1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары
1. Тұрақты ток . Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары. Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы. Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді.
Тұрақты электр тоғы - электр зарядтарының реттелген қозғалысын айтады. Ток бағытынаоң зарядтардың қозғалыс бағытын алады. Электр тоғының сандық өлшемі ретінде ток күші қызмет етеді. Тұрақты ток үшін: . Ток күшінің өлшем бірлігі – ампер (А).
Электр тізбегі – бұл электр энергиясын өндіретін, түрлендіретін, жеткізетін және тұтынатын құрылғылардың жиынтығы. Электр тізбегі электр энергиясы көзінен, сым арқылы жалғанған қабылдауыштардан және өлшеу құралдарынан тұрады..
Электр энергиясының көзі деп басқа бір энергияны электр энергиясына түрлендіруге арналған қондырғыны немесе аспапты айтады. Мысалы аккумуляторы электр генераторы машина термоэлектр генераторы фотоэлемент ,т.б.
Электр энергиясын тасымалдайтын тарататын құрылғылар мен қондырғылар және басқаратын аспаптарға электр желілері, трансформаторлар, сақтандырғыштар, релелер,магниттік жібергіш т.c.c.жатады.
Трансформатор қажеттігі электр энергиясының оны таратқан кездегі шығынын азайту және сымдық материалды үнемдеу мақсатынан келіп туған.
Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталу тогынан қорғауға арналған аспап. Құрылысының қарапайымдылығы , бағасы мен жегу шығындарының арзандығы , мөлшерінің кішілігі , ажыратқыштық қабілетінің жоғарлығы оны кең қолдануға мүмкін етті. Сақтандырғыштың әрекеттік парқы ондағы балқығыш қыстырғының токтың әсерінен қатты қызып, балқып үзілуіне негізделген.
Реле деп белгілі-бір мөлшерлі физикалық шаманың әсерінің нәтижесінде екінші-бір жүйенің күйін секірмелі өзгертуге арналған аспапты айтады. Реле әртүрлі салада әртүрлі қызмет атқарады.