1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


ХХ ғасырдың екінші жартысындағы өзгеше ойлаудың қудалануы: Олжас Сүлейменов және О.Исмағұлов еңбектерінің зиянды деп танылуы



бет20/58
Дата19.03.2022
өлшемі191,96 Kb.
#136380
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
1. XX асырды басында ы аза станда ы нерк сіпті дамуы (1)

43. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы өзгеше ойлаудың қудалануы: Олжас Сүлейменов және О.Исмағұлов еңбектерінің зиянды деп танылуы.
Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды. Кеңестік билік ғалымдар арасындағы ой-пікір бостандығына барынша тиым салып отырды. Мысалы, 1976 жылы философия институтының авторлар ұжымы даярлаған “Дәстүрлі қазақ өнерінің дүниетанымы” деген кітапты басып шығаруға тиым салды. Антрополог О.Исмағұловтың “Қазақстанның этностық геногеографиясы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. Авторға методологиялық қате жіберген, ру-тайпалық факторларды бүгінгі заманмен байланысты біржақты баяндаған деген айып тағылған. Кейінірек бұл айыптың бәрі алынып тасталды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет