1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


Қазақ газетінің № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда Орынбор қаласында



бет10/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

Қазақ газетінің № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда Орынбор қаласында шықты. Қазақ» қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуға аз үлес қосқан жоқ, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін көтерді, ағартушылық идеяларын насихаттады, және «Алаш» партиясының баспа органы болды.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Жалпы газеттің 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне « Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.«Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін қазақ деп қойдық деді Ахмет Байтұрсынов . Газетте Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақ» газетінің шығуына байланысты жазылған «Қазақ құтты болсын!» деген өлеңі басылды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы Ахмет Байтұрсынов оның өкілетті өкілі Міржақып Дулатов болды. Газетте Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов; Мағжан Жұмабаев, Жақып Ақбаев; Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқалардың мақалалары жарияланып тұрды. «Қазақ» газеті арқылы Алаш зиялылары аумалы-төкпелі заманда қазаққа пайдалы ақыл-кеңес айтып, қоғамды дұрыс жолға бағыттауға тырысты. Мәселен, 1915 жылғы газеттің алғашқы санындағы мақалада қазақ жастарының солдатқа баруы маңызды екендігі туралы жазылған еді. Ресейдегі саяси күштердің қақтығысы салдарынан 1918 жылдың қаңтар айының 17-нен бастап «Қазақ» газеті алты ай мерзімге шығарылмай қалды. Ақыры, қайта басылып тарала бастағанымен, басылым ғұмыры ұзаққа созылған жоқ. 1918 жылдың 16 қыркүйегінде «Қазақ» газетінің ең соңғы саны шықты.Жалпы
1913-1918 жылдары «Қазақ» газеті 26 рет жабылды, ал газет редакторы болған Ахмет Байтұрсынұлының өзі бірнеше рет тұтқындалған. 1918 жылдың қыркүйегінде большевиктер қазақ газетінің ұстанған бағыты большевиктердің идеяларына сәйкес келмеуіне байланысты газетті жауып тастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет