«Тілімізді жаргон сөздерден тазарту жолдары» тақырыбында Мансұр Құралайдың «Зерде» зерттеу жұмысының тезисі
Ана тілі дегеніміз – сол тілдің жасаған, жасап келе
жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де,
болашағын да танытатын, сол халықтың
мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары
ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғанаоны
аяққа басады.
Ғ. Мүсірепов.
Функционалдық стильдердің ішінде ерекше тілдік жүйеге құрылған ауызекі сөйлеу стилі қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алады. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі – сөйлеудің алдын – ала дайындықсыз тікелей қарым – қытынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері – варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, сленг, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін.
Жаргон дегеніміз – өзіне ғана тән лексикасы және фразеологиясымен, сөз орамдарының экпрессивтілігімен және сөзжасамдық тәсілдердің ерекше қолданысымен жалпы ауызекі тілден ажыратылатын, алайда өзінің фонетикалық және грамматикалық жүйесі болмайтын тілдік құрылыс болып табылады. Жаргон лексикасының бір бөлігі тек бір ғана әлеуметтік топтың ғана емес, бірнеше топтың иелігіне де жатқызыла береді.
Жаргон лексикасының негізгі қызметі ерекше сөздер, тұлғалар мен сөз орамдарын қолдану арқылы белгілі бір автономды әлеуметтік топқа қатыстылығын көрсету болып табылады. Жаргон лексикасы әдеби тіл негізінде қайта ұғыну, метафоралану, қайта тұлғалық рәсімделу, дыбыстық қысқартулар және де кірме сөздер мен морфемалардың белсенді түрде игерілуі арқылы қалыптастырылады..Қазіргі таңда жаргон, сленг сөздері қолданыста өте жиі кездесетін болғандықтан,тілімізді шұбарлаудан сақтау мәселесі біздің жұмысымыздың зерттеу аспектісіне айналды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: : Тіліміздің сленг және жаргон сөздермен шұбарлануы. Тілдік құндылықтың жойылуының алдын-алудың жолдарын анықтау.
Зерттеудің мақсаты: қазіргі жастар тілінің сөйлеу ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, жаргон сөздерді қолданбастан сөйлесу әрекетін ұйымдастырудың жолдарын қарастыру.
Зерттеу нысаны: Мектеп оқушыларының сөйлесу әрекеті
Гипотеза: Жаргон сөздерді нақты мағынасына сай келетін қарапайым сөздермен алмастыра қолдану тілдің тазалығын сақтауға кепіл бола алады.
Зерттеу кезеңдері:
1. Жаргон сөздерге анықтама беретін әдебиет көздерін іздестіру, танысу
2. Жаргон сөздердің пайдаланылу аясын анықтау үшін жастар арасында сауалнамалар жүргізу
4. Зерттеу нәтижелерін түсіну және қорыту
5. Схема, презентациялар түрінде зерттеудің өзекті мәселелерін көрсету
Зерттеу әдістері:
әдебиетті теориялық зерттеу, зерттеу нәтижелерін түсіну және қорыту
эмпирикалық: бақылау, салыстыру
әлеуметтік: әңгіме
статистикалық: деректерді өңдеу
Біздің жұмысымыздың практикалық құндылығы. Жаргон сөздерді нақты мағынасына сай келетін қарапайым сөздермен алмастыра қолдануға арналған шағын жинақтама ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |