22. Ұлт зиялыларына қарсы Сталиндік қуғын-сүргін. Тарихшы-ғалымымыз Мәмбет Қойгелдиев құжаттық материалдарға сүйене отырып, еліміздің аумағында болған қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдерін төмендегідей көрсетеді.
Бірінші кезең-1918-1920 жылдар Екінші кезең-1923 жылдан-1932 жылдар аралығы Үшінші кезең-1933 жылдан басталып, 1937-1938 жылдары шарықтау шегіне жетті Төртінші кезең-соғыстан кейінгі мезгілге, яғни 1940 ж. соңы мен 1950 ж. басына тән
Бірінші кезең-1918-1920 жылдарреволюция және азамат соғыс жылдарын қамтиды. Репрессиялық шаралар большевиктер партиясы орнатқан саяи жүйеге қарсы күштерге бағытталды.