1. Тәуелсіздік ұлттық және мемлекеттік құрылыстың факторы ретінде? Қазақстан Республикасы


Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің негізгі қызметі –



бет5/12
Дата07.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#84465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Семинар сабағы тапсырмасы 7апта

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің негізгі қызметі – тәуелсіз мемлекетіміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету. Олай болса, барлық сала бойынша туындаған дау-жанжалдарды, келіспеушіліктерді егеменді еліміздегі електен өткен өрісі кең заңдар мен заңдылық күші бар нормативтік актілер негізінде тараптарды жүйелі түрде бітімгершілікке, ортақ шешімге, өзара келісімге шақырып отырған заңгерлердің ерен еңбегін жоғары бағалаған абзал. Күнделікті өмірде орын алып жатқан заңға қайшы әрекеттердің алдын алып, қылмысқа қарсы бар қажыр-қабілетін жұмсап, өз қызметін абыроймен атқарып жүрген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жетістігі – олардың қоғамға,мемлекетімізге, өз ісіне деген адалдығы. Өз ісіне деген адалдықтың негізгі қозғаушы күші жеке бойындағы адамгершілік қасиеті. Тұлғаның бойындағы асыл адамгершілік қасиет еш нәрсемен өлшенбейді. Ондай азаматтарды өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын, қызметі бойынша білікті маман, қай кезде де құрмет көрсетуге тұрарлық тұлға деп тануға болады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында мұндай адамгершілігі мол, асыл азаматтар аз емес. Адам бойындағы байқала қоймайтын асыл қасиеттер мен ізгіліктерді жоғары бағалап, қоғамның дамуына оның тигізер оң әсерін сезінгенде ғана құқық қорғау жүйесіндегі адамгершілік категориясының маңызы мен адамгершілік (гуманизм) қағидасының мәні айқындала түседі. Демек, адамның рухани қасиеттерінің негізін қоғамға пайдалы еңбек құрайды, ал тұлға болса, қоғамдық қатынастар жүйесіне араласқан жағдайда ғана дамуы мүмкін.
Құқықтық жүйедегі адамгершілік қағидасы – адамды басты құндылық деп танитын, оның абыройы мен беделіне құрметпен қарайтын, қоғамдық прогрестің мақсаты адам өмірін жақсарту деп білетін аса биік адамгершілік позициядан тұрады. Демократиялық қоғамда негізгі гуманистік принцип – адам және оның өмірі. Тәуелсіз демократиялық құқықтық мемлекетіміздің Ата Заңында да: «Ең қымбат қазына– адамжәнеоныңөмірі»,– депкөрсетілген Сондықтан кез-келген қылмыстық істер бойынша сот отырысында соттар үкім шығару барысында гуманизм қағидасын назардан тыс қалдырмайды. Гуманизм қағидасын қылмыстық іс бойынша қолдану және қолданбау мәселесі жасалған қылмыстың сипатына да тікелей байланысты. Ауыр және өте ауыр қылмыстардың жасалуы және сол қылмыстардың қайталануы сот отырысында соттардың гуманизм қағидасын ескермеуіне толық негіз бола алады. Сондай-ақ, қылмыскерлерге рақымшылық жасалатын және жасалмайтын қылмыстар тобы Қазақстан Республикасының«Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы» заңының 1, 2, 3, 4,7, 10 баптарында көрсетілген.
Егеменді еліміздегі құқықтық саланың одан әрі дамуы, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметтерін үйлестіріп отыру, прокуратура органдарының өкілеттіктерін кеңейту, сот жүйесін жетілдіру мақсатында қабылданған құқықтық саясаттың 2010-2020 жылдарға арналған 10 жылдық жаңа стратегиялық құжатын бекіткен кезде мемлекет басшысы, біріншіден, мемлекет пен оның азаматтарының игілігін, екіншіден, қылмыстық жазаны қолдану кезінде қозғалған іс бойынша ізгілік факторларын анықтауды көздеген. Тұжырымдамада қолданыстағы заңдарды жүйелеу, оларды топтастыру, ескірген және қайталайтын нормалардан арылту жөніндегі жұмыстар, сол сияқты сілтеме нормаларды неғұрлым азайтып, тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау тәжірибесін кеңейту, ішкі қарама-қайшылықтарды жою мәселелері де кең ауқымда қамтылған. Құқықтық саясатты былайша кешенді түрде қарастыру – еліміздің жалпы дамуы барысында оның бүкіл нормативтік-құқықтық базасын жетілдіріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік бере отырып, нәтижелілік, шынайылылық пен есеп беріп отыру қағидаттарына негізделген мемлекеттік басқарудың жаңа сапалық үлгісін жасауға мүмкіндік береді.
Мақаламызда көтеріліп отырған тәуелсіз мемлекетіміздің құқық қорғау жүйесіндегі құқықтық реформаның рөліне тоқталатын болсақ, құқық қорғау органдарының қоғамдық ортада тәртіп сақшылары ретіндегі қырағылық қызметтерін, прокуратура органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және мемлекет мүддесін қорғайтын заңдардың бұзылуын қадағалау жұмыстарын, сот органдарының әділдік қағидасы мен ізгілік факторларынан бастау алатын гуманизм қағидасын ұстанудағы әділсот мәртебесін және заңды кеңес беру (юридическая консультация) орындарының халықтың құқықтық санасын қалыптастырудағы ерен еңбектерін айтуға болады. Заңгерлер әрқашан қоғамдық тәртіп пен саяси тұрақтылықтың сақталуын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің өсіп-өркендеуі жолында аянбай қызмет атқарады. Заң бар жерде тәртіп бар, тәртіп пен тұрақтылық орнаған елде өркениетке деген ұмтылыс арта түседі. Сондықтан заңгерлер қызметінің құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы рөлі мен тәуелсіз мемлекетіміздің алдағы стратегиялық дамуына қосар үлесін мемлекет деңгейінде жоғары бағалаған жөн деп санаймыз.
Егеменді еліміздегі кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан құқықтық реформа тәуелсіз мемлекетіміздің стратегиялық даму бағытын айқындайтын құқық қорғау жүйесінің қызметін арттырып, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне көптеген жауапкершілік пен міндеттер жүктейді. Сондықтан өркениетке жету жолындағы жауапкершілік пен міндеттер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін жетілдіруге арқау болады деген сенімдемін.
4.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Жолдауларындағы сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет