Топтық жұмыстың түрлері. Жигсо әдісі



Дата06.02.2022
өлшемі9,49 Kb.
#79577
Байланысты:
Акашева Мөлдір-Топтық жұмыстың түрлері.
10 нед. Қазақ тілі. 07.04.20, Smart fest 2022 ережесі

Топтық жұмыстың түрлері.



  1. ЖИГСО әдісі.

Оқушыларды 4-5 топқа бөлеміз.Тақырыпты,(мақаланы) топтың санына қарай,мазмұнына қарай,бөліп беремі.1,2,3,3,4,5,-әрбір топ өкілдері берілген бөліктерді оқиды.


Топтағы оқушылар өзара пікір алмасады,ортақ тапсырма жасайды.
Әр топ өз лидерін тақтаға шығарады.Ол оқушы оқыған білгенінің мазмұнын түсіндіреді.

  1. Магнит әдісі.

Математик,физик,информатик мұғалімдері магнит болады."Магнит" сөзі естілген кезде басқа мүшелер магниттерге тартылады .



  1. Кемпірқосақ әдісі.

Оқушыларды талқылату үшін (бұл "бастапқы топ") тақырып бойынша (барлығына бір тақырып немесе әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызыңыз.Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп,тиісінше қайтадан топқа бөледі.
Жаңа топтар "бастапқы топ" қатысушыларынан тұрады.
Кейін оқушылар топта не талқылағандарын айту үшін қайта оралады.Бұл одан әрі талқылауға түрткі болады.

  1. "Атомдар мен молекулалар".

Жүргізуші «атомдар» деген кезде жеке дара жүреді де «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Сол топтасқан адамдар бір топ құрайды.





  1. «Заттар бойынша бөліну»

Әр оқушы өзінің бір ұсақ затын мұғалімге немесе жүргізушіге тапсырады, мәселен, қаламсабын, дәптерін, помадасын, кілтін, көзілдірігін, т.б. Бұл заттар


портфельге салынып, әр партаға төрт-
төрттен ретсіз түрде қойылады.
Оқушылар өзінің заты қойылған
парталарға отыруы керек.



  1. «Алфавит»

Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.»



  1. «Ақындар мен жазушылар»

Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз.





  1. Топтық жұмыстың келесідей түрлері де бар:




  • «Миға шабуыл»

  • «Жалғастыр» ойыны

  • «Қазына іздеу»

  • «Зигзаг» әдісі (Ара әдісі)




  1. «Миға шабуыл» әдісі

идеяларды басқару үшін қолданылады, қатал регламент , жүргізуші, хатшы, хронометрист рольдері белгіленеді. Яғни топ ішінде шешім қабылданған соң, баяндама немеесе хабарлама жасалады.



  1. «Жалғастыр» ойыны

топ ішінде «тізбек» әдісін қолдану арқылы жасалады. Яғни бірінші оқушыдан бастап соңғы оқушыға дейін барлығы бір тақырып шеңберінде ойларын айтады. Мысалы, шығарма немесе қандай да бір оқиғаны баяндау кезінде қолдану тиімді.


3.«Қазына іздеу»
мұғаалім сұрақтар құрастырады. Сұрақтар білім мен танымды қажет етеді. Топтар интернет көздері мен кітап мәлімметтерін қолданады.
4. «Зигзаг» әдісі (Ара әдісі)
топ 6 адамнан құралады, сұрақтар белгілі бір фрагменттерге бөлінеді, әр оқушы немеес топ сол сұрақты қарастырады, жалыпылама түрде белгіленген келесі топтың сұрағымен танысады. «Эксперттер кездесуі» әдісі де осы негізде құралады, яғни бір оқушыдан шығып өз сұрақтарын талқылайды, алған жауаптарды топ ішінде қарастырады.
Қорытынды:
Оқыту процесінде барлық оқушыларды белсенді қатысуы мен өзара қарым –қатынасқа түсуі бізге байланысты. «Пассивті» оқушыдан «активті» оқушы жасау үшін интерактивті оқыту технологияларының элементтерін қолдану қажет.Яғни бұның барлығы мұғалімнің қолында.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет