1. Термодинамика және статистикалық физика макроскопиялық жүйелерде болатын физикалық процестерді зерттейді. Макроскопиялық жүйе



бет23/37
Дата05.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#130774
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Байланысты:
doc1548272458

Активті ансамбльдер теориясы. Бұл теория катализаторға каталиттік активтілікті өндіруші катализатордың активсіз беткі қабатында бірнеше атомнан құралған активті топтарға негізделген. Бұл топтар 2—3 атомнан құралғандықтан, оны активті ансамбль тобы деп тс атайды. Мысалы, аммиакты синтездегенде темірді катализатор ретінде пайдалануга болады. Ол үшін темір ұнтағы қажет, ал ол бүтін күйінде катализаторлық ықпал көрсетпейді. Егер көмір, асбест немесе алюмогель сияқты өзі катализатор емес заттарды төсеніш ретінде пайдаланып, осы төсеніш бетіне аса майда ұнтақталған темірді сепсе, онда оның катализаторлық қасиеті өсіп, реакция жылдамдығы артады. Мұндайда төсеніш бетіндегі темірдің үш атомы бір ансамбль құрайды.
Активті ансамбльдер теориясы бойынша темір атомдары төсеніш бетінде емін-еркін қозғалады. Ондағы темір атомдары белгілі ауданда ғана қозғалып, оның бұл мүмкіндігі шектеледі. Олай болса әрбір ансамбльдің өз «өрісі» болады. Мұндайда олардың арасын адсорбат атомдары мен молекулалардың қозғалысын кедергілейтін жоғарғы адсорбциялық потенциалы бар нүктелер шектейді. Оны суреттегідей, шектерді түзу сызықпен, атомды нүктемен, ал ансамбльді үзік сызықпен қоршап көрсетеді де, оны активті ансамбльдің торланған түрі дейді.

Активті ансамбльдегі катализатордың активтілігі мен ерекшелігі оның саны мен өзара орналасуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет