Түлектерге арналған «медитациялық жаттығулар» сабағы. 1)«Тыныштық сәті» (үнтаспадан музыка әуені қосылады).
Мақсаты: Оқушыны стресстік жағдайдан арылтып,сенімділікке үйрету.
Өткізілу күні: Өткізілу барысы: Психолог: Орнымызға жайғасып отырайық.Көзімізді жұмып,керемет ғажайып әлемге саяхат жасаймыз.Алдымызда түрлі-түсті кемпірқосақ бізді алыс жолға шақырып тұр.Біз сол кемпірқосақтың үстімен жүріп келеміз.Жоғарыдан бәрі әдемі көрініп тұр.Мұнда жасыл орманда,көк теңізде,сары шөлде,қызыл гүлде бар.Әдемі сайраған құстардың даусынан құлақ тұнады.Мінекей,түрлі-түсті жаңбырда жауып тұр.Жауын тамшылары біздің бетімізге де,алақанымызға да түсіп жатыр.Тамшыны жерден қолмен алып,құлақтарыңа жақындатыңдар.Ол сендерге не деп сыбырлайтынын естіңіздер.Бұл тамшыны өздеріңмен бірге алып кете аласыңдар,ол сендердің қастарыңда әрдайым болады.Бұл тамшылар сіздердің көңіл күйлеріңізді көтеріп,бүгінгі күндеріңіздің сәтті өтуіне тілектес болады.
Қатысушылардан көздерін ашып,не туралы ойлағандарын жапырақ бетіне жазып,ағашқа жапсырмалау ұсынылады.(қатысушылар жапырақ бетіне өз көңіл-күйлерін смайлик кейіпте бейнелейді).