1. Тәуелсіздік ұлттық және мемлекеттік құрылыстың факторы ретінде? Қазақстан Республикасы


Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері?



бет12/12
Дата07.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#84465
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Семинар сабағы тапсырмасы 7апта

6.Алматыдағы және республиканың басқа қалалардағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері?
Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.
Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.
Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Желтоқсан көтерiлiсi кезiнде сан-саққа жүгiртiлiп, ұйымдастырушысы мен бастаушысы iзделгенiмен, оның тамыры тереңде, сонау ХVI-XVII ғасырлардан – қазақ жерiн жан- жағынан кертiп қысқартудан, халқын азайтудан басталғанына ешкiм көңiл бөлген жоқ. ХVIII ғасырдың ортасында патша генералы Черняев әскерi Батыс Сiбiрден шығып, Алтайды баса-көктей бүгiнгi Шығыс Қазақстанның Күршiм ауданындағы берiле қоймаған Күркебай батырдың елiн қынадай қырып, оның батыр ұлы Базардың қол-аяғын шынжырмен матап-байлап, «Итжеккенге» айдатқан. Ал бұл аймақты бұдан былай қазақ-орыс атаманы Платов есiмiмен атауға бұйрық берiп, әскердегi қара- шекпендiлердiң бiр тобын осы жердi иеленуге қалдырған. Бүгiнде өңiр осы есiммен аталып жүр. Осы генерал Черняев бұл жорығында Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауын көктей өтiп, Тараз қаласында да мың- даған қазақтарды қырып салғаны тарих- тан белгiлi. Жан төзбейтiн бұл қырғынды көзiмен көрiп, төзiмi таусылған Шоқан Уәлихановтың Черняевпен атқұйрығын кесiсiп, ажырасқан жерi, мiне, осы шақ. Сөйтiп, бұл генералдың Шымкентте ойран салғаны да рас. Бұл аймақта «Черняевкалар» әлi күнге бар. Иә, қазақ жерiн, елiн отарлауға патшалық империя неше айла-тәсiлдердi қолданды. Мысалы, сол кезде Столыпиннiң жарлығымен қарашекпендiлер осы далаға лек-легiмен ағылды. Жер мемлекет меншiгiне зорлықпен алынды, құнарлы жерлер келiмсектерге берiлдi. Қазақтар таулы- тасты, құмайт аймақтарға шеттетiлдi. Талдықорған аймағында Антоновка, Абакумов, Черкасский, Покатиловка, Саратов, Гавриловка және сол секiлдi тағы басқа елдiмекендер сол кезден-ақ шаңырақ к тердi. Жергiлiктi тұр- ғындардың мал бағуына, шөп шабуына жер қалмады. Бұл қыспаққа қарсылық бiлдiрiп, бас көтерген алаш азаматтары қуғын-сүргiнге ұшырады. Сол тұста патша құлады. Кеңес өкiметi келдi. Қуанышта шек болсайшы! Алаш көсемдерiнiң бiрi Ахмет Байтұрсынов 1926 жылы Кавказ мұсылмандарының жиналысында «Құдайға шүкiр, қазақ 6 миллионнан асып түстi. Ендi 10- 15 жылда онға жетiп қалармыз» деген едi. Бiрақ, керiсiнше, колхоздастыру, одан туындаған аштық, халықтың жансауғалап босуы сияқты Кеңес үкiметiнiң қолдан жасаған саясаты салдарынан бұл көрсеткiш екi еседен астамға кемiдi. Сөйтiп, «босаған» қазақ даласына кәрiстер, немiстер, шешендер, балкарлар, месхед түрiктерi жер аударылып әкелiндi. Одан қалды, елуiншi жылдары тың және тыңайған жерлердi игеруге жүздеген мың орыстар, украин, беларустар эшелонмен ағылды. Сөйтiп, қазақ өз жерiнде аз халыққа айналды. Ұлт басымдылығына қарай жер-жердегi қазақ мектептерi жабылды. Тiптi, ел астанасы Алматыдағы жалғыз №12 қазақ мектебi жабылу алдында тұрды. Өйткенi, 1945 – 50 жылдары Алматыдағы қазақ ұлтының саны 5-8 пайызға жетпейтiн. Мұның өзi де келiп-кетiп жүретiн студенттердi қосып есептегендегi көрсеткiш. Содан 1955 – 58 жылдары қазақша газет-журнал шығаруға, радио-теледидар хабарларын қазақша таратуға шек қойыла бастады. Нәтижесiнде, Алматы қаласындағы оқыған зиялылар, оның iшiнде шала қазақтардың өздерi қазақша сөйлеудiң қажетi жоқ деген пiкiрдi ашықтан-ашық айта бастады. Ұлт намысының қозуына қозғау салған тағы бiр жәйт, орталықтағы орыс шовинистерiнiң мемлекет iшiнен мемлекет құрмақ болған саясаты. Сталиндiк репрессияға ұшырап, жер аударылып келген немiстерге, қытайдың қысымымен босып келген ұйғырға автономия беру туралы шешiмдер ұлт намысын қоздырды. Iштей тұтанып, қордаланған оқиғалардың жалынға айналуына 1986 жылғы 17-18-желтоқ- сандағы оқиға себеп болды. Республикамызды отыз жылдай басқарып, елiнiң сенiмiне бөленген Дiнмұхамед Қонаевтай дара тұлғаның орнына қазақтың ұлттық ерекшелiгiн, салт-дәстүрiн бiлмейтiн Колбин деген әкелiндi. Оған наразылық ретiнде қазақ жастары бас көтеpiп қана қоймады, бүкiл кеңестiк империяның шаңырағын шайқалтты. Бұл тоталитарлық жүйеге соққы берген алғашқы көтерiлiс болды. Жастар «Қазақты қазақ басқарсынө» ұранымен алаңға шықты. Демек, ұлттық толқу едi бұл. Колбиннiң келуiмен ұлт зобалаңы басталды. Партия, кеңес саласында қызмет iстеп жүрген елiн, жерiн сүйген азаматтар ашықтан-ашық қудаланды. Және нағыз ұлтжандылары да осы тұста танылды. Жазушылар iшiнен Сейдахмет Бердiқұлов марқұм Колбинге қарсы сөйлеп әдiлiн айтса, партия қызметкерлерi арасынан Марат Шормановтың әрекеттерi ерлiкке барабар болды. Дегенмен, Колбинге жарамсақтанып, «Сiздi 25 жыл күттiк қой», – деп, сақалынан жасы тамшылап жылағандар да болды. Не десек те азаматтың азаматтығы қиыншылықта сыналатынының куәсi болдық. Желтоқсан к терiлiсiнiң салқыны журналистерге де әсер етпей қоймады. Басты кiнәлiлер болып танылған Қ.Рысқұлбеков, Т.Тәшенов, Ж.Тайжұманов, Қ. Күзембаев, Е.Көпесбаевтардың қасқайып тұрған суреттерiн газетке жариялағаны үшiн «ҚазТАГ» директоры Жұмағали Исмағұлов, «Жетiсу» газетiнiң редакторы Мамадияр Жақыпов, «Огни Алатау» газетiнiң редакторы Сергей Скороходов, ұйғыр газетiнiң редакторы Тұрсын Назаровтар орындарынан алынды. Бүгiнде Желтоқсан көтерiлiсi әлемге танылып, жүректерi «Тәуелсiздiк» деп соққан қазақ жастарының көкейтестi арманы орындалды. Сондықтан болар, Желтоқсан көтерiлiсiне қатысушыларға арналған «Тәуелсiздiк таңы» ескерткiшiн Президентiмiз 2006 жылы 16-қыркүйекте өзi келiп ашты. Демек, Тәуелсiздiк тайталас күреспен келген көтерiлiс деп батыл айта аламыз! Демократиямыз нығайып, құрыштай шыңдалып, жаңарып, жасай бергей, әманда!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет