6. Тістердің аса қажалуының компенсерленген формасының бастапқы кезені,клиникасы. Жалпы мінездеме: Патологиялық қажалудың жайылмалы формасында барлық тістердің сауыт бөлігінің көлмеі кішірейеді,нәтижесінде альвеоаралық биіктік қысқарады.Оның клиникалық көрінісіне қарай 2 топқа бөліп қарастырады.Бірінші топта альвеолярлық өсінділер биіктгі қысқарады,ал екінші топта беттің төменгі үштен бірінің ұзындығы өзгермейді,төменгі жақ буын басы да өзгермейді.Бұл қажалудың компенсерленген формасы.
Тістердің қатты тіндерінің қажалып жоғалған тіндері альвеолярлық бөліктің гипертрофиясы көмегімен қайта компенсерленеді.Бұл формада қажалған тістер антагонист тістермен контактісін сақтайды.Альвеола аралық биіктік аса жоғары қажалған аймақта ғана қысқарады,ал қалған беттің биіктігі өзгермейді.
Бастапқы кезеңінде қажалу эмаль деңгейінде болады.
Клиникасы:
Тіс сауытының көлемінің кішіреюі
Бүйір тістердің шайнау беті,ал фронтальды тістерде кесу қыры қажалып кетеді.
Шайнау функциясы бұзылады.
Эстетикалық шағым болады.
Шайнау бұлшықетінің гипертонусы
Сілемейлі қабаттың зақымдануы
Тістердің гиперестезиясы туындайды
Тістердің аса қажалуы компенсерленген формасының дамыған кезені,клиникасы.
Қатты тіндердің қажалуы жоғарылауының генерилизованный компенсацияланған түрі барлық тістердің коронкаларының вертикальды өлшемдерінің төмендеуімен көрінеді, бірақ беттің төменгі бөлігінің биіктігі өзгермейді. Тістердің аса қажалуы компенсерленген формасының дамыған кезені, клиникалық көрінісі тіс қатарының ақауларымен және шайнау бұлшықеттерінің парафункциясы қиындаған жағдайларда көрініс табады. Антагонист тістердің көп бөлігі жоғалтқан кезде, қалған тістерге функционалдық жүктеме артады, бұл тістердің қатты тіндерінің қажалу процесін тездетеді және периодонттың шамадан тыс функционалды артық күш түсуіне әкеледі. Периодонт тіндеріндегі қажалудың компенсирленген түрі белгілі бір жағдайларда ғана сақталады:
тіс қатарларының сау болуы,
шайнау бұлшықеттерінің қалыпты қызметі,
периодонт тіндерінің жоғары төзімділігі.
Тіндердің төзімділігі төмендеген кезде декомпенсацияланған күй пайда болуы мүмкін, бұл деструктивті өзгерістерге әкеледі.
Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігінің төмендеуі және окклюзияаралық биіктігінің төмендеуі көбінесе шайнау бұлшықеттерінің парафункциясымен (бруксизм), төменгі жақтың бүйірлік және сагиттальды ығысуымен бірге жүреді. Бұл жағдайда СТЖБ элементтерінің топографиялық қатынастары өзгереді.
8.Альвеолааралық биіктіктігін өзгеруінсіз протездеуге науқастардың ауыз қуысын дайындаудың негізгі принциптері. Егер бізде алвеола аралық биіктік өзгермеген болса онда бұл жердегі біздің негізгі принціпміз ол :
Алдымен протезге орын дайындау
Протездеу
Яғни бұл жерде алвеолярлы өсіндінің вакантты гиперрофиясы нәтижесінде антогонист тістер бір бір-бірімен контакты сақтайды ,ал алвеола арылық биіктік өзгермеген болып қалады .Ал біздің мақсатамыз бұл жердегі алвеолярлы өсіндінің гипертрофиясын қалыпқа келтіру (нақты жету керек приниципіміз осы ).Әйтпесе , (компенсирленген болғандықтан ) тістеріміз қажалғыштығы одан арымен арта береді .
Енді протезге орын дайындау қалай өтеді :
-қажалған тістерді көбінесе алдыңғы жақтағы тістерге пластамассалы капа қоямыз ,осы кезде бүйір жақтағы тістердің қатынасы бір-бірінен ажырайды .
-солайша қажалған тістер аймағына функционалдық нагрузка түсіп алвеолярлы өсіндіде перестройка болып ,3-4 айда болашақ протезге орын пайда болады .