1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4 Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4



бет1/8
Дата01.12.2019
өлшемі0,58 Mb.
#52821
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
!10-ТС Геометрия 8 класс каз




«Геометрия» пәнінен

тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

8-сынып

Содержание


1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4

3. «Геометрия» пәні бойынша күтілетін нәтижелер 4

4. «Геометрия» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі, 8 сынып 5

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 6

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6

7. Модерация және балл қою 6

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 12

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 17

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 23



1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.



2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Геометрия» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.

3. «Геометрия» пәні бойынша күтілетін нәтижелер



Білу:

- көпбұрыштар жіктемесін білу;

- жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін білу.
Түсіну:

- математиканың академиялық тілін түсіну;

- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын түсіну;

- аксиома мен теорема сияқты математикалық категориялардың мағынасын түсіну;

- жазықтықтағы геометриялық салулар мен өлшемдердің қағидаттарын түсіну.
Қолдану:

- математикалық есептерді шешу алгоритмдерін қолдану;

- геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралардың қасиеттерін қолдану;

- түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді қолдану;

- түпмәтінге сәйкес математикалық терминологияны қолдану.


Талдау:

- геометриялық фигуралардың өзара орналасуын талдау;

- математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын талдау.
Жинақтау:

- математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін жинақтау;

- аксиомалар мен теоремалар арқылы дәлелді пікірлерді жинақтау;

- геометриялық түрлендірулерді қолдана отырып құрастыру есептерін шешу тәсілдерін жинақтау.
Бағалау:

- есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін бағалау.



4. «Геометрия» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі, 8 сынып





Ойлау дағдыларының деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

  • көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтерінің; трапецияның; параллелограмға ғана сай қасиеттері мен белгілерінің; тікбұрышты үшбұрыштың кабырғаларының катынастары арқылы бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің; тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын;

  • центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін.

Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе

Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады




Қолдану

  • көпбұрыштың ішкі бұрыштарының және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қорытып шығару;

  • Фалес теоремасы және пропорционал кесінділер туралы теореманы қолдану;

  • циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу;

  • үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдейді және қолдану;

  • Пифагор теоремасын қолдану;

  • тікбұрышты үшбұрыштағы пропорционал кесінділерге байланысты қатынастарды қолдану;

  • параллелограммның, ромбтың, үшбұрыштың, трапецияның аудандарының формулаларын қолдану;

  • жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептеу;

  • кесінді ортасының координаталарын табу;

  • түзудің жалпы теңдеуін, екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу.

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет

ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады




Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

  • берілген элементтері бойынша тік бұрышты үшбұрыш салу;

  • екі нүктенің арақашықтығын табу, кесінді ортасының координаталарын табу, кесіндіні берілген қатынаста бөлу, центрі (a;b) және радиусы r болатын шеңбер теңдеуінің формулаларын қолданып, есептерді шығару.

Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады



5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу





Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

0%

100%

0%

II

14%

86%

0%

III

20%

80%

0%

IV

14%

86%

0%

Барлығы

12%

88%

0%





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет