Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Күтілетін нәтиже Біледі:
практикалық жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін; географиялық зерттеулер әдістерін; аумақтық кешендерді; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу және орналасу ерекшеліктерін; заманауи геоақпараттық жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктері мен қолдану аясын; географиялық қабық пен географиялық ортаның, геосфералардың құрамын, құрылымын, заңдылықтарын, дамуының басты кезеңдерін; карталардың түрлерін, жіктелуін және элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының табиғаты ерекшеліктерін; әлем, жекелеген аймақтар, елдер және Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық және салалық құрылымын, даму жағдайлары мен факторларын; халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен нысандарын; елді мекендердің түрлерін, құрылымын, Қазақстан аймақтарының табиғи- ресурстық әлеуетін; елдердің типологиясын; экономикалық жүйелердің модельдерін; халықаралық байланыстардың түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын.