1-тоқсанға арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Молекулалық биология және биохимия». «Жасушалық биология» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
10.4.1.1 Жердегі тіршілік үшін судың іргелі
маңызын түсіндіру;
10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы және
қызметтері бойынша жіктеу;
10.4.1.5 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы,
атқаратын қызметтері бойынша жіктеу;
10.4.1.11 РНҚ және ДНҚ молекулаларының
құрылысын салыстыру;
10.4.2.1 электронды микроскоп арқылы көрінетін
жасуша органоидтерінің құрылысы мен
қызметтерінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Бағалау критерийі
Білім алушы:
1.
Жердегі тіршілік үшін судың іргелі маңызын
түсіндіреді.
2.
Көмірсулардың құрылымын, құрамын және
қызметтерін сипаттайды.
3.
Нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы,
атқаратын қызметтері бойынша жіктейді.
4.
РНҚ және ДНҚ молекулаларының
құрылысын салыстырады.
5.
Электронды микроскоп арқылы көрінетін
жасуша органоидтерінің құрылысы мен
қызметтерінің ерекшеліктерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу, түсіну,қолдану
Орындалу уақыты
20 минут
10сынып
«Биология» пәнінен 1-тоқсанға арналған бөлім бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары
1.Табиғаттағы су айналымына өсімдіктерде үлесін қосады. 1-суретке назар аударыңыз.
1-сурет
(а) Суретте су айналымының биологиялық маңызды процесстері көрсетілген. Өсімдік
тіршілігінде жүретін сол маңызды процесске не жатады және оның маңызы қандай?
(2)
(b)Өсімдікте табиғаттағы су айналым процессінің жүру жолын жазыңыз.
(2)
2.Төменгі 2-суреттегі сызбада берілген көмірсу -дәмсіз аморфты ұнтақ, суық суда ерімейді,
микроскоптың астында жеке дәндер көрінеді, сығылған кезде бөлшектердің үйкелісінен
дыбыс шығарады
(а) Берілген көмірсуды атаңыз.
(1)
(b)Оның қасиеттері мен қызметтеріне сипаттама беріңіз
(2)
3. Төмендегі 3 - суретте нәруыздың үшінші реттік құрылымы және оны түзуге қатысатын
байланыстар түрлері берілген.
(а) 3-cуреттегі ақпаратты пайдаланып нәруыздың құрылымы бойынша түрін анықтаңыз.
Шаршының ішіне V немесе X белгісін қойыңыз.
Глобулалық (1)
Фибрилярлық
(b) Берілген құрылымдағы нәруызға мысал келтіріңіз. (2- ден кем емес)
(1)
(c) Глобулалық және фибрилярлық нәруыздарды салыстырып, ерекшелігін сипаттаңыз.
(1)
4. Суретке назар аударыңыз.
(а ). ДНҚ және РНҚ-ның бір-бірінен айырмашылыған
төмендегі кесте бойынша сипаттаңыз.
(5)
5.Төменде жасуша құрылысы берілген.
(а) 4-сурет бойынша жасуша түрін анықтаңыз.
(1)
(b) 4-сурет бойынша В және С органеллаларын
анықтаңыз.
(1)
(c) D құрылымның қызметін сипаттаңыз.
(2)
Барлығы
20
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Жердегі тіршілік үшін судың
іргелі маңызын түсіндіреді
1
Берілген процестің атауын анықтайды
және маңызын жазады.
2
1
Өсімдікте табиғаттағы су айналым
процессінің жүру жолын сипаттайды.
2
Көмірсулардың құрылымын,
құрамын және қызметтерін
сипаттайды
2
(а)
көмірсуды атайды.
1
2(b)
көмірсулардың қызметін сипаттайды.
2
Нәруыздарды олардың
құрылымы, құрамы,
атқаратын қызметтері
бойынша жіктеу
3(а)
Нәруыздарды құрылымы бойынша түрін
анықтайды.
1
3
(b)
Нәруызға мысал келтіреді
1
3
(c)
Глобулалық және фибрилялық
нәруыздарды салыстырып ерекшелігін
сипаттайды.
.
2
РНҚ және ДНҚ
молекулаларының
құрылысын салыстырады
4(а)
ДНҚ мен РНҚ жіпшелерін анықтайды
ДНҚ мен РНҚ-ның негізгі бөлігінің
орналасуын анықтайды
ДНҚ мен РНҚ-ның азотты негіздерін
анықтайды
ДНҚ мен РНҚ-ның көміртекті қантын
анықтайды
ДНҚ мен РНҚ қызметтерін анықтайды
1
1
1
1
1
Электронды микроскоп
арқылы көрінетін жасуша
органоидтерінің құрылысы
мен қызметтерінің
ерекшеліктерін сипаттайды
5(а)
Сурет бойынша жасуша түрін
анықтайды
1
5(а)
Берілген органеллаларды атайды
1
5(а)
D қызметін сипаттайды
2
Достарыңызбен бөлісу: |