бойынша жылжуды және серпімді тербелістерде энергия таратылуды
тудырады. Гидравликалық жүйелердегі жұмыстық сұйықтықтардың кӛлемдік
тұтқырлығы толық зерттелмеген және техникалық есептерді шығарғанда ол
ескерілмейді.
Тамшылы сұйықтардың тұтқырлығы оның температурасына тәуелді,
температура жоғарылаған сайын сұйықтық тұтқырлығы тӛмендейді.
Газдардың тұтқырлығы керісінше, температура жоғарылаған сайын
тұтқырлығы да жоғарылайды. Оның түсінігі ретінде, сұйықтық
молекулалары газ молекулаларына қарағанда бір-біріне жақын орналасуын
және тұтқырлық молекулалар ілінісуінің күшінен пайда болатынын айтуға
болады. Молекулалар ілінісуінің күші сұйықтық температурасы ұлғайған
сайын азаяды, соның әсерінен тұтқырлық та азаяды. Ал газдардың
тұтқырлығы, негізінен, ондағы молекулалардың ретсіз жылулық
қозғалысымен түсіндіріледі де, ол қозғалыстың қарқыны температура
ұлғайған сайын ӛседі. Сондықтан газдардың температурасы ұлғайған сайын
тұтқырлығы да ӛседі
Достарыңызбен бөлісу: