1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары


Электронды-кемтікті өткел (р-n өткелі)



бет23/44
Дата23.10.2023
өлшемі241,88 Kb.
#187755
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энер-emirsaba.org

Электронды-кемтікті өткел (р-n өткелі). Электронды-кемтікті өткел жартылай өткізгіштің біртұтас кристалындағы p- және n-аумақтың шекарасында түзіледі. Негізгі заряд тасымалдаушылардың диффузиясы нәтижесінде p-n өткелдің жапсарлас аумағында электр өрісі – потенциалды тосқауыл пайда болады. Бұл потенциалды тосқауыл жапсарлас аумақтағы негізгі заряд тасымалдаушылардың концентрациясының теңгерілуіне кедергі жасайды. Потенциалды тосқауылдың биіктігі дегеніміз потенциалды тосқауылдағы контактілік айырма. p-n өткелді электр тізбегіне қосу кезінде қоректендіру көзінің оң полюсіне р аумағын, ал теріс полюсіне n аумағын қосу тура қосылу деп аталады. Ал p-n өткелді, қоректендіру көзінің оң полюсіне n аумағын, ал теріс полюсіне р аумағын қосу кері қосылу деп аталады. Сонымен, тура бағытта қосылған p-n өткел кезінде электр тоғы өтеді, ал кері қосылған жағдайда p-n өткел арқылы ток өтпейді.
p-n өткелдің негізгі сипаттамасы кернеудің мәні мен полярлығының тәуелділігін көрсететін вольт-амперлік сипаттама болып табылады.
Электр тізбегінің элементтері активті және пассивті болады. Егер элемент жұмысын - кедергі, - индуктивтілік, - сыйымдылық және - өзара индуктивтілік параметрлері түсініктерімен сипаттасақ, онда бұл элемент – пассивті. Егер элемент жұмысын сипаттау үшін электр тізбегі шамалары ( - тоқ күші, - кернеу, - ЭҚК) түсініктерін қолдану қажет болса, онда бұл элемент – активті. Активті элементке барлық қоректендіру көздері және кейбір қабылдағыштар (аккумуляторлар, қозғалтқыштар және басқалары) жатады.
Электронды сұлбалардың көмекші және пассивті элементтеріне резисторлар, конденсаторлар, индуктивті катушкалар және трансформаторлар жатады.
Жартылай өткізгішті диодтар. Жартылай өткізгішті диодтар деп бір электрлік өткелі және екі шықпасы бар жартылай өткізгішті аспапты айтады. Электронды-кемтіктік ауысуды алу тәсіліне байланысты жартылай өткізгішті диодтар екі түрге: жазық және нүктелік деп бөлінеді.
17)Биполярлы транзисторлар. Транзисторда өтетін процесстер және транзистордың токтары. Транзистордың жұмыс режимі. Транзистордың қосылу схемалары: ОБ, ОЭ, ОК. Транзистордың статикалық сипаттамалары. Транзистордың күшейткіштік қасиеттері.


  • Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) -- электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.




  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет