Өлкелiк комитетiне және Голощекин жолдасқа



Дата12.06.2023
өлшемі244,56 Kb.
#178696
Байланысты:
Әйгілі


Әйгілі «Бесеудің хатын» Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев жазғанын білесіз бе? Ашаршылықтан қынадай қырылған қазаққа араша түскісі келген бес азаматтың ішінде Мансұр Ғатаулин тергеусіз атылған. Қалған төртеуі қуғын көрген, тірі қалған. Біздің Алматыдағы тілшіміз Ришат Асқарбекұлы 82-гі Ая Мансұрқызымен сұхбаттасты. Әкесі қызыл террордың құрбаны болғанда Ая апа 2-ақ жаста еді... 
«Мен – өз халқымның жауының жауымын. Мен ондай дертке 1932 жылы аштықтан әбден ашынып, көздерi қарауытқан, сөйтiп, адамға пышақ ала ұмтылған халқымды көргенде ұшырағанмын», - деген Ғатаулин сияқты рухы бар азаматтар қазір де бар, әрине. Геноцидтің, репрессияның не екенін білетін халық үшін сорақылықтың, шектен шығудың, әділетсіздіктің белең алмауын қадағалау және оны айту оңай емес. Бірақ адам мен мемлекет арасында өркениетті, соған жақын қарым-қатынастар азат ойлы қоғамда ғана орнайды. Ең маңыздысы – үрейленбей өмір сүру. Адал еңбекпен дегеніңе жететініңе сену...
Аз-кем шегініс жасадық. Енді «Мен – өз халқымның жауының жауымын» деген Мансұр Ғатаулин туралы сюжет. 
Хат жазған 5 азамат болшевиктердің Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Голощекинді тайсалмай айыптады. Ал хатты жазуға бастама көтерген Ғабит Мүсірепов пен Мансұр Ғатаулин. Жоғарыға жолданған хабарламаға Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев сынды қазақ зиялылары да қол қояды. Тарихта «Бесеудің хаты» деген атпен қалған жазба, республикадағы мал шаруашылығының күйрегенін ашық сынап, орталыққа елді алапат ашаршылық жайлағанын жеткізген алғашқы дабылдардың бірі болатын.
Өлкелiк комитетiне және Голощекин жолдасқа:
...«Бүгiнгi Қазақстан – бұл 163 миллион сомның товарлы өнiмiн беретiн, 40 миллион малы бар өлке», – деп жаздыңыз. Сiз, Голощекин жолдас, 1930 жылы «Октябрь революциясының жеңiстерi» деген мақалаңызда... Бiрақ қазiр, Сiздiң мәлiмдемеңiзден кейiн 2 жыл өткен кезде Қазақстанда мал шаруашылығы саласында мал басының қисапсыз кемiп кеткенi әмбеге аян болып отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлiгi (40 миллионнан 5 миллион) ғана қалды. ... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс? Колхоздар мен колхозшылардың (iшiнара совхоздардың да) қоғамдастырылған және қоғамдастырылмаған малы да осындай зор шығынға, сұрапыл қырғынға ұшырады...
Ғабит МҮСІРЕПОВ
Мұташ ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ
Мансұр ҒАТАУЛИН
Емберген АЛТЫНБЕКОВ
Қадыр ҚУАНЫШЕВ
1932 жылы 4-шілдеде жазылған хат бастапқыда Иосиф Сталинге бағытталған. Алайда аймақ басшысы Голощекиннің қолына түсіп, жаппай қудалау басталады. Бұл сынды қабылдай алмағандықтан, кек алу операциясы жүргізіледі. Алғашқылардың бірі болып нысанаға сол кездегі баспа ісінің маманы, жас та болса зиялылар арасында беделді Мансұр Ғатаулин іліккен. 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет