Көмекші сөздердің бөлінулері. Шылаулар ж о с п а р ы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата11.01.2022
өлшемі152,84 Kb.
#110702
  1   2
Байланысты:
13-Көмекші сөздердің бөлінулері. Шылаулар.
ассесмент узбек, Араб альфавити, 9-Етістік. Лексика-семантикалық, морфологиялық сипаты., scaned document-8-59-28, Мурабийлик соати, 7 такырып


Көмекші сөздердің бөлінулері. Шылаулар.  

ж о с п а р ы  

           1. Көмекші сөздердің жалпы сипаттамасы 

  2. Шылау және оның түрлері 

  3. Жалғаулықтар және оның түрлері 

  4. Септеуліктер 

  5. Демеуліктер 

 

Тірек  сөздер: 

Көмекші  сөздер  туралы  түсінік.  Көмекші  сөздердің 

түрлері. Жалғаулық, септеулік, демеуліктердің сөйлемдегі қызметі. 

 

  Көмекші  сөздер  деп  нақтылы  лексикалық  мағыналары  я  әр  түрлі 



дәрежеде  солғындап,  я  бүтіндей  жоғалып,  сөйлегенде  жеке-дара  тұлға 

есебінде  қолданылмай,  тек  мағыналы  сөздермен  тіркесіп  қана  жұмсалып, 

оларға  жәрдемші  болып  қызмет  атқаратын  сөздерді  айтамыз.  Өз  алдына 

жұмсалмай,  өзге  сөздермен  тіркесіп  ғана  қолданылатындықтан,  көмекші 

сөздер  тек  атаушы  сөздермен  салыстыру  арқасында  ғана  жеке  -  дара  сөз 

есебінде бөліне алынады. Мысалы: Бақанас өзені мен Жәнібек екі арасы тай 

шаптырымдай-ақ  жер  деген  сөйлемдегі  мен,  -ақ  сөздері  лексикалық 

мағыналары  жағынан,  грамматикалық  қызметтері  жағынан  атаушы  сөзден 

өзгеше. 

 

Көмекші  сөздердің  бұл  тобы  іштей  көмекші  есімдер  және  көмекші 



етістіктер деген екі салаға бөлінеді. 

 

Шылау  сөздер  дегеніміз-ішкі  мазмұндары  жағынан  да,  сыртқы 



формалары жағынан да, сондай-ақ қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы 

шыққан  төркіндерінен  біржола  қол  үзіп,  әрі  осы  аталған  негізгі  үш  белгі 

жөнінен  де  дербестіктерінен  айрылып,  өз  алдына  категория  болып 

қалыптасқан  және  жалпы  көмекші  сөздер  тобына  негізгі  ұйытқы  есебінде 

қызмет ететін сөздер. 



 

Шылау  сөздер  өздері  тіркескен  негізгі  сөздердің  мағыналарын  я 

толықтырып,  я  анықтап,  оларға  әр  қилы  реңктер  жамап,  айқындай  түсіп 

отырады. 

 

Шылаулар  -  сөз  бен  сөздің  немесе  сөйлем  мен  сөйлемнің  араларын 



байланыстыру,  құрастыру  үшін  қолданылатын  лексика  -  грамматикалық 

мағынасы бар сөздер. Шылаулардың бойындағы қалыптасқан негізгі қасиеті - 

грамматикалық  мағыналар.  Міне  осындай  грамматикалық  қызметтеріне 

қарай  шылаулар  үш  топқа  бөлінеді.  Олар:  септеуліктер,  жалғаулықтар, 

демеуліктер. 

 

Жалғаулықтар  дербес  лексикалық  мағыналыр  дерексізденген,  бірақ 



өздеріне тән ерекше семантикалық мағыналары мен абстракт грамматикалық 

қызметтері  бар  шылау  сөздер.  Жалғаулықтар  өзара  тең  бірыңғай  сөздердің, 

бірыңғай  сөз  тікр  естерінің  және  бірыңғай  сөйлемдердің  араларындағы  әр 

қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өзара тең екі сөзге не екі 

сөз тіркестерінен бірдей қатысты болады. Мысалы; қыс пенен жаз, күн менен 

түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық болды сегіз. 

 

Септеуліктер. Септеуліктер деп обьекті мен обьектінің не предикаттың 



арасындағы  түрлі  грамматикалық  қатынастарды  білдіру  үшін  қолданылып, 

белгілі  бір  жақсы  септік  жалғауын  меңгеріп  тұратын  көмекші  сөздерді 

айтамыз.  Септеуліктер  өздері  тіркесетін  есімдерге,  субстантивтенген  өзге  де 

атаушы  сөздерге  себептік,  бағыттық,  мақсаттық,  көмектік,  қайталау,  талғау, 

ұқсату 

сияқты 


әр 

қилы 


грамматикалық 

мағыналарды 

жамап 

тыңғылықтандырып отырады. 



 

Демеуліктер.  Демеуліктер  деп  өздері  тіркесетін  сөздерге  әр  қилы 

қосымша  реңктер  жамайтын  сөздерді  айтамыз.  Лексика-граматикалық 

мағыналары  жағынан  демеулік  шылаулар  сұраулық,  шектік,  нақтылық, 

күшейткіш,  болжалдық,  болымсыздық,  қомсыну  демеуліктері  болып 

бөлінеді.  1.Сұраулық  демеуліктер  а)  -ма,  -ме,  ба,  -бе,  па,  -пе  демеулігі  зат 

есіммен,  сын  есіммен,  үстеумен,  етістіктің  бұйрық,  ашық,  шартты  райлары 



және  қимыл  атауы  есімше  көсемше  формалары  мен  тіркесіп  қолданылады. 

Мысалы: Ерте ме кеш пе пайдаға ма зиянға ма сен де барыңды бересің. 

 

2.Күшейткіш демеуліктерге ау, ай, ақ, да, те шылаулары  жатады. Олар 



сөйлемде  берілетін  ойға  не  ондағы  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің 

мағынасына қосымша күшейткіш мән жамау жұмсалады. Мысалы: Аяғын бір 

сәнмен тым - ақ жеңіл басады. 

 

3.  Нақтылық  демеуліктерге  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің 



мағыналарын  сөйлемде  айтылатын  ойды  нақтыландыра,  тұжырымдай  түсу 

үшін қолданылатын (-қой, -ғой, -ды, -ді, -ты, -ті) демеуліктері жатады. 

 

4.  Шектік  демеуліктер  белгілі  бір  нәрсеге  іс  -  әрекетке,  амалға,  сын-



сипатқа, мезгілге т.б. шек қоя тұжырымдап айтылады. Ондай демеуліктердің 

қатарына  -қана,  -ғана,  -ақ  шылаулары  жатады.  Мыс:  Мыңнан  аса  жылқыны 

үш - ақ адам бағады. 

 

5  Болжалдық  демеуліктерге  -мыс,  -міс  және  -  ау  шылаулары  жатады. 



Мысалы: :йлесер едік деп айтады - мыс. 

 

6.  Болымсыздық  демеуліктер.  Түгіл  демеулігі  зат  есім,  сын  есім,  сан 



есім,  есімдер  қимыл  атауларына  тіркесіп  болымсыздық  мағына  жамайды. 

Мысалы: Жазғы ауыл түгіл, қысқы қыстауды да бірге салдық. 

 

7  Қомсыну  демеулігіне  екеш  шылау  ғана  жатады.  Ол  тіркесетін  сөзге 



қомсыну,  кемсіну  тіпті  кейде  мұқату  сияқты  мағыналық  реңктер  үстейді. 

Мысалы: Құс екеш құста балапанын ұядан қияға ұшырып үйретеді. 

Сұрақтар мен тапсырмалар 

1. Көмекші сөздер дегеніміз не, оның қандай түрлері бар

 

2. Шылау сөзге анықтама беріңдер, басқа сөзден қандай айырмашылық бар



 

3. Жалғаулықтарға қай сөздер жатады, қандай түрлері бар



 

4. Септеуліктер туралы не білесіз,шылаулардың септіктерге қатысы қандай



 

5. Демеулік шылауға қай сөздер жатады, демеуліктердің қандай түрлері бар



 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет