Біріншіден, бұл- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы. Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, қазақстандық экономиканың локомотивіне айналды.
Екіншіден, бұл- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім Ата заңда және басқа да Заңдарда берік бекітілген. 1995 жылы Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – азаматтық бейбітшілік пен келісімнің бірегей институты, жалпы қазақстандық бірлік негізі құрылды. Халқымыздың қоғамдық келісімі мен жалпы ұлттық бірлік, барлық азаматтардың этникалық, діни, нәсілдік тиістіліктеріне және өзге де өзгешелектеріне қарамастан тең құқықтығы – әркімнің және барлығының табысы мен лайықты өмірін білдіретін тұрақты шоғырландырылған фактор. Қазақстан Республикасының әр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дәстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру.