Темiрбек Қожакеевтiң ғылыми еңбектерiн талдау
«Жыл құстары», «Көксеңгiрлер» кiтаптары қазақтың небiр қасқа мен жайсаң азаматтарын қайраткер ғана емес, қаламгер райында да қара тiзiмнен арашалап алып, қайта тұлғалап, халқына қайта таныстырды. Сол кiтаптарды, ондағы журналистiк қырынан ашылып, қайраткерлiк биiгiне барып сабақтасатын шығармашылық портреттердi бас алмай оқып отырып, Темiрбек Қожакеевтiң барынша әдiл бағалап жазғаны кɵремiз. Бұл – бiр жағы өзi де жалған жала жабылып, қолдан ұйымдастырылған қуғын зардабын көрген адамның 1937 жылы нақақтан-нақақ күйiп атылып кеткен жандардың тағдырын терең түсiнуi, қайта құруға байланысты қайраткерлердi ашуға өз тарапынан қолғабыс жасауы, қаламгер ретiнде үлесiн қосуы.
Темiрбек Қожакеевтiң осы екi кiтабында қазақтың небiр азаматтары рухани ақталды, тарих толқыны аумалы-төкпелi күй кешiп, қазақ ұлты тәуелсiз ел боламыз деген ұлы ұмтылысқа түскен ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы талай аптал азаматтың ұлтын сүю, халқын құрметтеу, өз мүддесiнен халық мүддесiн жоғары қоя сөйлеген сөзiн тасқа басқан талай газеттiң өмiр-тарихын шын талқылап жазып, шынайы методологиялық жiтiлiкпен хатқа түсiрiп кеткен.
Ол кiтаптарында анализдi ұтымды жасаған. Қоғам қайраткерлерiнiң ɵмiрiн объекті деп алып, оны «қысқаша ɵмiрбаяны», «еңбек ɵтiлi», «қоғамға қосқан үлесi» деп бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, жеке зерттеген. Фактiлерге, құжаттарға, кей кезде ɵзiнiң бақылау нəтижелерiне сүйене отырып, жалқыдан жалпыға кɵшу арқылы индукция əдiсiн қолданған.
Мысал ретiнде, ХХ ғасырдың жуан ортасында өмiр сүрген журналист Бейсембай Кенжебайұлының шығармашылық портретi. Онда Бейсембай Кенжебайұлы, қазақ баспасөзiне 20-шы жылдары келiп араласып, жаңа газеттердi негiздеушi, сөйтiп ұлт журналистикасын қалыптаушылардың қатарында, қазақ баспасөзiнiң тарихын ұлттық тұрғыдан зерттеушi, онымен шектелмей қазақ журналистикасы теориясын жасаушыларды бiрi болғанын әдiл айтып бередi. Оның ұстаздығын, әдебиет тарихы саласындағы реформаторлығын да жеткiзiп зерттеп, жетелi баяндаушы да – Темiрбек Қожакеев.