1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. Қазақстанның әлемдік интеграциялық процестерге қатысуы



бет52/58
Дата19.03.2022
өлшемі191,96 Kb.
#136380
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58
Байланысты:
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)
жылдық жоспар, ТАРИХ
Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. Қазақстанның әлемдік интеграциялық процестерге қатысуы.

Евразиялық экономикалық қоғамдастық 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Евразиялық Экономикалық Қауымдастық құру туралы шартқа сәйкес құрылды. Евразиялық Экономикалық Қауымдастық негізі 1994 жылы Қырғызстандағы Чолпан ата қаласында Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас Экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты құрылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ішкі мәселелері де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.
Бұл ұйымға Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет ретінде танылған. Евразиялық Экономикалық Қауымдастық құру негізіне «Кедендік Одақты және Біртұтас Экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақсатында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды.
2007 жылы күзде Европадағы қауіпсіздік және ынтымақ ұйымы басшыларының Мадридте өткен кездесуінде Қазақстанның 2010 жылы Европадағы қауіпсіздік және ынтымақ ұйымы төрағасы болатыны жарияланды. Ел халқы Қазақстанның Европадағы қауіпсіздік және ынтымақ ұйымына табысты төрағалық етіп, Астанада осы беделді халықаралық ұйымға кіретін 56 елдің мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының саммиті өткеніне куә болды.
2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік жұмыс істей бастады. Біртұтас экономикалық кеңістікті құру - бұл ең алдымен, еркін бәсекелестіктің дамуына мүмкіндік және ортақ кеңістікте инновациялық белсенділіктің күшеюіне жағдай тудыру. Мұндай бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетудің сапасын жақсартудың маңызды ынталандырушысы болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет