Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т б. Тәрбиеші



Дата08.07.2017
өлшемі58,42 Kb.
#20886
Тақырыбы: Менің -Президентім!

Мақсаты: Елбасы туралы білімдерін қалыптастыру.

Отан сүюге тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!
Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.
Бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық. 
Әнұран айтылады.

Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия. 
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 

1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.


 «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез-келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады. 
Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.
Шаңырақ –Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.
«Қазақстан» әні.

-    Балалар, қазір мен сендерге сөзжұмбақ жасырамын, сендер оны шешесіңдер. Жақсы, келістік пе?


-    Иә!
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
    1. Біздің мемлекетіміздің аты қандай?
    2. Біздің Елбасымыз кім?
    3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
    4. Біздің тіліміз қандай?
    5. Ал, ұлттық валютамыз, ақшамыз қалай аталады?
(Балалар сөзжұмбақты шешеді).

Би:Қара жорға


Тәрбиеші: 
Нұрсылтанға рух берген - кәрі тарих парағы.
Дара шыңы қазақтың,
Дана басып тудың, халық – алыптан.
Топырағы ол туған жердің киелі.
Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп.
Ерекше бір еркіндік, бауырлар,
Басшымыздың бүгін туған күні деп.
-    Балалар, бүгінгі сабағымызды «Жаса, Қазақстан!» әнімен аяқтайық.
Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Тәрбиеші: Балалар, Елбасы күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

«Айгөлек»Петровка балалар бақшасы МКҚК

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Менің -Президентім!»






Дайындаған «Балдырған»

тобының тәрбиешісі:Наурызбаева Б.Н.

2015ж.
Каталог: GU5IVX6YI3FH19N2
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс-әрекет ұйымдастырылған технологиялық карта Мерзімі: 22. 10. 2015ж Топ: "Ақбота."естияр Білім беру саласы
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Тақырыбы: Жақсы мен жаман әдетті тауып көр. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы Топ : «Балдырған» Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Суретті қарау проблемалық
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Ата-аналарға арналған конференция Тақырыбы: Біз –махаббат пен бақытың қайнарымыз! Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Сабақ Тақырыбы:»Сипаты бойынша таны.» «Балдырған»тобы Өткізкен тәрбиеші: Наурызбаева Б. Н
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы: «Үш жолдас» (әңгіме). Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Дәрігер Айболит»(ертегі) Корней Иванович Чуйковский Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Мерзімі: 14. 10. 2015ж Топ жасы: естияр тобы Білім беру саласы:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет