1. XVIIII ғ. Басындағы саяси жағдайдың әлсіреуінің негізгі себептерін анықтаңыздар. Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте Әбілқайыр ханның қазақ жасақтарының басшысы болып сайлану қажеттігін айқындаңыз
1. XVIIII ғ. Басындағы саяси жағдайдың әлсіреуінің негізгі себептерін анықтаңыздар. Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте Әбілқайыр ханның қазақ жасақтарының басшысы болып сайлану қажеттігін айқындаңыз. 1.Аңырайқай шайқасынан кейін жауды түбегейлі біржола жеңудің ауылы алыс қалған жоқ еді. Бірақ тап осы кезде Жоғары мәртебелі Ұлы хан Болат кенеттен қайтыс болды. Ол орыннан үмітерлер арасында тақ таласы басталды. Бүкіл қазақтың Ұлы ханы болудан Әбілқайыр мен Сәмеке дәмелі болатын. Бірақ қазақ ақсүйектерінің тобы бұл ең жоғары лауазымды орынға іс жүзінде ешқандай айтулы қызметімен көзге түспеген Әбілмәмбетті сайлауды лайық деп тапты. Өйткені аймақтық билеушілерге билік басында күшті тұлғаның отыруы керек емес болатын. Сондықтан қазақтың біріккен әскери күштерінің бас қолбасшысы, Кіші жүздің ханы Әбілқайыр мен Орта жүздің ықпалды ханы Сәмеке әлгі шешімге риза болмай, өздерін қорлағандық санады да, әлі соғыс қимылдары жүріп жатқан аумақтан өз әскерлерін алып кетті. Сөйтіп Қазақстанның Ресеймен шекаралас жақтарына бірі солтүстікке, бірі солтүстік-батыс жаққа қарай көшті.Өкінішке қарай, зор қыиындықпен құрылған жалпықазақтық әскери жасақ аяқ астынан ыдырап шыға келді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың ендігі жолын әр жүз өздерінше жеке-жеке іздестіруге көшті. Мәселен, Ұлы жүз жоңғарларға әлі де уақытша бағына тұруға мәжбүр болды. Оларға аманат беріп, жыл сайын алым -салық төлеп тұрды. Жоңғар шапқыншылығының зардабын бәрінен де көп тартқан Орта жүздің жауға қарсы күресті одан әрі жалғастыра беруіне тура келді. Ал Кіші жүз үшін мүлде басқаша жағдай қалыптасты. Ол жан-жағындағы халықтардың қатерлі тығыз қоршауында қалып қойды. Олар хиуалықтар, түрікмендер, Еділ қалмақтары, Жайық Қазақтары және башқұрттар еді. Өйткені бұл кезде олардың қай-қайсысымен де қарым қатынасы нашарлап, шиеленісіп тұрған болатын. Онымен XVIII ғасырдың екінші ширегінің бас кезінде қазақ халқы өз азаттығы жолындағы Отан соғысын жүргізді. Жалпы-қазақтық біріккен әскери жасақ жоңғар басқыншыларына ұйымдасқан түрде үсті-үстіне соққы бере бастады. Мұның өзі көбінесе қазақтың үш жүзінің, бүкіл қазақ халқының күш-жігер біріктіруінің арқасында мүмкін болды. Қазақ халқын түгелдей қырып жіберу қаупі ел билеушілерін бұрын болған алтыбақан алауыз ырың-жырынды ұмытуға, бас қоса бірігіа, жоңғар әскерлеріне үсті-үстіне соққы беруге мәжбүрлікпен жұмылдырды.Қазақтың билеушілері, билері мен батырлары қазақ мемлекеттігін қалай да сақтап қалуға күш-жігерін барынша аямай жұмсады. Бұланты және Аңырайқай шайқастары қазақ сарбаздарының жауынгерлік рухын күшейтіп, аспандата биікке көтерді. Ол шайқастардағы жеңіс халық болып топтасқанда кез келген күшті жауды жеңіп шығуға болатынын айқын көрсетіп берді. Оның үстіне, қазақ сарбаздары жоңғар әскерлерінің жеңіліс атаулыны білмейтіні жөніндеп жалған аңыздың күлін көкке ұшырды.Бұл соғыста қазақ халқының туыскан қарақалпақ және кырғыз халықтарымен жауынгерлік одағын құрудың негізі қаланды. Соны-мен қатар бұл кезде, XVIII ғасырдың 30-жылдарының бас кезінде, биілік жолындағы тақ таласы қазақтардың күшін ыдыратуға тағы да алып барып соқты, олар ақыр аяғында елдің тәуелсіздігінен айырылып тынды.
2.Қазақстандағы отарлық кезеңнің басталуының негізгі себептерін талдаңыз: Қойбағар Көбековтың дипломатиялық миссиясы, Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлұмбет Қоштаев бастаған Әділқайыр ханның елшілігі және т.с.с. XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери – отаршылдық әрекеттерін бастады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын көпір іспетті еді. Қазақ даласы арқылы Европа елдерінен шығыстағы едердерге және одан кері қарай құрлықпен және сумен ең төте ежелгі сауда жолдары өтетін. Осы жолдармен Россиядан Орта Азияға, Ауғанистанға, Персияға, Қытайға, Үндістанға және басқа Шығыс елдеріне баруға болатын еді.Орыс патшасы I Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнатып, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия елдерін Россияға қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді.Швед флотымен теңізге шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген I Петр 1714 жылғы 22 мамырда «Святая Наталья» галерасында Иван Дмитриевич басқаруындағы экспедицияны жабдықтау туралы жарлыққа жеке өзі қол қойды. 1715 жылдың шілдесінде, өз құрамында 2797 адамнан тұратын И.Д. Бухгольц отряды жорыққа шықты.1715 жылғы бірінші қазанда И.Д. Бухгольцтің экспедициясы Ямышев көліне жетті, сол жерде Ямышевск деп аталатын бекініс салды.Жоңғарлар қоршау кезінде 3-ай қиратып тастаған Ямышевск бекінісінен қайтып келе жатып, Бухцольцтің отряды Ом өзенінің сағасына жетті және көптен күткен қосымша күшін алып, 1716 жылғы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады.Бухгольц Петербурге кеткеннен кейін толық қожайын болып алып, енді өз қалауы бойынша әрекет етуге уәкілдік алған Сібірдің бірінші губернаторы М.П. Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жібереді.1717 жылдың жазында П. Северскийдің отряды Железинск, В. Чередовтың отряды Қолбасин бекіністерін салды. В.Чередов одан әрі жүріп, жаңа бекініс- Семипалатинск Семей бекінісін 1718 жылы салды.Көп кешікпей патшаның өз өкімімен майор И.М.Лихарев басқаратын тағы бір әскери команда дайындалды, оған көлді Зайсан толығырақ зерттеу, сондай-ақ оған И.Д.Бухгольңтің экспедициясының сәтсіздікке ұшырауының егыжей-тегжейін білу тапсырылды.Экспедицияның келе жатқан жолын үздіксіз қадағалап отырған жоңғарлар И.М.Лихаревтің солдаттарына оқ атып, оларды шегінуге, мәжбүр етті, сөйтіп шегінуге мәжбүр болған И.М.Лихарев қайтар жолында 1720 жылы Өскемен бекінісін салды. Нақты сол жылы тағы да бірнеше бекініс – Черноморецк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск форттарын салып, 3 әскери- саяси шеп-Сібір, Ертіс және Колыван шептері үшін негіз қалады.Абакан Острогімен 1707 ж., Бикатун бекінісімен 1709 ж. қатар, жақсы машықтандырылған гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы бұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ертіс өзендерінің аралығын Россия иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті.XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын жақсартуға және жаңа шептер салуға кірісті. Осы кезде оң жағалауда Жайық казактарының күшімен 14 қамал: Переволоцк, Чернорегенск, Татищев, Нижнеозерная, Расыпная, Елек қалашығы, Жайық, Сахарная, Калмыкова, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қамалдары салынды. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса қазақтар мен қоныс аударған шаруалар бар 15000-ға жуық адам тұрды. 1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды. XVIII ғ. 30-40-шы жылдары Жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған үй шебін құру аяқталды.1752 жылы 9 қамал мен 53 редуттан тұратын әскери бекіністердің Ново-Ишим шебін салу аяқталды. Бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск шебін Ертіс шебімен жалғастырды. Ново-Ишим шебінде 2518 башқұрт, 2 драгун полкі, 800 казак, тұрақты әскерлердің, эскадроны болды.XVIII ғ. 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Семей, Омбы, Железинск, Петропавл, Өскемен, Ямышев қалалары) салу аяқталды.Сөйтіп, қазақ даласы әскери бекіністер шебімен біртендеп қамту патша үкіметінің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. Әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт халқы тез көбейді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.Қойбағар Көбеков 18 ғасырда өмір сүрген Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның 1726 ж. Петербургке жіберген елшісі.Бұл елшіліктің алдына Кіші жүз қазақтарын Ресей үкіметінің қолдауына қол жеткізу міндеті қойылды. Көбеков патшалық иемденіп алған жер-суды, Еділ мен Жайық өзендері арасындағы жайылымдарды қайтарып алу, Ресеймен сауда-саттық қатынастарды жолға қою, Жайық казак-орыстары тарапынан төніп тұрған қауіп-қатерге жол бермеу, соғыс тұтқындарын алмастыру сияқты мәселелерді шешуге тиіс болды. Бірақ Көбеков бастаған елшіліктің жұмысы сәтсіз аяқталды. Сейітқұл Қойдағұлов т.-ө.ж.б. батыр, елші. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1730 ж. Ресей императоры Анна Иоановнага Құлымбет Көштайұлы бимен бірге жіберген елшілік басшысының бірі.1730 ж. қыркүйекте Уфа арқылы Санкт питербургке келген қазақ елшілері Анна Иоановнаға Кіші жүз ұлыстарын қорғауға алып, Ресей бодандығына қабылдауын сұраған Әбілқайыр ханның өтінішін жеткізген. Бұл хатта Әбілқайыр: Аса құрметті падиша, Мен, Кіші жүз қазақтарылың ханы Әбілқайыр, өзімнің қол астымдағы бүкіл жұртыммен Сіздің императорлық ұлы мәртебеңіздің қол астында болғым келеді. Ресей мемлекетіне әрдайым адал боламыз.деп жазған.Қойдағұлов бастаған елшілік Кіші жүздің Ресейге өз еркімен қосылу процесі барысында, сонымен қатар қазақ-орыс қарым-қатынастарының нығаюында айтарлықтап роль атқарды.