Тапсырма Екі мәтінді мұқият оқып, тақырыбын, құрылымын, мақсатын, аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстырып талдаңыз. Екі мәтін ақпаратын байланыстырып, пікір білдіріңіз.
[10]
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, оған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма- жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң –көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.
мәтін
Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлемде отбасы күні тойланады. Осы мереке қарсаңында Ruh.kz порталы Отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Айгүл Рақышевадан сұхбат алды. Отбасылық құндылықтар және Қазақстандағы отбасы институты туралы әңгімелесті.
-мммм....“Ұлы жол – отбасы табалдырығынан басталад”. Осы халық мақалы арқылы бүгінгі әңгімемді бастағым келед. Отбасы, адалдық және махаббат – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылықтар. Адамның өмір жолы отбасынан басталад: туылу, тәрбиелеу, құндылық бағдарлары мен көзқарастарын қалыптастыру, дәстүрлерді беру, рухани-адамгершілік даму. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық Отбасы күні жарияланды. ...
негізгі миссиясы мерекенің– қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылықтарын тәрбиелеу және нығайту мәселелеріне аудару.