Алтыншыдан, бұл- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған. Қазақ халқының тарихы – бұл бірігу тарихы. Тек бірлікті сақтай отырып қана, қазақтар бірегей мәдени-өркениеттік кодқа, ортақ тілге және дәстүрге ие халық ретінде сақталып қалды. XXI ғасырдағы мемлекеттік тілдің мақсаты, міндеті және тағдыры – Қазақстан халықтарының ортақ тілі болу. Әрбір нағыз патриоттың парызы – мемлекеттік тілді білу және отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу. Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізу де маңызды.