1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


– 1932 жылдардағы ашаршылық. Бесеудің хаты, Т.Рысқұловтың Сталинге хаты



бет32/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126
Байланысты:
тарих ответы
1 trimester Unit 7, 1 trimester Unit 7, ДТ рефератт1
21.1930 – 1932 жылдардағы ашаршылық. Бесеудің хаты, Т.Рысқұловтың Сталинге хаты.


Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықщыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.Жаппай аштық жылдары 1 млн астам қазақ республикадан тыс елдерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Олардың 616 мыңы қайтып оралған жоқ.
Аштық мемлекеттік саясаттың нәтижесінде қолдан жасалды.Қазақ зиялылары осы мәселе жөнінде дабыл көтерді.
Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Голощекинге 1932жылы 4 шілдеде жолдаған хаты.Хаттың авторлары — Ғабит Мүсірепов , Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков ,Мұташ Дәулетқалиев,Қадыр Қуанышев. Хат бастапқыда Сталинге арналып жазылған. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды.Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.Тұрар Рыс­құ­лов­тың Сталинге хаты 1933 жылдың наурызында жазылған. Хатта қонысынан ауған қазақтардың саны және олардың жағдайы туралы деректер,мал басының кеміп кетуі,Асыра сілтеушіліктер мен көз бояушылықтар,қазақ шаруашылықтарындағы егіс көлемі жөнінде,қазақтарды отырықшыландыру жөнінде,Қонысынан ауғандар мен қазақ жұмысшылары жөніндегі ұлт саясатының бұрмалануы туралы жаза отырып Рысқұлов өз ұсынысын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет