Тәрбиеші: Молдахан. А өтілетін күні



Дата05.06.2020
өлшемі17,88 Kb.
#72411
Байланысты:
Карапайым мат
Карапайым мат

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Айналайын » кіші тобы.

Тәрбиеші:Молдахан.А

Өтілетін күні:17.02.2020 ж

Білім аумағы: «Таным»

Білім бөлімі: ҚМҰҚ



Тақырыбы: «Алыс-жақын. Шаршы»

(уақытты бағдарлау)



Мақсаты: Таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету.

Дамытушылық: .Қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.

Тәрбиелілігі: Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер
Билингвалдық компонент: Қала-город

Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі

Ғажайып сәт

Балаларға қорапты көрсетеді. Қораптың аузы жабық екен, бірақ онда бір нәрсе жатқаннын айтады. Қораптың ішінде жатқан затты білу үшін, қораптың сыртында жазылған тақпақты оқу керек екен.


Тәрбиеші Жақан Смақовтың «Қорқақ» атты тақпақты оқиды.

Қоян-қорқақ,


Көрпенде бұқпа.
Балалармен ойна,
Далаға шық та.
Қорқақ, қорқақ,
Ұйқынан оян,
Оян, қорықпа, қоян!
- Бұл тақпақ не туралы екен?

Тақпақты оқығаннан кейін, қораптан қоянды алып, оның қалғысы келетінін, бізбен бірге тапсырманы орындағысы келетінін айтады.



«Алыс-жақын» ойыны.

Тәрбиеші балалар мен қоянға суреттегі бие мен құлындарға қарауын ұсынады.


Балаларға сұрақ қояды:

  • Суреттен нені көріп тұрсындар?

  • Құлындардың түсі қандай?

  • Ақ түсті құлындар биеге жақын тұр ма, әлде алыс тұр ма?

  • Қара құлын биеден алыс тұр ма, әлде жақын тұр ма?

Тәрбиеші енесінен алыста жүрген құлынды қоршап сызуларын сұрады.



Ұйымдастыру-ізденушілік


«Кім зейінді?» ойыны.

- Балалар, қоянның сендермен «Кім зейінді?» деген ойын ойнағысы келеді. Қоян сендерден бірдей суреттерді (қамзолдары, торсықтарды) бір-біріне сызық арқылы қосып, аттарын атауларын сұрайды.

- Балалар, сендер қандай суреттерді бір-бірімен қостыңдар?

- Сандықтарды неге қоспадындар?

- Балалар, қоянымыз сендерді мақтап жатыр, балалардың бәрі де зейінді, зерек екен дейді. Рақмет, сендерге!

Сергіту сәті. «Қоян».

Ыршып-пыршып секіріп,


Қоян келді кеңкиіп.
Аяқтары жауырған,
Қолдары да жауырған,
Жылытпақ боп тырысты
Жүгірді де қуысты.
Бір жоғары, бір төмен.
Жүр аяқтың ұшымен.
Секіреміз, отырмыз,
Аяқтарды жылытамыз.

Рефлексия

ҰОҚ қорытындылау

Қоян балаларға тапсырманы дұрыс орындағандары үшін рақмет айтып, қоштасады.



Тәрбиеші балалардың өзіне жақындауын, сосын алысырақ барып тұруын сұрайды. Содан соң, өздерінен алыс және жақын тұрған заттарды атап берулерін өтінеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет