7.2.1.1 шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру;
7.3.4.1 әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы
шағын сыни шолу жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
- шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстырады;
- мәселеге байланысты сыни шолу жазады.
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут
1-тапсырма. Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі бойынша суреттегі берілген эпизодтарға назар аудара отырып, сөз тіркестері мен тірек сөздерді жазып шығыңыздар.
Тірек сөздер
Сөз тіркестері
2-тапсырма. -Балалар, сіздер Т.Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын, жасанды қарым-қатынасын таныдыңыздар. Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық. Қалаға асығатын Сапабектің ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған, перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін, ата-анасына деген мейірімділігі жоқ екенін байқадық.