1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 20
Тапсырма түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
(2-x)5 биномын жіктеуде x4 коэффициентін анықтаңыз.
[2]
Теңсіздіктер жүйесінің шешімі болатын нүктелер жиынын салыңыз:
[3]
Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
[4]
Eкі санның арифметикалық ортасы 7-ге, ал квадраттарының айырымы 14-ке тең. Осы екі табыңдар.
[3]
Сан құрамындағы цифрларды қайталамай, 1, 2, 3, 4, 5 цифрларынан құралған 2-ге қалдықсыз бөлінетін неше үштаңбалы сан құрастыруға болады?
[3]
Қорапта 5 ақ және 7 қара шар бар.
а) Қораптан 5 шарды қанша тәсілмен таңдауға болады?
b) Қораптан таңдалынатын 5 шардың ішінде ең болмағанда 3 ақ шар таңдаудың неше тәсілі бар?
[5]
Балл қою кестесі
Достарыңызбен бөлісу: |