Сабақтың тақырыбы: Атауыш сөздер, негізгі белгілері. Көмекші сөздер, негізгі белгілері. Одағай сөздер, негізгі белгілері



Дата13.08.2017
өлшемі55,51 Kb.
түріСабақ
Ахметова Ләззат Қасенқызы

Алматы қаласы

Ғ.Мүсірепов атындағы №86 Мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Сабақтың тақырыбы:

Атауыш сөздер, негізгі белгілері. Көмекші сөздер, негізгі белгілері. Одағай сөздер, негізгі белгілері

Мақсаты:

Атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер туралы ұғымдары кеңейеді. Орыс тілі ағылшын тілі пән мұғалімдері аталған тақырыптың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіреді.

Міндеттері:

1. Атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер туралы мағлұмат беру, алған білімдерін, іскерлік дағдыларын өмірде қолдана алуға жағдай жасау, таным белсенділігін арттыру

2.Салыстыру, талдау арқылы қорытынды шығара білуге дағдыландыру. 3. Тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолдануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, іс-әрекетіне баға беруге тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже:

Атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер туралы толық мәлімет алады, сөйлемдер ішінен ажырата біледі.

Дереккөздер

Қазақ тілі 6-сынып. С.Исаев. Ж.Дәулетбекова «Атамұра»

Қазақ тілі 6-сынып.Г.Т Тұрсынова. А.К.Шыныбаева. «Арман» ПВ

Электронды оқулық. 6-сынып. Ахметова Л.Қ.


Типі

Жаңа сабақ

Түрі

Кіріккен сабақ

Әдісі

СТО жобасының стратегиялары, Блум таксономиясы, «Иә, жоқ» әдісі, Венн диаграммасы

Көрнекілігі

Слайд, электронды оқулық, постер, стикер, маркер.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу

От, су , күн, ай 4 топқа бөлу.

«Иә, жоқ» әдісі



«От бол!» – дедің, от болып жанбадым ба? «Су бол!» –дедің, су болып ақпадым ба? «Күн бол!» –дедің, күн күлімдесе күлмедім бе? «Ай бол!» –дедің, ай болып жүзбедім бе? – деп Мағжан ақын жүрегімен сырласқандай, балалар, бүгінгі сабақ барысында, от болып жанып, біліміңді көрсет. Су таңдаған – судай мөлдір тазалықты білдіріп,  сабақта біліміңмен шыңдаларсың. Күн таңдағандар – күндей жылу шашып, берілген, үйренгенін достарына үйретеді екен. Ай болғандар, айдай жүзіп,барлығымызға жарық сыйлайды екен. «Иә, жоқ» әдісі арқылы өткен сабақтағы білімдерін тексеру.

Түсіну

1.Берілген тақырыптарды кітаптан оқып, талқылайды. «Жигсо»1 әдісі, «Жигсо»2 әдісін қолдану. 2. Слайд көрсету

3.Орыс тілі, ағылшын тілі мамандарына сөз беру.



1.«Жигсо»1 әдісі арқылы тақырыпты оқиды, бір-біріне айтып,түсінеді. «Жигсо»2 әдісі арқылы жанұяларына келіп, түсіндіреді.

2. Слайд арқылы түсінеді. 2.Орыс тілі, ағылшын тілі мамандарына сөз беру 3.Орыс тілі, ағылшын тілі мамандары атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздердің ерекшеліктері туралы айтады.

Қолдану

Постер қорғау

Венн диаграммасы. Ітоп. Атауыш сөздер мен көмекші сөздер ІІ топ. Атауыш сөздер мен одағай сөздер ІІІ топ. Көмекші сөздер мен одағай сөздер туралы ойларын ортаға салады.

Сергіту сәті

Оқушылармен бірге «Балапан» биі сергіту сәтін жасау.

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

Оқушыларға тақырыпқа қатысты кітаптан жаттығулар орындату, топпен талқылау.

Ітоп. 94-жаттығу.

ІІ топ. 95-жаттығу.

ІІІ топ. 96-жаттығу.

Жаттығу жұмыстарын берілген тапсырмалар бойынша жазып, талдайды.



Жинақтау

Интербелсенді тақтадан электронды оқулықтың тапсырмасын көрсету арқылы алған білімдерін жинақтау. Атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздері бар мәтінмен оларды мәтіннен алып тастау арқылы мәтіндерді салыстыру. Стильдік қолданысына оқушылардың назарын аудару.

Интербелсенді тақтадан электронды оқулықтың тапсырмаларындағы салыстыру мәтінін көрсету арқылы алған білімдерін жинақтау. Атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздердің мәтінде өзіндік орны бар екенін оқушылармәтінді салыстыру арқылы өздері айтады.

Бағалау

Топ басшылары белсене қатысқан топ мүшелеріне бағалау жүргізеді. Ғалымдар сөздерді атауыш, көмекші, одағай деп, неге бөлген?

Топ басшылары бағалау критерийлеріне сүйене отырып,өзін, топ мүшелерін бағалайды.
Ғалымдар сөздерді атауыш, көмекші, одағай деп, неге бөлгенін интернет желісін қолдану арқылы дәлелдеуге талпынады.

Ойыңды дәйекте. Ойларын ортаға салады.



Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі

«Бес саусақ» әдісін қолданып, пікірлерін жазады.


Бағалау парағы


Оқушының аты

«Иә, жоқ» әдісі

Постермен жұмыс

Жаттығу жұмысы

Қосымша сұрақтарға жауап беру

Қорытынды бағасы

1.
















2.
















3.
















4.
















5.
















Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу