Үшкіл нерв (V) Үшкіл жүйке (тройничный нерв); ( n.trigeminus лат. nn — жүйке, trigeminus— үшкіл) — мидан шығатын ең ірі аралас жүйке (В-жұп). Ми көпірінен сезімтал және қозғалтқыш түбіршіктер: көздік, жоғарғыжақ және төменгіжақ жүйкелер болып шығып, қосылып бір жүйке бағанын түзеді. Көздік жүйке — көздік аумағын, мұрынның иіс сезу бөлігінің кілегейлі қабығын, маңдай, самай, қабақ терілерін жүйкелендіретін сезімтал жүйке. Оның құрамында көзжасы безінің қызметін реттейтін парасимпатикалық жүйке талшықтары болады. Жоғарғыжақ жүйкесі бастың жоғарыжақ аумағын, мұрын қуысының, тандайдың, жоғарғы еріннің кілегейлі қабықтарын жүйкелендіретін сезімтал жүйке. Төменгіжақ жүйкесі — самай және төменгіжақ аумағына сезімтал, шайнау бұлшық еттеріне қозғалтқыш жүйке талшықтарын беретін аралас жүйке.
Нерв тармақтарының құрамында,сонымен қатар бет қуыстары аймағында жататын бездерге баратын секрециялық талшықтар өтеді.
Үшкіл нерв аралас болғнадықтан, оның төрт ядросы болады, олардың екі сезімтал және бір қозғалыс ядросы артқы мида, бір сезімтал ядро ортаңғы мида жайғасқан. Қозғалыс ядросында, nucleus motorius жайғасқан жасушалардың өсінділері,нервтің қозғалыс түбіршегін, radix motoria, түзе, көпірден оны мишықтың ортаңғы аяқшасынан бөлетін linia trigeminofacialis деп аталатын V және VII нервтердің мидан шығатын жерлерін қосатын сызықтан шығады.
Бет нерві (VII)
facialis, бет нерві-аралас нерв. Екінші желбезек доғасы нерв ретінде одан дамыған бұлшықеттерді барлық мимикалық және тіласты бұлшықеттерінің тіл бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті талшықтары мен сол бұлшықетердің рецепторлрынан шығатын афферентті талшықтары болады. Сондай-ақ онық құрамында аралық, n.intermedus, нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтары бар.
Құраушы бөліктеріне сәйкес бет нерві көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius және секретті ядросы-nucleus solitarius. Соңғы екі ядросы nervus intermedius-ке жатады.
Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, lenea trogeminofacialis-тен шығады. Соданкейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без қзегіне сanalis facialis енеді. Нерв өзекте алдымен горизонталды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқа қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum атқылы бассүйекте шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі.