1 Тјрбиеніѕ теориялыќ-тўжырымдамалыќ мјселелері


Қалыптасу: мақсат ұсыну, жақын және алыс болашақтың қалыптасуы, актив (белсенділер) белгілеу; талап қоюшы мұғалім. Тұрақтылық



бет26/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#94226
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Байланысты:
8cc4cdad-a258-11e4-8a1d-f6d299da70eeпедагогика окулык

Қалыптасу: мақсат ұсыну, жақын және алыс болашақтың қалыптасуы, актив (белсенділер) белгілеу; талап қоюшы мұғалім.
Тұрақтылық: активтің жетекшілігімен өзін-өзі басқару , болашаққа жоспар; талап қоюшы актив.
Өркендеу : қоғамдық пікір қалыптасқан, бір-бірімен жауапкершілік қатынаста; талап қоюшы – барлығы.
Жоғарғы кезең :өзін-өзі басқару толық түрде, жалпы құндылық пен қағида (ереже) дәстүр ,талап қоюшы әрбірі.
Ұжымның өзіндік күрделі құрылымы бар, себебі басқа да ұжымпен ортақ мақсаттарымен байланысты болуы мүмкін.
Ұжымдағы негізгі басшы болып алғашқы ұжым есептеледі. А. С. Макаренко 12-15 адамнан тұратын жасақты (отрядты) атады. Мектеп ісінде бұл сынып оқушылары болса, ал жоғарғы оқу орындарында – академиялық топ, яғни студенттер тобы.
А. С. Макаренко алғашқы ұжымға ерекше мән берді, психологиялық тұрғыдан оны баланың жеке басымен араламудың, ықпал етудің құралы деп есептеді. Шынында да ұжымда балалар бірімен-бірі жақын араласады, бірігіп қоғамдық жұмыстар атқарады, ортақ мүддеге көзқарастары қалыптасады.
Ұжымның екінші құрылымдық белгісі ретінде біріктірілген жасақты айтуға болады. А. С. Макаренко қоғамдық топтардың командирін тәрбиелеуден қорықты. Ол барлығы да басқара білуге және бағына білуге тәрбиеленуін қалады. Біріктірілген жасақ жекелеген істерге құрылды. Біріктірілген жасақтың командирі алғашқы ұжымның қатардағы мүшесінің бірі бола алды. Бұндай жағдайда шет жүретін және жинақы емес, белсенді емес балалардың өзін ынталандырып тартуға болатындығы байқалды. Бұндай ұйымға үлгі ретінде коммуна жұмысы әдістерін жатқызуға болады (мысалы, И. П. Ивановтың шығармашылық топтарын).
Ұжымның үшінші бір құрылымдық бірлігінің белгісі А. С. Макаренко тәрбиеленуші деп есептеледі. А. С. Макаренконың педагогикалық іс-тәжірибесінде әрбір тәрбиеленушіге оның атқаратын жұмысына қарай атақ–дәреже берілді, мысалы: тәрбиеленушілер, коммунарлар, коммунар-дзержиншілер.
Төртінші құрылымдық бірліктің белгісі ұжымдағы өзін-өзі басқару органдары. Біріншіден: бұл жалпыға бірдей жиналыс. Бірде бір шешім жиналыссыз қабылданбайды. Күнделікті жұмыс барысын командирлер кеңесі басқарады.
Мектеп ұжымында әр тармақты, әр түрлі алғашқы ұжымдар болады да, бала әр түрлі жағдайда әр түрлі іс-әрекеттер жасайды (мысалы: ол бірде – оқушы , бірде – спортшы, бірде – артист, т.б.).
Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда ұжым – бұл белгілі іс-әрекет, тәрбие қызметін таратушы орта:

  • ізгілік тәрбиесі: балалар ұжымы адамгершілік игі қасиеттерді таратушы;

  • ұйымдастырушылық: балалар ұжымы қоғамдық-әлеуметтік жұмыста басқарудың әрекет иесі;

  • ынталандыру: балаларды азамат етіп тәрбиелеу , қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу , ұжым мүшелерінің бір–біріне деген қарым-қатынасы мен мінез-құлықтарын қалыптастыруға ықпал ету; жалпы алғанда бұл қызметкерлердің бәрін дерексіз түрде ғана атауымызға болады. Ал шын мәнісінде тәрбие жұмысының барысында жоғарыда атап кеткен қызметтердің бәрі и де балалар ұжымын ұйымдастыруда тұтас жүріп жатады.

Ұжым – балаларды тек ортақ мақсат пен ортақ еңбекте ғана емес, сондай-ақ сол еңбекті ұйымдастыруда да біріктіреді .Ұжымда жетекшілер болуы және ұжымның әр мүшесінің белгілі міндеттері болуға тиіс.
Бірінші .Егер тәрбие жұмыстарының мәселелері көпшілікті қызықтыратындай етіп құрылса, онда ұжымның бұл міндеттерді сәтті шешкендері.
Екінші. Ұжымның іс-әрекет қызметін таңдағанда, міндетті түрде жеке –жеке балалардың қызуғышылық әрекеттерін ескеру керек.
Үшінші. Ұжымның жұмысы сол уақытта сәтті болады, егер әрбір бала тыс қалмай , әр қайсысы белсенді қатысушы болса.
Төртінші. Ұжымның іс-әрекет қызметін ұйымдастыруда қатысуға түрткі болуды ескеру.
Бесінші. Адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруда, балалардың бойында адамгершілік құндылыққа түрткі болатын ,оларды біріктіре түсетін нәрсе – ұжымдық шығармашылық ойындар.
Бірлесе жұмыс жасау барысында мектеп оқушыларының арасында әр түрлі қарым-қатынастар қалыптасады, ұжымның күрделі ішкі өмірін құрады.
А. С. Макаренконың іс-тәжірибесі бойынша бұл жауапкершілікке тәуелділік, немесе іскерлік қарым-қатынас деп аталады. Ұжымда белгілі нәтижеге қол жеткізу үшін ұйымдастырушылар мен орындаушылардың алдында атқаратын жұмыстары нақты және дұрыс бөлінсе: ұжым мүшелері бір–бірінен және әрқайсысы өз-өзінен ережеге бағынуды талап ете отырып мақсатқа жетеді.
Ұжымдағы іскерлік қатынастарды төмендегіше бағалауға болады:

  • сайланған активтердің тапсырмалары мен ұсыныстарын қалай қабылдайды;

  • ұжым ұйымының шешімін қалай қабылдайды;

  • ұжым өмірінің ережелерінің бұзылуының жиі болу, шешім қабылдауын, т.б.

Ұжымда осындай қарым-қатынастар болмаса, онда олар ұжым болып есептелмейді. Егер іскерлік қатынастар жоғары дамыған болса, мектеп оқушыларын ұйымдастыруға ғана жұмылдырса, онда ұжымның өмірге сезімі төмендейді, бір-бірімен қарым-қатынастары азаяды, ұжым мүшелерінің арасы суыйды, бұгндай жағдайда оқушы үшін ұжым деген ұғым формальды түрдегі бірлестік болып шығады.
Сондықтан баланың ұжымда бір-бірімен қарым-қатынасын дамыту қажет, олардың адамгершілік қасиеттерін дамытуды көбірек ойластыру қажет. Сондай-ақ балалар ұжымы бір-бірімен достық, жолдастық қарым-қатынассыз, бір-бірін түсінбесе, ұжым болып дамымайды.
Осындай жағдайлар қалыптасқанда ғана бала ұжымда өзін еркін, сезімтал, өз орнын жайлы сезіне алады.
Өз дамуында әр ұжым (оны құру жөніндегі жұмыстың біртұтастығы және үздіксіздігі жағдайында) бірнеше сатыдан өтеді. Біріншіден: ұжымның құрылуы, іс-әрекеттері, қарым-қатынастары, екіншіден, ат үсті, қайталама қорғаушы күш, туынды іс-әрекет қатынастары - қоғамдық көзқарас, көңіл-күй, хал-жайы, дәстүр, құндылық ұжым мүшелерінің өмірлік мұраты, үлгі тұтар мінез-құлықтары, өзін-өзі бағалау; және соңғысы, ұжымның даму барысын ұжым мүшелерінің белсенді іс-әрекет қылықтарына қарай бағалау керек. Жаңадан құрылған ұжымның және жеке тұлғаның іс-әрекеті туралы деректерді жинақтай көрсетсек, оның іштей күрделі даму үдерісінен өткенің байқаймыз. Мұндай ұжымның даму сатысындағы оң шешімдер, күнделікті ұжым өмірінің алдындағы мақсат- міндеттерді талап етуші адамға байланысты.
Сонымен ұжым құрудың басты міндеті – балалардың болашақ өмірге қоғамдық құнды мақсаттар қою. Бұл жұмысты балалардың тек орындап қана қоюы емес, олардың қалай өмір сүруі қарастырылады. Бұл мақсат балаларды ұжымға жұмылдыра біліп, саналы түрде олардың адамгершілік, іскерлік ,шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Ұжым алдына мұндай мақсат қою оңай емес. Ол үшін сол ұжымға бірігетін әр баланың жеке қызығушылығы , мінез-құлық болмысы, көзқарасы, ұжым туралы ойы, мәдениеттілік пен бір-біріне деген қарым-қатынасын анықтау керек. Болашақ ұжымның іс-әрекетін, жеке мақсаттарын шешуде мұндай мағлұматтар өте қажет.
Ұжымның өмірдегі мақсаты – қоғамдық адамгершілік құндылықтармен байланысты бірінші сатыда – алыста тұрған, келешекте қиындықпен қол жеткізер ісі деп қарау.
Бір-біріне іс-әрекет қарым-қатынастағы түрткі болатын жеке мақсаттар мен қызықтыратын және міндетті істер – таяудағы және келешектегі жоспарлар ерекше ой, мән береді.
Бұндай таяудағы және келекшектегі (сенбіліктер, саяхаттар, т.б.) жоспарда бірінші, балалардың өздері, ұжымның белсенділері арқылы өздеріне қызықты және қажетті деген дерін таңдауы керек және әрбір бала міндетті түрде сол жұмысқа қатысуы керек.
Бірінші сатының келесі қадамы – ұжымның жоспары. Оқушылар ұжымын құру және топтастыру жөніндегі жұмыста – активті іріктеудің маңызы зор. Бұл жағдайда ұжымдық жоспарлау кезінде көзге түскен белсенді,тез тіл табыса алатын балаларға сүйену керек. Олар ұжымның алға қойған мақсаттарына жетуге талпындырады. Тұрақты активтерден басқа уақытша комитет сайлап жұмыс жүргізілсе, белсенді оқушылар саны көбейе бастайды.
Алғашқы сатыда тәрбиеленушілердің ұжымдық іс-әрекетте тәжірибелерінің болмауынан педагогикалық басшылықта біраз қиындықтар туындайды.
Ұжым өмірінің алғашқы сатысында ұжымның тындырған ісіне талдау жасау маңызды болып есептеледі.
Бірінші саты аяқталды деуге болады, егер:

  • ұжымның таяудағы және келешектегі жоспарының қабылдануы, қоғамдық ортақ істе қызуғышылық пен белсене атқаруға тырысуы;

  • ұжымның үздіксіз іс-әрекеті ,(бұған ерекше назар аударған жөн, себебі, ұжымның құлықсыз, баяу, үзіліспен жасаған істерінен қол жеткізген нәтижелерін жоғалтып алғаны өмір тәжірибесінде байқалады);

  • ұжымның көпшілік мүшелері белсенді қимыл-әрекеттер жасайды;

  • жауапкершілік тәуелділік қалыптасады, іскерлік және шығармашылық байланыс туындайды;

  • ұжымның алдыңғы бөлігінде – оның активі (ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, белсенді, қызуғушылығы басым балалар тобы);

  • оқушыларда ұжым өмірінің әр саласына қызығушылығы арта түседі, бір-бірімен араласу, жолдастарымен белсенді жұмысқа қатысулары, жетістіктері.

Екінші сатыда ұжым дами түседі, күрделі мәселелерді шешу жолында алға бағытталған қадамдар жасайды. Алдымен ұжым өзін -өзі басқаруға көшеді, ұжым өмірін ұйымдастырудың тәсілдері күрделінеді. Алдыңғы қатарлы тәжірибе көрсеткендей , өзін-өзі басқару - тек өзін-өзі басқару ғана емес, ең алдымен аталған ұжымның барлық мүшелерінің өмірде өз-өздерін басқара білуге қатысуларына жағдай жасау.
Екінші сатының өзіндік ерекшелігі – оқушылардың тәжірибеде іс-әрекеттерінің күрделенуі. Енді таяудағы жоспарлар орын алады , көңіл көтеріп дем алу, ұжымдагі жеке жетістіктермен жалғасады. Бірақ екінші сатының ерекшелігі бұл емес. Оқушылар өздіктерінен жоспарлайды, күрделі өзіндік тану, саяси және еңбек іс-әрекет қызметтерін ұйымдастырып жүргізеді.
Бұл сатыда іскерлік қарым–қатынас аяқталмайды, ұжымның мүшелері бақылау қызметін атқаратын басқалардан жауапкершілікпен орындалуын талап етеді. Ұжым мүшелерінің бір-біріне деген шығармашылық қызмет көрсету; бір-біріне көмектесе отырып бірін-бірі үйретуінен көрінеді.
Жан-жақты қарқынды жоспарланған қатынас барысында екінші сатының жаңаша құрылымы – байсалды, мазмұнды, қоғамдық көзқарас – алғашқы сатыда ол қажетті барлық белгілерді меңгермеген, қалыптасу үстінде ғана болды.
Өзгерістер актив ішінде де болады.Егер алғашқы бірінші сатыда актив құрамында белсенді, өздері бірге ат салысатын , ұжым ісіне қызуғушылықпен қарайтын ынталы оқушылар болса, екінші сатыда олардың орнына ұжым өмірінің адамгершілік құндылық тәжірибе жүзінде құратындар келеді.
Екінші сатыны құрылды деп есептеуге болады; егер:

  • ұжымның барлық шығармашылық бастамасы мен адамгершілік мақсат мағынасына ие болған жағдайда;

  • ұжым өзін-өзі басқарудың белсенді дамуын, іс-тәжірибе барысында іскерлік қарым-қатынастар қоғамдық пікірлер туралы күйзелсе;

  • ұжым мүшелерінің жан-жақты ұжымның жеке шығармашылық іс-әрекеті барысында, тұрақты, кәсіптік қызуғушылықтары туса.

Ұжымның үшінші даму сатысындағы ерекшелігі - саяси-қарқынды адамгершілігі бар тұлға қалыптастыру, яғни, ұжымның әрбір мүшесіне қоғамдық құндылықтарды меңгерген, саналы жеке тұлға ретінде ұжымның тигізер іс-әрекеті ерекше.
Ұжымның үшінші даму сатысында кең мағынадағы адамгершілік қатынастар келесі белгілерімен ерекшелінеді:

  • ұжымда жалпы тұрақты сыйластық, бір-біріне деген көңіл сыйластығы, бір-біріне деген жолдастық көмек;

  • бұндай ұжымда ерекше жекешелену, немесе кейбір балалардың «жұлдыз» болып көрінуіне жол берілмейді;

  • басқа ұжымға қызығушылығы артады, бәсекелестік жойылады, «өзімшілдік», тұйықталу сияқты қасиеттер жойылады.

Ұжымның даму сатысының бұлай ерекше жоғары атағы шығуына адамгершілік құндылық іс-әрекеттері түрткі болады.
Бұл сатыдағы іс-әрекеттің өзгеруіне түрткі болатын жай – идеялық жағына әуестенушілік – жеке тұлғаның қызық мағналы, мазмұнды іс-әрекет, қарым-қатынас байланысы әдеттегіден тыс жағдайдан босатады. Енді «идея үшін» аз қызықтыратын қиын жұмыстар орындалады, бөгет болатын кемшілік жағдайларды жеңу (басқа адамдардың қарсылығы, өз басының кемшілігі). Бұл өте маңызды жаңалық – жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы тұрақтанады.
Сонымен, үшінші сатыны мынадай жағдайларда қалыптасып болды деуге болады, егер:

  • іс-әрекет көпшілік балаларға қоғамдық ,ұжымда бір-бірімен қарым-қатынаста мағыналы әсер етсе;

  • оқушы мінезі тұрақталып, ұжымда өзін-өзі ұстай алатын, келеңсіз жағдай туғызбайтындай өзгерсе;

  • бұған себепші - өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі, өзіне үлкен адамгершілік міндеттерін қоя білу жатады;

  • ұжымның қозғалысы, өзін-өзі басқарып билеуі сапаны көрсетеді, ұжым мүшелері өз-өздері жеке дербес ғана емес, жалпы адамгершілік құнды мақсаттарды өз өмірлеріне тереді.

Ұжымның даму сатысын қарастыру барысында мынадай қорытынды шығаруға болады:

  • ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек;

  • балалар ұжымы олардың өмірі мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орында тоқырап қалмайды, даму , ілгері қозғалу - ұжым өмірінің заңы.

Педагогикалық тұрғыдан қарағанда, жоғарыда айтылып кеткендей, ұжымның өзінің ерекше белгілері бар:

  • қоғамдық-маңызды мақсат;

  • қоғамдық-маңызды іс-әрекет;

  • ұжымдық қарым-қатынастар;

  • демократиялық басқару.

Балалар ұжымын құру және топтастыруда өзіндік күрделі әлеуметтік-педагогикалық құрылымдық формальды құрылым деп (тәрбиешінің ұйымдастыруымен ) екі жүйеге айырады.
Ұжымның дамуында келесі кезеңдерге айырады. Бірінші кезең: бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларды тауып, олардың жұмыста өздерін көрсете білулеріне жағдай жасау керек. Екінші кезең: ұжым өзін-өзі басқаруға, жауапкершілік қатынас туындап, ұжым активі құрылады. Үшінші кезең: ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарда бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдалынады. Төртінші кезең: жаңаша қарым-қатынастар, бір-біріне ілтипатты, болып, өзара жауапкершілікпен қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет