Суда еритін витаминдер /В тобындағы витаминдер/.
Суда еритін витаминдерге В1,В2, В3, В5 /РР/, В6, Вс, В12, Н, С және Р жатады.
В тобындағы витаминдер – суда еритін, организмдегі зат алмасуға үлкен әсер ететін активті заттар. Бұл витаминдер және олардың туындылары көптеген ферменттердің құрамына кофермент ретінде енеді. Организмдегі зат алмасудың жүйелілігі және бағыты осыларға байланысты. В тобындағы витаминдердің біреуі жетіспесе, организмдегі биохимиялық реакциялар бұзылып, алуан түрлі патологиялық процестер пайда болады. Терінің қабынуы, жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы салдарынан құрысу мен жансыздану, көз бен ішек-қарын ауруы, төлдің өсуі, ұрғашы малдың нашар ұрықтануы, туатын төлдердің әлсіздігі, қанның сары суында антиденелердің пайда болуы азайып, организмнің қорғанушылық қасиеттері төмендеуі сияқты өзгерістер кездеседі.
Q витамині /убихинон/.
1955 жылы жануарлар майынан Q липовитамині немесе убихинон бөлініп алынды. Бұл, әсіресе мембрананың митохондрияларында көп кездеседі. Химиялық табиғаты жағынан Q витамині хинонның туындысы болады. Оның сақинасында екі метоксильды топтар кездесумен бірге, бүйір тармағында 6-10 изопрен бөліктерінен тұратын изопренасы бар. Бұл липовитаминнің структуралық формуласы төмендегідей:
Убихинон биологиялық тотығу процестерінде үлкен жұмыс атқарады. Мұның молекуласында карбонильды топтар болатындықтан протондар мен электрондарды тасымалдау процестеріне тікелей атсалысады. Бұл процесс клетканың энергетикалық станциялары болатын митохондрияларда өтеді. Q витамині әсіресе жүректің бұлшық еттерінде көп кездеседі. Себебі жүректің орасан зор жұмыс істеу барысында, оның энергияны да көп қажет ететіні белгілі. Сондай-ақ бұл витамин тканьдердің тыныс алуына да қатысады.
1880 ж . Н.И. Лунин табиғи сүтте жасанды сүтке қарағанда ағзаның қалыпты қызметін ұстап жүру үшін қажетті компо - ненттер бар екендігін ашты . Бұл заттар 1942ж . Поляк ғалымы К.Функпен витаминдер деген атқа ие болды . К. Функ олардың құрамында амин Топтары бар және олардың табиғаты белок екендігі анықталды . Бірақ кейбір витаминдерде амин топтары жоқ болып шықты , бірақ олардың қазіргі күнге дейін витаминдер деген аты сақталды . Тағамның ауыстырылмайтын минорлы компоненттеріне витаминдер жатады . Витаминдер дегеніміз – адам ағзасында синтезделмейтін төменМолекулярлы органикалық заттар , бірақ кейбір тағаммен аздаған мөлшерде ағзаға түскенде қалыпты метаболизм мен клеткалардың сәйкес физиологиялық қызметтерін атқаруын қамтамасыз етеді .
Адам ағзасында витаминдер жетіспеген кезде патологиялық жағдайлар - авитаминоздар болуы мүмкін . Бұл жағдайларда , витаминдердің биологиялық қозметіне байланысты метаболизмнің белгілі бір кезеңі зақымдалады да ол сәйкес симптомдар түрінде көрінеді . Мысалы , В12 витамині жетіспегенде қатерлі анемия пайда болады , В1 витамині- Бери - Бери полиневриттің С витамині - цинга , Д витамині- рахит ауруларын тудырады . Ал витаминдерді мөлшерден тыс пайдаланған кезде гипервитаминоздар пайда болады . Мысалы : Д.А гипервитаминозы белгілі . Д витаминінің көп болуынан балаларда краниостеноз , ал А гипервитаминозында бастың ауруы , көру қабілетінің бұзылуы пайда болады .
Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл-қуаты кеміп, тез шаршап-шалдығып, ағзаның әлсіреуінің ең басты себебінің бірі – адам ағзасына қажет витаминдердің жетіспеуі екендігі дәлелденіп отыр.
Витаминдердің адам ағзасы үшін биологиялық мәні өте зор. Олар ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады, ағзаның әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір витаминнің ағзада ерекше орындайтын өз міндеті бар.
Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса, ағзаның витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, ағза құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ – С – авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д - авитаминоз, бери-бери – В1 – авитаминоз т.с.с.
Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес.
Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы ағзаға қажет витамин мөлшерінің қалыптан тыс төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау өте қиын. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады.
Кез келген витаминді ағзаға қалыптан тыс көп беру гиповитаминоз ауруына ұшыратады.Витаминді бірден көп мөлшерде қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни уландырады.
Жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың ағзасы қара жұмыспен айналысатын адамдармен салыстарғанда витаминдерді әсіресе С витамині мен В тобының витаминдерін көбірек қажет етеді екен. Сол себепті көктемде витаминдерді мол тағамдарды жиірек пайдаланған жөн. Бұл мезгілде кептірілген итмұрын жемісінің тұндырмасын, сонымен бірге басқада жеміс-жидектердің шырындары мен қайнатпалары асқа көбірек пайдаланған тиімді. Тамаққа қосып көк пиязды және де ашытқан капусталарды жеу қажет. Себебі, бұл тағамдардың құрамында әр түрлі витаминдер мол болады, әрі ұзақ жақсы сақталады.
Басқа тағамдарға қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген витаминдер бар және олар ағзаның тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде ерекше орын алады. Барлық витаминдер ағзаға комплексті әсер етіп, бірін-бірі толықтырады. Олар ағзада жетіспесе, зат алмасу бұзылып, денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады.
Қорытынды : Мен 31.05.21-04.06.21ж күндері аралығындағы практика барысында кафедра ішін кафедраның тарихымен , оқытушылардың жетістіктерімен таныстым.Біз өте қызықты және қажет мәліметтер алдық.Өз мамандығыма қызығушылық артты.Таблетка қалай жасалады,оның адамға әсері жайлы көптеген мәліметтер алдық.
Пайдаланылған әдебиеттер. 1.Википедия. 2.Салауаттану оқулық 2010ж. 3.Биология оқулық 2013ж.