозерск қалаларында тазалау ғимараттарының болмауы;

  • облыстың елді мекендерінде тазалау ғимараттары мен кәріз жүйесін қалпына келтіру және қайта құру;

  • --2004 жылы бұрынғы Балқаш-9 әскери нысанында табылған конденсаторларды әкету және жою, сондай-ақ нысан аумағын, Балқаш көлін және РЛС-1 «Дарьял-У» радиолокациялық станциясының ғимаратын полихлордифенилмен және хлорорганикалық пестицидмен ластану қатері мәселесі.

Қарағанды облысы бойынша ауаға ластанған заттарды жалпы тасталуы көп болып отыр, бірақ та соңғы жылдары ауаға ластанатын заттарды шығару көлемін азайту бойынша оң динамика байқалады. 2012 жылы зиянды қалдықтарды жалпы шығару 2010 жылмен салыстырғанда 49 мың тонна (немесе 19,7%) төмендеді. Жалпы тастандыларды шығарудың төмендеуі жаңа технологиялардың енгізілуіне, сондай-ақ«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ сияқты облыстың ірі өнеркәсіп орындарының табиғат қорғау шараларын орындауына байланысты болып отыр.

3 жылда орман дақылдарын отырғызу көлемі 330 га артты, 2010 жылмен салыстырғанда өсім 1,3 есе, отырғызылған дақылдардың сақталуы 100 % құрады. Ормандарды өрттен сақтау және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында кейінгі 3 жылда алдын-алу шаралары– 13197 км көлемде минералданған жолақтарды күтуөткізілді, өсім 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе. 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда орташа орман өрті алқабын 12,1 га кемітуге қол жетті.

Қарағанды облысында қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) типтік полигоны болмауы және селолық округтердегі ҚТҚ полигондарын жасау және жобалық-рұқсат құжаттамаларын алу бөлігінде бар полигондарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендіру мәселесі бар. Барлығы 213 ҚТҚ полигоны бар, олардың тек 10-ы ғана заңдастырылған.
Туризм

Қарағанды облысы Қазақстанның тарихи орталығы болып табылады. Оның аумағында көшпенділердің көне саяси орталығы – қазақ ұлтының қауымдастығы мен бірлігін паш ететін қазақтың үш жүзінің өкілдері рулық таңбаларын (белгілері) ойып жазған Ұлытау (Ұлы тау) орналасқан.

Облыста туризмді дамытуға арналған барлық алғы шарттарға ие, бұл табиғи ландшафтар, 200 астам туристік мекемелер, 2000 астам тарихи және мәдени ескерткіштер, оның 1500 астамы мемлекеттің қорғауында, 25 ескерткіштің республикалық мәртебесі бар.

Облыста туризмді дамытудың негізгі бағыттары болып жағажай туризмі (Балқаш көлі), экологиялық туризм (Қарқаралы МҰТП, Кент, Қызыларай таулары), спорттық туризм (жаяу, тау туризмі), мәдени-танымдық туризм және іскерлік туризм.

Саланы дамыту 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламасымен, Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасымен анықталған.

2010-2012 жылдарға арналған туризм көрсеткіштерін

дамыту динамикасы

Көрсеткіштердің атауы

Өлшем бірлігі

2010

2011

2012

Туристік қызметтен көрсетілген қызметтер көлемі

млн.теңге

2498,2

3386,1

4473,0

Шығу туизмінің көлемі

мың адам

13,8

15,4

13,7

Ішкі туризмнің көлемі

мың адам

193

216,6

209,0

Туристік ұйымдардың саны

саны

223

259

305

Туристік саладағы өңірлік саясаттың аса маңызды міндеті болып кіру және ішкі туризмді дамыту табылады. Облыс аумағында туристік қызметпен шұғылданатын кәсіпорындар саны 2012 жылы 305 бірлікті құрады, ол 2011жылмен салыстырғанда 17,7% деңгейге және 2010 жылмен салыстырғанда 36,7% жоғарылады.

2009 жылдан бастап көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 79% ұлғайды және 2012 жылы 4473,0 млн теңгені құрады (2011 жылы – 3386,1 млн теңге).

2012 жылы кіру туризмінің деңгейі 2010 жылға 0,1% құрады және 2011 жылдың деңгейіне 11%.

Өз кезегінде еліміздің ішінде саяхат жасап жүрген туристердің белсенділігі 2010 жылдың деңгейіне 2012 жылы 8,3% ұлғайды (305 мың адам), және 2011 жылдың деңгейіне 3,5%-ға төмендеді.

Болмашы төмендеуге туризм саласында ұсынылатын қызметтердің қымбаттауы, шетелге (Түркия, ОАЭ, Мысыр, Греция) туристік турлардың арзандауы әсер етті, соған байланысты облыста шығу туризмі жоғары тұр, облыстың тарихи-мәдени орындары бойынша туристік бағыттардың әлсіз насихатталуы және жылжуы, жол бойындағы бизнес объектілерінің сервисінің саны мен сапасының жеткіліксіздігі.

Облыста туристік имиджді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, Қарағанды облысы өңірлік және халықаралық көрмелерге қатысады.

Қазіргі кезде рекреациялық демалыс орталықтарының бірі – Қарқаралы ауданында 15-тен астам туристік обьектілер бар, 15 демалыс үйі, 5 қонақ үй, 10 сауықтыру лагерлері және Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жұмыс жасайды. Табиғи парктің негізінде аудан әкімдігімен туризмді дамыту бойынша 3 басымды бағдарлама әзірленген.

Жүргізілген талдауға сәйкес өңірде туризмді дамытуға кедергі келтіретін бірқатар проблемаларды табуға болады:

- туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткілікті дамымауы (орналастыру нысандарына қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелердің материалдық базасын енгізе отырып, туристік нысандардағы сервистік қызмет көрсету мен туристік өнімдер сапасының төмендігімен, бағасының жоғарылығымен, материалдық-техникалық базасының дамымағандығымен сипатталады. Бүгінгі күні туризм масштабы, туристердің тұратын орнына ұсыныстар мен сапа түрлері халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді);



  • тартымды және бағалы экскурсиялық нысандарға және көркем ландшафтарға баратын автомобиль жолдарының нашарлығы, нәтижесінде өңірдің көптеген нысандарына ішкі бұқаралық көп күндік туризм үшін қол жетпейді;

  • туризмнің қызмет көрсететін секторларында кадрлардың жетіспеушілігінен туристер демалатын орындарда сервис деңгейінің төмендегі;

  • Қарағанды облысының тарихи-мәдени орындары бойынша туристік маршруттардың аз танымалдылығы;

- облыста экологиялық және ауылдық туризмді дамыту үшін аудандарда жергілікті тұрғындар арасында білікті қызмет көрсету мамандарының жоқтығы (гид-аудармашылар, экскурсоводтар, қонақ қабылдау үйлері және аңшы үйлері, кемпингтерде қызмет көрсететін мамандар);

- жол бойындағы нысандардағы көрсетілетін қызмет сапасының төмендігі және санының аздығы;

- аймақтың шет елдердегі аз танымалдылығы. Облыста шығу туризмі басым дамуда, осыған байланысты кіретін туризмді дамыту үшін шетелде өңірдің туристік өнімдерін жылжыту бойынша іс-шараларды белсендіру және жүйелендіру қажеттілігі пайда болуда.
Демографиялық әлеует.

2013 жылдың басына облыс халқының саны 1 362,7 мың адамды құрады, 2010 жылдың басымен салыстырғанда 1,2%-ға немесе 15,9 мың адамға ұлғайды. Облыс тұрғындары санының ұлғаюына халықтың айтарлықтай табиғи өсуі ықпал етті, 2010-2012 жылдарға 25 398 адамды құрады.

Облыста халықтың өлім-жітімінің төмендеуі байқалды. 2012 жыл бойынша қайтыс болғандар саны 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарсы 1,2%-ға қысқарып, 15 486 адамды құрады. Сонымен бірге нәресте өлімінің коэффициенті 19,9%-ға азайды.

2012 жылы 2010 жылдың кезеңіне көші-қонның теріс сальдосының ұлғаюы байқалды және 4137 адамды құрады. 2010 жылға қарсы келгендердің жалпы саны 11%-ға, кеткендер 4%-ға азайды.

Сыртқы көші-қон ағымында шыққандар саны келгендер санынан 1905 адамға асып түсті. Халықтың халықаралық ауысуы көші-қонның жалпы көлемі ТМД елдерімен бақыланады. Олардың үлесі 91% иммиграция және 93% эммиграция келеді.

Республиканың басқа өңірлерімен алмасуда саны 2146 адам көші-қонның теріс сальдосы қалыптасты.

Облыс ішінде 2012 жыл бойында 16 301 адам мекендеу орнын ауыстырды, бұл 2010 жылға қарағанда 8%-ға аз.

Еңбек нарығы

2010 жылдан бастап 2012 жылдары аралығында Қарағанды облысында экономикалық белсенді халық саны 0,5%-ға, 744,9 мыңнан 740,9 мыңға дейін азайды.

Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ға төмендеді және 5,1 %-ды құрады.

Еңбек нарығының аса тапшы жұмыскерлері: медицина қызметкерлері; облыста биология, ауыл шаруашылық ғылымдары саласындағы біліктілік деңгейі жоғары мамандар, білім, денсаулық сақтау және табиғи ғылымдар саласындағы біліктілік деңгейі орта мамандар; тау-кен, күрделі тау-кен, құрылыстық-монтаждық жарнамалық-құрылыс жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар; операторлар, аппаратшылар, машинистер, жинақтаушы – слесарлар, жылжымалы жабдықтар машинистері және жүргізушілер.

Қарағанды облысына шетелдік жұмыс күші өндірісті дамыту үшін, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен және шетел технологиясын енгізу үшін тартылады.

Облыста 2012 жылы уәкілетті орган берген рұқсаттарға сәйкес 162 шетелдік маман еңбек қызметін жүзеге асырды. Шетелдік жұмыс күшін тартатын ұйымдарда 92591 қазақстандық азамат еңбек қызметін жүзеге асырды.

Облысқа келген оралмандар отбасының талдауы көрсеткендей, 2010 жылы оралмандардың, оның ішінде еңбекке жарамды жастағылардың көшіп келуі азайған. 2010 жылы облысқа барлығы 3524 оралман келген, оның ішінде еңбекке жарамды жаста 1435 адам, 2012 жылы 1877 оралман, оның ішінде еңбекке жарамды жаста 678 адам.
Әлеуметтік көмек

Облыста әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына әлеуметтік қызметтердің кең спектрін ұсыну түрінде жүзеге асырылады: ақшалай төлемдер – атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, азық-түлік себетінің құнынан аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысымен аз қамтылған отбасылардан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақылар; мүгедектерге оңалтудың техникалық көмекші құралдарын және қызметтерді ұсыну, қарттар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерінен орын беру және т.б.

Әлеуметтік қорғау бағдарламаларын қаржыландыру мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қаражаттардың есебінен жүзеге асырылады.

2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында тіркелетін кедейлік деңгей 0,2 пайыздық тармаққа (0,8%-дан 0,6%-ға дейін) төмендеді.

2013 жылдың 1 қаңтарына облыста халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарының есебінде 1782 аз қамтылған отбасы (7110 адам) тұр, бұл 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 36,6%-ға аз (2010 жылы 2810 отбасы, 10663 адам).

Жалпы әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге 2012 жылы 593,9 млн.теңге бюджеттік қаражат жұмсалды.


Халық тұрмысының деңгейі.

2010-2012 жылдарға облыстың барлық қалалары мен аудандарында орта айлық еңбекақының 38,8%-ға өсті және 92 382 теңгені құрады. Барлық селолық аудандар мен Балқаш, Саран, Шахтинск қалаларында еңбекақы көлемі орта облыстық мөлшерден төмен екенін айтып өту қажет.


Денсаулық сақтау

Облыс аумағында 2013 жылдың 1 қаңтарында 125 дербес медициналық ұйымдар жұмыс істейді, олардың 31 жеке және ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, 94-мемлекеттік ұйымдар. Тұрғындарға стационарлық медициналық көмекті 92 ауруханалық медициналық ұйымдар көрсетеді (10 177 төсек, оның ішінде 9 820 мемлекеттік меншік түріндегі клиникаларда және 524 жекеменшік клиникаларда).

Жыл сайын тәулік бойғы стационарлардың тиімсіз жұмыс істейтін төсектерін қысқарту және қайта бейіндеу жүргізілді. Тәулік бойғы стационарларды төсектермен қамтамасыз ету сәйкесінше (10 000 халыққа шаққанда) 2010 жылы 76,8-ден 2012 жылы 68,7-ге дейін азайды. Бұнымен қоса, амбулаторлық-емханалық ұйымдар жанындағы күндізгі стационарлар төсектерін жоспарлы кеңейту 1 000 тұрғынға шаққанда – 9,8 (2010 ж.); 10,5 (2012 ж.) жалғастырылды.

Соңғы жылдары (2010-2012) облыста 1 000 тұрғынға шаққанда негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің – (2010 ж) 17,40 –тан (2012 ж.) 18,08-ге дейін туу деңгейінің жоғарылауы, (2010 ж) 11,67 –ден (2012 ж) 11,19 дейін жалпы өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы, (2010 ж) 5,73 –тен (2009ж) 6,89-ға дейін тұрғындардың табиғи өсімі коэффициентінің ұлғаюы жақсарғаны байқалды.

Алайда, ана мен баланың денсаулық деңгейінің жеткіліксіздігі, әлеуметтік елеулі аурулардың таралуы және тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жетімсіз қамтамасыз ету, тұтастай алғанда, тұрғындар денсаулығының төмен деңгейін айқындайды.

Соңғы үш жылда облыс тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы тұрақтанды, 2012 жылы 67,4 жасты құрады. Азаматтардың денсаулығына, олардың өмір сүру ұзақтығына әлеуметтік елеулі аурулар, жарақаттанулар мен уланулар, олардан болған өлім-жітімдер нақты әсерін тигізеді.

Қанайналым жүйесі аурулары (одан әрі - ҚЖА) мен одан болған өлім-жітімді төмендету мақсатында ауруларынан болған аталған ауру түрлерін ерте анықтауға профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Облыста қазіргі заманғы жабдықпен жасақталған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) шеңберінде қызмет көрсетуді жүзеге асыратын облыстық кардиохирургия орталығы бар. ҚЖА сырқаттанғандарды амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдіктегі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жүргізіледі. Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде 3 жыл ішінде ҚЖА-дан болған өлім-жітімді 100 мың халыққа шаққанда 2010 жылғы 140ғ7-ден 2012 жылы 13,5-ке төмендетуге қол жетті.

Ерте диагностиканы, сондай-ақ емдеу-профилактикалық жұмыстар мен эпидемияға қарсы шаралар сапасын жақсарту нәтижесінде туберкулезден болған өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 2010 жылғы 15,8-ден 2012 жылғы 9,8-ге дейін азайды. Туберкулезбен сырқаттану 89,6-дан 212 жылғы 78,8-ге дейін төмендеу тенденциясына ие болды. Сырқаттарға кезең-кезеңмен фтизиатриялық көмек көрсету жүйесін қалыптастыру жалғастырылуда, хоспистер, мәжбүрлеп емдеу бөлімшелері құрылды, балалардың туберкулезге қарсы шипажайлары жұмыс істей бастады. Туберкулезбен сырқаттану деңгейін қолдайтын негізгі факторлар халықтың көшіп-қонуы және облыста қылмыстық-атқару жүйесінің 10 пенитенциарлық мекемесінің болуы болып табылады.

Жазатайым жағдайлардан, жарақаттанулар мен уланулардан болған өлім-жітім деңгейі жоғары болып қалуда. Жарақаттанудың жоғарғы деңгейде сақталуының себебі облыс аумағындағы дамыған автокөлік жолдары желісі (оның ішінде республикалық мәні бар), автокөлік бірліктері санының айтарлықтай ұлғаюы, сондай-ақ өнеркәсіп өндірістері дамуының жоғары деңгейі болып табылады. Жазатайым жағдайлардан, жарақаттанулар мен уланулардан болған өлім-жітім көрсеткішінің 2010 жылғы 110,5-тен 2012 жылғы 98,1-ге дейін төмендеу тенденциясы байқалады.

Соңғы жылдар ішінде нәрестелер шетінеуі көрсеткіші тұрақты болып қалуда, осылайша 2010 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 15,4-тен 212 жылы 11,6-ны құрады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 3 ана өліміне жол берілді, көрсеткіш 100 мың тірі туғандарға шаққанда 14,5-ті құрады. Ана өлімінің 2 жағдайында өлім-жітім жағдайының алдын алу мүмкін болмады.

Соңғы жылдары нәрестелердің шетінеу көрсеткіші тұрақты болып қалуда. 2013 жылдың қорытындысы бойынша мың тірі туғандарға шаққанда 11,7 – ні құрады, ал 2008 жылы – 19,8 – ді (республикалық – 19,4) құраған. 2008 жылы аналар өлім – жітімі көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 25,5 құраса, 2012 жылы 16,2 – ге төмендеді. Соңғы жылдары облыста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған, ана мен бала өлімін азайту жөніндегі «Тиімді перинаталдық технологиялар», «Балалар ауруларын кіріктіре жүргізу», «Қауіпсіз жүктілікті қамтасыз ету» Халықаралық бағдарламалары енгізілді. Аталған бағдарламалардың енгізілуіне байланысты ана мен бала өлім – жітімі көрсеткішіне қатысты оң тенденциялар байқалуда. Ұрықтың даму ақауын ерте анықтауға генетикалық және ультрадыбыстық скрининг жүргізу бағдарламасы табысты іске асырылуда.

АИТВ – инфекциясының таралу деңгейі бойынша облыс республикада бірден бір басты орындарға ие. 100 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 2012 жылы 22,2-ні құрады (2010 жылы – 27,6; 2011 жылы – 26,9), ол инфекцияның таралуының төмен деңгейін көрсетеді. 15 пен 49 жас тобындағы АИТВ инфекциясының таралуы Қарағанды қаласы бойынша 2012 жылы 0,025 – ті құрады (2010 жылы – 0,027). 15 пен 49 жас тобындағы аздаған таралу Бұқар жырау, Осакаров аудандарында байқалады. АИТВ-ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде инфекция ошағын оқшауланып, оның әрі қарай таралуына жол берілмеді.

Халықтың салматты өмір салты принциптерін қалыптастыру мақсатында «2008-2016 жылдарға арналған саламатты өмір салты» салалық бағдарламасы аясында шаралар жүзеге асырылады. Жыл сайын саламатты өмір салтын насихаттау бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызметтерді беруге қатысатын үкіметтік емес ұйымдар саны өсіп келеді.

Қауіптің тәртіптік факторларының таралу деректері бойынша 2012 жылы - темекі шегу 23,9% (2010 ж. – 24,1%), ішімдік қолдану 23,9% (2010 жылы - 24,4%), Дененің артық салмағынан зардап шеккендер үлесі 2012 жылы 30,3% құрады (2010 жылы - 31%).

Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласында 2013 жылдың 1 қаңтарында 15 мың медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Халыққа медициналық көмекті 4 711 дәрігер, 10 154 орта медициналық қызметкер көрсетеді. Денсаулық сақтау жүйесінде 54 медицина ғылымдарының кандидаты, 6 докторы жұмыс істейді. Медицина кадрларының жетіспеушілігі проблемасы бар, әсіресе облыстың қалалары мен шағын аудандарында бұл проблема өзекті болып қалып отыр (226 маман тапшылығы бар). Дәрігер мамандардың «қартаю» тенденциясы байқалады: 50 жастан асқан адамдар саны дәрігерлердің жалпы санының 38% құрайды, ол жас мамандар ағынының азаюының салдары болып табылады. Облыста 10 мың халыққа шаққанда дәрігер мамандармен қамтамасыз ету деңгейі 2012 жылы – 4,5 (2010 ж. – 33,2) құрады. Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету 2012 жылы 74,3-ті (2010 ж. – 73,8) құрады. Бұдан әрі жыл сайын дәрігер мамандар тапшылығын 15-40 маманға азайту жоспарланды, оның ішінде ауылда – 10-12-ге. Сондай-ақ шетелде оқыту есебінен аса қажет мамандықтар бойынша мамандарға тапшылықты азайту жоспарланды (оқуға жолданғандардың жалпы санының 5-тен 15% дейін).

Облыстық денсаулық сақтау саласы бюджетінің жыл сайынғы ұлғаюы жағымды сәттердің бірі болып табылады. Егер 2012 жылы денсаулық сақтауды жалпы қаржыландыру көлемі – 22,5 млрд. теңгені құраса, жыл сайынғы қаржыландыру көлемінің ұлғаюына қарамастан, ресурстарға қажеттілік сақталуда, атап айтқанда, материалдық-техникалық жарақтандыру (жасақтау деңгейі тозуды есептемегенде ең кіші нормативтердің 57,78% құрайды), амбулаторлық деңгейде тегін және жеңілдіктегі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу және салу, ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін мамандарды жұмысқа тарту және бекіту.

ТМККК шеңберінде дәрілік заттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін халықты 100% қамту арқылы дәрілік заттарды босатуды жүзеге асыратын ұйымдар желісін кеңейту есебінен, оснымен қатар жылжымалы дәріхана пункттері жұмысын ұйымдастыру жолымен 248 нысан арқылы (дәріханалық ұйымдар және АМСК ұйымдары) босату ұйымдастырылды.

Жыл сайын денсаулық сақтау ұйымдарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, осылайша 2012 жылы 12 денсаулық сақтау нысандары жөндеуден өткізілді.

Аймақты дамытудың әлеуметтік-экономиклық нәтижелерінің қысқаша сипаттамасы негізгі проблемаларды, қауіптер, кідіру факторларын, бәсекелестік басымдықтарын және мүмкіндіктерін белгілейтін SWOT-талдауда көрсетіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық процестер мен ағымдағы жағдайды талдау негізінде, денсаулық сақтау секторы үшін негізгі маңызды проблемалар анықталды:



  • Негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсарту (туу, өлім-жітім, табиғи өсім),

  • Медицина ұйымдары желісін дамыту. Телемедицина жүйесі дамуының жоғары деңгейі.

  • Әлеуметтік – елеулі аурулардың таралуы және олардан болған өлім-жітімнің жоғары болуы.

  • Дәрігер мамандармен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі (әсіресе ауылдық елді мекендерде).

  • Медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі.


Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

Қарағанды облысында 2010 жыл мен 2012 жыл аралығында балабақша саны 10 бірлікке көбейіп 189-ды құрады (2011 ж.-186), оның ішінде 140 мемлекеттік (2010ж –128, 2011ж.-137), 313 (2010 ж.-289,2011ж.-312) шағын орталық жұмыс атқарды. Облыстағы мектепке дейінгі білім берумен қамту мәселесі құрылыс, білім ұйымдарын кеңейту мен қайта салу есебінен шешілуде. Балабақшалар жүйесін қалпына келтіру, шағын орталықтар ашу 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту көрсеткішін 2010 жылмен салыстырғанда 70,9%-дан 2012 жылы 97,8%-ға дейін арттыруға септігін тигізді.

Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеленушілердің саны артып келеді. 2012 жылы 58 793 бала (2010 жылы-39635,2011жылы-56832 бала).

Әлі де балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету Теміртау (77,6%), Жезқазған (76,9%), Саран (80,3%) қалаларында жәнеЖаңаарқа ауданында (80%) мекеннің туылу көрсеткішінің жоғарылығынан орташа 2,6%төмен.

Облыс бойынша мектепке дейінгі мекемелерге қажеттілікі13178 орынды құрап отыр.

Мектепке дейінгі білім ұйымдарында 4843 (2010 ж- 3560,2011ж-4536) педагог еңбек етеді, оның ішінде жоғарғы және бірінші санаттылары 2010 жылы 24,6%-дан 2012 жылы 26,6% (2011ж- 25,2%).



Орта білім беру

2012 жылы облыста 171 046 бала санымен 556 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептері жұмыс істеді (2010ж-569 мектеп, 177 965 бала). Үш жылда облыста күндізгі жалпы білім беретін мектептің жалпы саны 2012-2013 оқу жылында 13 бірлікке азайды. Мектеп санының қысқаруының негізгі себебі – облыс бойынша ауылдық аудандардағы ауылдық жергілікті тұрғындардың қалаға көшуі, сонымен қатар бала туу деңгейінің төмендеуіне байланысты аз қамтылған бастауыш мектептердің жабылуы болып табылады.

2010 жылғы көрсеткішке қарағанда облыстағы білім алушылар саны 6919 балаға кеміді. Талдау кезеңіндегі мектептердің жалпы санынан 60%шағынжинақты болып табылады (2010 жылы –340, 2012ж- 334 мектеп). Облыста коррекциялық білім беру мекемелерінің желісі қарқынды дамуда, 2012 жылы бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша 10 арнайы түзету мектеп-интернаттары жұмыс істейді. Ерекше сұраныстары бар балаларға білім берудің барлық қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында кешенді жүйе жұмыс істеуде, мүгедек балаларға балабақшадан жалпы орта білімге дейінгі сапалы білім алуға мүмкіндік береді. 2 психология-медико-педагогикалық кеңес, «Үміт» дамуында қиындықтары бар балаларға арналған реабилитациялық орталығы және психолого-педагогикалық коррекция кабинеті жұмыс жасайды.

2012 жылы облыс мектептеріндегі мұғалімдер саны 19 311 адамды (жоғары және бірінші санатты – 51,4%) құрайды, 2010 жылмен салыстырғанда 256 адамға артық.

Мектептердегі мұғалім қажеттілігі сақталуда, 2012 жылғы 1 тамызға олардың саны 99 педагогты құрады.

Облыста оқушы орнының тапшылығы мен үшауысымдылық мәселесі толықтай алынды. Күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі облыстың барлық аймағында сақталып келе жатыр. Күрделі жөндеуді мектептің 45% қажет етіп отыр.



Мектептердің материалды-техникалық қамтамасыздандырылуы қазіргі заманға толық сәйкес келмей жатыр: 71%-типтік, 29% - бейімделген ғимараттарда, 3 мектеп апатты ғимараттарда орналасқан.

Күрделі жөндеуді қажеттіліктен 56,7% мектеп қажет етіп отыр.

2010 жылдың аяғында облыстағы компьютерлік техниканың 17,5%-ы жаңартуды қажет етті, 2012 жылға аталған көрсеткіш –12%-ды құрайды.



Осы күнде 443 мектеп (79,7%) кең көлемді Интернет жүйесіне қосылған, «Білімал. Электронды балабақша. Электронды мектеп. Электронды кәсіптік лицей. Электронды колледж» біріңғай телекоммуникациялық желісін орнату және білімдік портал қондыру жұмыстары жүріп жатыр. Білім беру үрдісінде интерактивті технологияларды кеңінен қолдану үшін қолданатын сабақтың бір түрі - on-line сабақтар. Облыстың білім ұйымдары әрдайым осындай сабақтардың қатысушылары болып отырады. Қазақ және орыс тілдеріндегі электронды оқулықтары пайдаланылады. 2012 жылдан бері облыстың 56 білім беру ұйымында «e-learning» жобасы енгізілді.

Облыстың 495 негізгі және орта мектептері жаңа модификациялы заманауи кабинеттермен жарақтандырылды. Үш жылда (2010-2012жж.) жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз ету 9,1% өсті және 45,5%құрады (2011ж-41,4%). 593 заманауи кабинеті жабдықталды: физика – 244 немесе 49,3% (2010 ж – 45,5%, 2011-46,9%), химия – 154 немесе 31,1% (2010 ж – 19,7%, 2011ж- 20,6%) және биология – 195 немесе 39,4% (2010 ж.-28%,2011ж-36,7%).

Облыста білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.

Облыс мектептерінің 456-ында (82%) 146 488 бала үшін ыстық тамақтану ұйымдастырылған, бұл барлық оқушының 87,1% құрап отыр. Тегін тамақпен 17% оқушы қамтылған. Жағдайы төмен отбасыларының барлық балалары тегін тамақтанумен қамтамасыз етілген (24958 бала).

2012 жылы мектептері жоқ елдімекендерде тұратын мектеп жасындағы 1507 баладан 906 бала үшін күн сайынғы тасымалдау ұйымдастырылған, 601-і апта сайынғы тасымалдаумен интернатта тұрады.

2012 жылы облыста жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бала саны – 4045, оның ішінде білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері – 1550. 2465 бала (2010ж-3231, 2011ж-2983) қамқорлықта және қамқоршылықта, 30 бала (2010ж-67, 2011ж-54) қазақстан азаматтарының отбасыларындағы патронатты тәриеде, 1550 (2010ж-2238, 2011ж-1555) білім беру, денсаулық сақтау жүйесінің және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 27 мемлекеттік мекемесінде тәрбиеленуде. Интернатты мекемелеріндегі балалар саны 2011-2012 жылдарда 5 балаға азайды.

2012 жылы «Қолдау» жобасы қызметін жалғастыруда, аталмыш жобаның шеңберінде отбасына 111 бала берілді (52 бала асырап алынды, 14 бала отбасына қайтарылды, 45 бала қамқорлыққа алынды). Мысалы, жезқазған қаласының Теміртау қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығымен уақытша ұстауда тұрған 131 баланың ішінен отбасына 35 бала, қамқорлыққа 2 бала берілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Облыста 84кәсіптік лицейі мен колледжі (2010жылы –89 бірлік, 2011ж-88 бірлік) жұмыс істеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 2010 жылмен салыстырғанда 5-ке кеміді.

2010 жылдан 2012 жыл аралығында 5 колледж: 1 мемлекеттік мекеме қосу арқылы қайта құрылды, 2 филиал ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС 1 кәсіптік лицейі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауына байланысты және лицензиялық талаптарға сәйкес болмауынан 1 жекеменшік колледжі жабылды.

2012 жылы дайындық 86 мамандық бойынша жүргізілуде (2010,2011 жж.-84 бойынша).

2012 жылы облыста 7 технкалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 14 мамандық бойынша дуалды технология бойынша оқыту енгізілді.

Осы білім беру мекемелерінде 40% теоретикалық және 60% практикалық сағаты бойынша оқу бағдарламалары әзіреленген, практикалық оқыту жүргізу үшін облыс кәсіпорындарымен олардың базасын қолдану бойынша келісім шарттар қабылданған. Кадрларды техникалық және қызмет көрсетуші еңбекке даярлау мақсатында облыста ынтымақтастық жөнінде меморандумдар мен келісімдер жасалды.

Техникалық және кәсіптік білім беру орындарындағы оқушылардың жалпы саны 55100 құрайды (2010 ж – 56731,2011ж. -56730). 2010 жылмен салыстырғанда білім алушылардың жалпы контингенті 1631 адамға, соның ішінде мемлекеттік колледждерде 34976-дан 33548 студентке дейін 1428адамға азайды.

Білім алушылар санының төмендеуі 90-жылдардағы туылудың азаюымен және оқушылардың қабылдауы жүргізілмеген колледждердің жабылуымен байланысты.

Инженерлік – педагогикалық жұмыскерлердің контингенті 3931 (2010ж.-3889,2011ж-3886) мұғалімнен тұрады,оның ішінде 1128 жоғары, 794 бірінші, 824 екінші санатты, 578 өнеркәсіп маманы, оның ішінде 63 жоғары, 82 бірінші, 130 екінші санатты.

2012 жылы күндізгі бөлім түлектерінің саны 11615 адамды құрады, 9974 колледж түлегі жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 5976 түлек мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алғандар.

2012 жылы ТжКБ 11 ұйымында, оның ішінде күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған 17 ұйымда күрделі жөндеу жүргізілді.

Талдау басты мәселелерді көрсетті:


  • Қалалардағы балалар кезектілігі;

  • Білікті кадрлар тапшылығы;

  • Оқушылар санының халықтың көшіп-қонуымен байланысты азаюы;

  • ТжКБ ғимараттарының жоғары деңгейде ескіруі.


Спорт

2010 облысымызда 48 спорт мекемелері қызмет етті, соның ішінде 42 БЖСМ, Ә.Молдағұлова атындағы спортта дарынды балалар үшін мамандырылған мектеп-интернаты, «Олимпиадалық резервтегі дайындау орталығы» КМҚК, жоғарғы спорт шеберлігінің мектебі, 3 клуб - «Шахтер ФК»» АҚ, «Сарыарка» ЖШС, «Караганда» ВК» ЖШС. Соңғы үш жыл ішінде үйлесімділеу мақсатында БЖСМ саны екі бірлікке азайды. 2011 жылы «Тұлпар» ШФК ЖШС басқарма қарамағына қосылды, 2012 жылы - «Арыстан». ХК ҚФ. 2012 аяғында облысымызда 48 спорт мекемелер қызмет етті, соның ішінде 40 БЖСМ, Ә.Молдағұлова атындағы спортта дарынды балалар үшін мамандырылған мектеп-интернаты, «Олимпиадалық резервтегі дайындау орталығы» КМҚК, жоғарғы спорт шеберлігінің мектебі, 3 клуб - «Шахтер ФК»» АҚ, «Сарыарка» ЖШС, «Тұлпар» ШФК ЖШС, «Арыстан». ХК ҚФ, «Караганда» ВК» ЖШС.

2010 жылдың қортындысы бойынша облысымызда дене шынықтыру және спортпен жиі айналысатын адамдар саны 372 118 адам (жалпы тұрғындар санының 27,3 % құрады), 2011 жылы - 372 864 адам (27,5%) 746 адамға көбейді, 2012 жылы - 373 764 адам (27,7%), 900 адамға көбейді).

Дене шынықтыру және спортпен жиі айналысатын адамдарды қамту бойынша оң нәтиже беретін халықтың барлық топтарынының қатысуымен өткізілетін спорттық-бұқаралық іс-шаралар, сондай-ақ жаңа спорттық ғимараттардың салынуы және жаңа спорттық секцияларының ашылуы.

2010 жылы облысымызда спорттық ғимараттардың саны 17 бірлікке көбейіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда спорттық ғимараттардың 2533 бірлігін құрды ( оның ішінде 812 бірік ауылдық жерлерде), 2011 жылы - 72 бірлікке спорттық ғимараттардың 2 605 бірлікке дейін (соның ішінде 926 бірлік ауылдық жерлерде), 2012 жылы - 42 бірлікке спорттық ғимараттардың 2647 бірлікке дейін (1011 – ауылдық жерлерде). Әрекеттегі спорттық ғимараттар санының өсуі көпфункционалды хоккей корттарды, жасанды алаңдармен спорттық ғимараттарды орналастыру есебінен байқалды.

2010 жылы «Аймақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта дайындау стратегиясын жүзеге асыру шегінде спорт объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу» бағдарламасы бойынша 8 спорттық объектілерге 1,2 млрд. теңге сомасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 5 ауылдық жерде.

2011 жылы осы бағдарлама бойынша бюджеттен қаржыландыру жүргізілген жоқ.

2012 жылы репсубликалық бюджет есебінен жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы бойынша Осакаровка ауданы Осакаровка ауылының стадионын жөндеу жұмыстарына (26,2 млн. теңге) бөлінді. Облыстық бюджет есебінен Шет ауданының Ағадыр ауылындағы БЖСМ шағын стадионын (25 млн. теңге), Қарағанды қ. жүзу ОСМ жүзу бассейнін(9,3 млн. тг.), Қарағанды қ. жеңіл атлетика манежін (180,5 млн. теңге) жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылға спорттық секцияларының саны 1376 дейін өсіп, онда спортпен айналысатындар саны 34 422 адамға жетті, 2012 жылы - 2032 секция мұнда спортпен айналысатындар саны 78808 адам. Жаңа спорттық ғимараттардың ашылуы жаңа секцияларының ашылуына және спорттық секцияларда спортпен шұғыданатын адам санын көбеюіне әкелді.

2010 - 2012 жылдар аралығында облысымызда жаңа спорт түрлерінің өсуі байқалды. Осылай 2010 жылы облысымызда спорттың 63 түрі таралды, оның ішінде 27 – спорттың олимпиадалық түрі, 2011 жылы спорттың 65 түрі (оның ішінде 31 – олимпиадалық), 2012 жылы – сопрттың 75 түрі (34 олимпиадалық).

Спортшылардың біліктілігін жоғарлатудың сапалық көрсеткіштері жетті. Спорт шеберерінің жалпы санынан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің саны үрдісінің өсуі байқалды 2010 жылы 16% , 2011 жылы 16,5 % , 2012 жылы 17%.

«ҚР спорт шебері» спорттық атағы 2010 жылы облысымыздың 124 спортшыларына, 2011 жылы - 103 спортшыларына, 2012 жылы - 117 спортшыларына берілді. Жоспарлық мән артығымен орындалып, берілген атақтар санының өзгеруі әр 4 жыл сайын олимпиадалық ойындарының өткізілуіне (қысқы және жазғы олимпиада арасындағы уақыт аралығы 2 жыл) сәйкесінше осы уақыт аралығында олимпиадалық ойындарға дайындалу мақсатында республикалық және халықаралық жарыстардың өткізілумен байланысты.

ҚР ұлттық құрамасына 2010 жылы 849 спортшы кірді (329 – негізгі құрам, 280 - жастар, 240 – жас-өспірімдер), 2011 жылы – 925 спортшы (оның ішінде 381 – негізгі құрам, 275-жастар, 269 – жас-өспірімдер), 2012 жылы 1006 спортшы (374 –негізгі құрам, 319 жастар, 313- жас-өспірімдер).

2010 жылы түрлі деңгейдегі 556 жарыстар өткізілді, оның ішінде 79 облыстық, 332 республикалық, 145 халықаралық. Осы жарыстарға 19399 адам қатысып, 6701 медальдарға ие болды, оның ішінде: 1 орын - 2326, 2 орын – 2114, 3 орын – 2261.

2011 жылы – түрлі деңгейдейдегі 641 жарыс, оның ішінде 84 облыстық, 382 республикалық, 175 халықаралық. Осы жарыстарға 20877 адам қатысып, 6666 медальдарға ие боды, оның ішінде: 1 орын -2427, 2 орын – 2024, 3 орын – 2215.

2012 жылы – түрлі деңгейдейдегі 739 жарыс, оның ішінде 105 облыстық, 413 республикалық, 221 халықаралық. Осы жарыстарға 40894 адам қатысып, 6298 медальдарға ие боды, оның ішінде: 1 орын - 2175, 2 орын – 1966, 3 орын – 2157.

2012 жылғы ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындары (Лондон қ.). ҚР ұлттық құрама командасының құрамында 11 қарағандылық спортшы спорттың 4 түрі бойынша қатысты. Бір алтын медаль жеңіп алынды.

Талдау барысында спорт саласында бірнеше проблемалар анықталды:

1. Халықаралық дәрежедегі ресми жарыстарда жоғары спорттық нәтиже көрсететін спортшылар мен жаттықтырушылар-оқытушыларға әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету бойынша актілердің жетілмегендігі осы сектордаң қадрлардың кетуіне әкеліп, осы бағытқа жоғарғы білікті мамандар қызығушылығың төмендеуі байқалады.

2. Спорттық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықтаудың (спорттық жабдықтау) және спорттық инфрақұрылымның (спорттық базалар, спорттық ғимараттар) жеткіліксіз деңгейі.

3. Осы уақытқа дейін салалық спорттық клубтарын құру мәелелері шешілмеуде. Тұрғындардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға белсенді қатыспауы өзекті мәселесі болып табылады.

4. Заманның талабына сай жауап беретін спорттың ғылыми базасының жоқ болуы.

5. Білікті мамандардың жетіспеушілігі (ауылдық жерде спорт бойынша әдіскерлердің, спорттық ғимараттардың техникалық пайдалану бойынша мамандардың жоқ болуы).

6. Қарағанды қаласынан басқа облысымыздың басқа қалалар мен аудандарында дербес дене шынықтыру және спорт бөлімдері жоқ.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет