1 XVII г. жоне XVIII
г. басындагы Казак хандыгы.
Тарихи зерттеулерде Тәукенің хандықтағы билікке келу жылының талас тудыратын мәселе екені белгілі Тәукенің хан жариялануын екінші бағытындағы талдау, оның 1653-1654 жылдардағы хандыққтағы билікке ие болғандығы тарихи оқиғаларды салыстырмалы-сараптау арқылы нақты тұжырым жасау. Тәуке ханның 1678-80 жылдарға дейінгі жазба деректерде есімнің ұштаспауы немесе осы жылдар аралығында Қазақ хандығы жағдайы туралы өзге халықтардың деректерінде кездеспеуінің себебі:
Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы тұрақтылығы;
Көрші орналасқан мемлекеттердің өз ішіндегі саяси өзгерістердің әсері болды.
Қазақ хандығы Тәуке тұсында сытрқы жағдайдың бірсыпыра тұрақтанып, нығаюына белгілі. Тәуке хан билігі күшейген кезден бастап сыртқы саясат көрші елдермен бейбіт түрде байланыс жасай отырып, экономикалық қарым-қатынас та орната білді.
XVIIғ. соңы – XVIII ғ.басында қазақтар Ташкент қаласының ішкі билігіне көп араласа бермеген, олар тек жергілікті халықтан салық жинаумен ғана шектеліп отырған. Орта Азия және Қазақ хандығының қарым-қатынастарында негізгі саяси мәселерден гөрі экономикалық талаптар басты.
XVIII ғасырдың бас кезі, – деп атап көрсетті академик Бартольд,-Азия мұсылмандары үшін саяси-экономкалық, мәдени саларында құлдырау болып табылады. Халықтың жағдайы нашарлап кетті. Мал басы кем түсті[14, 80 б.].
Тәуке хан ойрат жасақтарының үздіксіз шабуылын тыю мақсатында Жоңғар ордасымен бейбіт қарым-қатынас орнату үшін ұдайы елшілер жіберіп тұрды. Соның бірі-1703 жылы 25 сәуірде Цебан-Рабданның текестегі ордасына қазақ елшілігі бейбіт қарым-қатынас ортануға келгендігін сол кезде Жоңғар еліндегі орыс мемлекетінің елшісі П.Гордеевке тілмашына хабарлады [15, 65 б.]. Елшілік қандай нәтижеге жеткендігін білдіретін мәліметтер ешқандай құжаттарда кездеспейді. Бірақ,осыдан кейін екі ел арасында ірі қақтығыстар бола қойған жоқ. Оның бір себебі, Жоңғар мемлекетіндегі ішкі қайшылықтардан болса, ал екіншіден қазақ жасағынын тарапынан берілген қатты соқылардың әсерінен болуы мүмкін.
1709 жылдары басталған ойрат феодалдарының жаңа шабуылы, Тәуке ханның қазақ билеушілерінің басын қосып 1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің өкілдерінен құрылтай өткізуге итермеледі.
Ал Құрылтайда үдей түскен жоңғар шапқыншылығына қарсы төтеп бергеніміз бе, әлде келісім жасаймыз ба деген мәселелер әңгіме болды. Құрылтай қатысушылардың бір тобы тағдыр талқысына көніп, жоңғар қалмақтарына бой ұсынуды жөн көрді.басқалар үй-үйін тастап,-деп жазады А.Гавердовский, – Еділдің сыртына көшіп барып жан сауғалағасы келді. Ал енді біреулері қоян секілді жан-жақты бытырап кетпекші болды. Талайы толқып жүрді, бірақ сол кезде ерлігімен әйгілі болған ру басы Бөгенбай мұндай әрекеттердің бәрін тыйды [16, 110 б.].
Ел көпшілігі мал шаруашылығымен айналысқан көрші мемлекет арасында материалдық ахуалын көбейту барысында жайылымдық жерлерді үнемі кеңейтіп отруы қажетсінді. Осыған орай жайылымдық жерлерді жаңадан иелену тартысы басталды. XVIIғасырдың соңында Қазақ хандығы қалмақ жеріне өзі қауіп төндірген болса, оның кейбір жерлерін басып алған кездегі болды десек те, хандықтағы ішкі жағдайдың шеленісу нәтижесінде әлсірей бастағанды. Жоңғар билеушілерінің бірден – бір қызықтырған жерлері Жетісудың құнарлы жерімен, Оңтүстік Қазақстанның мәдени орталықтары болды. Қазақтардың XVIIIғасырдың басындағы жағдайынан хабар берген Ш.Ш. Уәлиханов: «XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қырғыз халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Жоңғарлар, Волга қалмақтары Жайық қазақтары мен башқұрттар жан-жақтан олардың ұлыстарын талқандап, малын айдап алып, тұтас семьялармен тұтқынға әкетіп отырды» – деп сипаттады [5, 22 б.].
Қарақұмда өткен құрылтай жоңғарларға қарсы жұмыла қарсы тұру жөніндегі шешім Тәуке хан жасақтарынын жеңістерінің табысты болуына әсер етті. Халық жасағы айырылып қалған қоныстарды қайтарып алып қана қоймай, жоңғар билеушілерінің жерлеріне басып кіріп, көптеген жоңғар әскерлерін тұтқындап, келіп келді…
Тәуке хан тұтқиыл шабуылдан жерін қорғау үшін Түркістан қаласынын маңына 80 мың атты жасақ ұстап тұрды. Жау келер деген жерлерге, асуларға, жол тораптарына күшті күзет қойылды. Жоңғарлардың әскер үстемділігін байқауға Тәуке батыстағы шекаралық шептерін нығайтуда орыс елімен байланысын күшейте түсті.
Мұнан Тәуке хан секілді беделді қайраткерлердің ел арасында жоқтығы бірден аңғарылады. Әр жүз, әр ру өз алдында ел болғысы келді.Тәуке басын біріктіріп батырлар қолбасшылық еткен халық жасақтары жеті-сегіз жеңістен кейін-ақ табысқа мастанып әр ру өз сұлтанын, өз төресін хан көтеріп, әр ел өз батырын биік мадақтап, жан-жаққа даурығып тарап жатты.
Қазақ-жоңғар қатынастары батырлар эпостарында көрініс тапты. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», қазақ-ноғай циклі бойынша «Мусахан»,«Ораз және Мамаш», қарақалпақтарда, «40 қыз» сияқты мазмұндағы ортақтық ерекше көзге түсті. Алайда, XVIII ғасырдың бірінші ширегінің соңында жоңғар шабуылы ішкі тартыстың қайта өршуі, сондай-ақ 1717-1718жылдарда Тәукенің дүнеден өтуі Қазақ хандығы шаңырағының шайқалып, шетінеуіне бірден бір себебі болды..
2. 1886 ж. «Туркістан олкесін» баскару туралы среже. Окімшілік курылым. 1891 жылы Дала облыстарын баскару туралы ереже. Кошпелі жоне отырыкшы халыкты жерге орналастыруданы озгерістер
1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімгетәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын. Алайда бұл«тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі мүмкіндеген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдарының бас кезінде ғана отарлық үкімет орындары өлкедеәкімшілік және сот реформаларын енгізуді аяқтауғакірісті.
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқарутуралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралыереже» қабылданды.
Бұл жаңа заңға сай Қазақстанды әкімшілік-аумақтықжағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарқанжәне Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана да 5 уезден, Самарқан 4 уезден тұрды.
1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және БатысСібір генерал-губернаторлықтарының орнына орталығыОмбы болған Далалық (Степной) генерал-губернаторлығықұрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғайжәне Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылықайтадан Түркістан генерал-губернаторлығыныңқарауына берілді.
Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер«Ережелерде» бекітілді. Ережеге сай Түркістан өлкесіндеРесейдегі үлгімен жаңа сот жүйесі құрылды.
7 Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.). Көшпелі және отырықшы халықты жергеорналастырудағы өзгерістер.
"Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарынбасқару туралы ереже" – 1891 жылғы 25 наурызда Ресейимператоры III Александр кол қойған құжат. Ол Ресейимпериясының дәстүрлі қазақ қоғамына әкімшілік-сот реформасын енгізуін аяқтап, өлкеге тұтастай саясиөктемдігін орнатуын, экономикалық тұрмысын шексізбилеп-төстеуін заңдастырды. "Ережеге" сәйкес Орынборжәне Батыс Сібір
генерал-губернаторлығымен қатар тағы бір әкімшілікбөлік — Дала генерал-губернаторлығы құрылып, орталығы — Омбы қаласы болды. Құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Жетісу облыстары кірді. Генерал-губернаторға шектеусіз билік берілді.Патша әкімшілігініңбасшылары болыстар мен ауылнайларды сайлау өткізбей-ақ тағайындады, ал сайлаған жергілікті шенеуніктердіәскери
губернатор бекітуге тиіс болды; Болыстар мен ауылнайларшешуші рөл атқарды. Осыған байланысты ел ішіне жіктүсіп, 3 жылға сайланатын болыстық пен ауылнайлыққаәр ру өз адамын өткізуге жанталасты. Қалыптасқанморальдық-құқықтық принциптер бұрмаланып, мансапқорлық, парақорлық, озбырлық жайлады. Сот төрелігі саласы да өзгертілді. Билер сотының орнынасайланбалы халықтық судьялар билігі пайда болды. Жергеорналастыру барысында патша әкімшілігі малшықазақтарға топырағы құнарсыз, шөл, шөлейтті жерлердіғана берді. Сондықтан олар өздерінің иелігіндегіжайылымдар мен шабындықтарды казак-орыстарданкіреге (жалға) алуға мәжбүр болды.