1-тоқсан бжб №1 Қазақ тілі пәнінен «ІІ. Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет2/2
Дата21.10.2022
өлшемі22,13 Kb.
#154341
1   2
Байланысты:
11 - БЖБ № 2 -тіл ҚҒБ

1-мәтін

2-мәтін

Стилі







Тақырыбы







Автор көзқарасы





Мақсатты аудиториясы және мәтіннің мақсатты аудиторияға қатысты мақсаты





Құрылымы





Стильдік ерекшеліктерге сәйкес тілдік қолданыстардан мысал келтіріңіз және себебін түсіндіріңіз










Бағалау критерийі



Дескриптор Білім алушы

Б

Ж

мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтайды және ғаламдық мәселелермен ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады

1

Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды

1




Мәселені ғаламдық мәселемен байланыстырады

1




Мәселенің ғаламдық мәселеге ұқсастығын анықтайды

1




Мәселенің ғаламдық мәселеден айырмашылығын ажыратады

1




әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды

2

1-мәтіннің стилін анықтайды

1




2-мәтіннің стилін анықтайды

1




1-мәтіннің тақырыбын анықтайды

1




2-мәтіннің тақырыбын анықтайды

1




1-мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды

1




2-мәтіндегі автор көзқарасын анықтайды

1




1-мәтіннің мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін анықтайды

1




2-мәтіннің мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін анықтайды

1




1-мәтіннің құрылымын анықтайды

1




2-мәтіннің құрылымын анықтайды

1




1-мәтіннің тілдік ерекшелігін анықтайды

1




2-мәтіннің тілдік ерекшелігін анықтайды

1




Барлығы

16

Жинағаны




Елімізде жастардың көбеюі, әрине, көңілге қуаныш ұялатады. Еліміздің кемел келешегі болып саналатын жастар, яғни біздер, халқымыздың өсіп-өркендеуі, қоғам үшін де маңызы зор құндылықтың бірі болып саналамыз. Алайда «біздің болашағымыз» деп мақтана жүретін жастарымыздың мінез-құлқы мен тәрбиесі, олардың киген киімі мен ұстанған үлгісіне сәйкес болмай жататыны – ащы да болса, шындық. Негізгі нысанаға, алдымен, мектеп оқушылары мен арнаулы орта оқу орындарында және кәсіптік мектептерде білім алып жатқан жастарды алатын болсақ, олардың қатарында ауылдан шыққан қаракөздермен бірге қаланың «гламурный» ұл-қыздары да бар. Ауылдан келген ұяң баланың көрген өнегесі қалалықтарға қарағанда өзгешелеу болатыны да жасырын емес.


Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әртүрлi сән үлгiлерiне, әуендерге қызығушылықтан туған. Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшiн таңсық емес. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. Дегенмен мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында халықтық салт-дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.
Тағы да бір айта кететін мәселе, теледидардан толассыз берілетін кәріс, түрік сериалдары да бесіктен белі шықпаған бүлдіршіндеріміздің санасын улап жатқаны рас. Кәріс елінің атақты жас әртістерінің суреттерін қолдарына ұстап, жүректеріне басып жүрген қаракөз қыздарымыз қаншама? Кәріс жігіттеріне еліктеп, шаш өсіріп, оларды өздеріне үлгі қылып алған қара домалақ қазақтың қайран жігіттері-ай!
Өкiнiштiсi сол, сырттан енген субмәдениеттiң кең қанат жаюына жағдай жасап, есiктi айқара ашқанымыз соншалық, өз жастарымызды танымайтындай халге жеттік. Қазақтың ұлттық мәдениетіне жат киім үлгілері, қыздарымыздың тобықтан келетін белдемшелерінің тізенің үстіне көтерілуі, омырауы ашық көйлектерді киюі, батыс мәдениетінің жастардың жүрегінің төрінен орын алуынан.
Шынын айтсақ, мысықтабандап келген субмәдениеттiң елімізде дамуына шектеу қоятындай арнайы заң жоқ. Екшеп-текшейтiн, қадағалап, саралайтын, тиiмдi-тиiмсiзiн сараптап қадағалайтын мемлекеттiк орган тағы жоқ.
Сондықтан, өзін қазақпын деп санайтын және сол сөзді мақтана қуанышпен айта алатын әрбір қазақ жастары – біз бұл келеңсіз жайттарға жол бермеуіміз керек! (290 сөз)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет