Үшінші форумның қорытындысы бойынша қатысушылар жұртшылықты шынайы дінаралық диалог орнату үшін діни көшбасшылар мен ұйымдардың күш-жігерін қолдауға және арттыруға, діндер мен өркениеттердің өзара түсіністік пен құрметті жақсартуға бағыталған үнқатысуын қолдауға ықпал етуге шақырған бірлескен декларация қабылдады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі 2012 жылғы 30-31 мамырда Астанада өтті. IV Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталды. Форумға әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты.
IV Съезде Діни көшбасшылар кеңесінің бірінші отырысы болып өтті. Діни көшбасшылар кеңесінің мақсаты – жұмысы мәдениеттер диалогына және экономикалық өзара ықпалдастыққа бағытталған өзге де форумдар мен халықаралық ұйымдармен диалог және ынтымақтастықты қамтамасыз етудің басымдықтары мен тетіктерін айқындау болып табылады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі 2015 жылы 10-11 маусымда «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтті. V Съездегі Мемлекет басшысының бастамаларын орындау аясында, іс-шара өтетін күндері Бейбітшілік және Келісім мұражайы ашылады, Бесінші съезд барысында мемлекетаралық мәселелерге үлкен мән берілді. Қатысушылар қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, кез келген қақтығыстың алдын алу үшін дін көшбасшыларының халықаралық деңгейдегі ұйымдармен және қоғаммен диалог жүргізуіне жәрдем болуы үшін белгілі бір міндеттемелерді қабылдады. Сондай-ақ, форумның басты үндеуі – бейбіт келіссөздер арқылы әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан зорлық-зомбылықты тоқтату болды.