1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері



бет12/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері: 
Көтеріліс бытыраңқы болып, көтерілісшілер тарапынан ынтымақтың болмауы,Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді,Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 
Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды, Алдын- ала белгіленген жоспардың болмады, Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 
1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы 
Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті, Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды,Отаршылдыққа қарсы азаттық күрестің шырқау шыңы болды, Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті,1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс отаршылдыққа қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды.


  1. 1917 жылғы Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы.

1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.
Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.
Осы аталған дағдарыс Ресейде 1917жылы 24-27 ақпанда Ресейде буржуазиялық демократиялық революцияға алып келсе , революция нәтижесінде 2 Николай патша тақтан құлатылып монархия жойылды. Ақпан төңкерісінен кейін елде қосүкімет орнады. Ол 1іншісі Уақытша үкімет 2шісі жұмысшы,шаруа,солдат депутаттарының кеңес.Қос үкімет дегеніміз бір мезгілде билікке екі тап өкілдерінің келуі. Қосөкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады.
1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды оны князь Г. Львов басқарды.
Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті.
Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, енді бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шаралары да ықпал етті.
Самодержавияның құлатылғаны жайлы хабар жер-жерлерге жетісімен түрлі әлеуметтік топтардың, саяси партиялардың өкілдері жоғарыдан нұсқау күтпей-ақ, өздерінің қоғамдық ұйымдары арқылы жергілікті басқару органдарын құруды қолға ала бастайды. 1917 жылдың 5 наурызына дейін Қазақстанда да қоғамдық негіздегі атқару комитеттері құрыла бастады. Мәселен, 3 наурызда Көкшетауда, 4 наурызда Қызылжарда, 5 наурызда Семейде біріккен қоғамдық ұйымдардың атқару комитеттері құрылды. Бұл ұйымдарға түрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке ұмтылды. Бұл халықтың демократиялық басқару дәстүріне құлшына араласқанын аңғартты.
Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Уақытша үкімет билік орындарын құру туралы 5 наурызда арнайы қаулы жариялады. Осыған байланысты жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа мазмұнда ұйымдастыруда өзгерістер бола бастайды. Наурыз және сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша үкіметтің облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және олардың атқару орындары қалыптаса бастайды. Мамыр мен маусым айларында бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті және басқа осы сияқты басқару орындары құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет