Түлектерге арналған «медитациялық жаттығулар» сабағы. 1 «Тыныштық сәті»



бет6/6
Дата06.02.2022
өлшемі15,61 Kb.
#80050
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Түлектерге арналған жаттығу

Жаттығу «Түс пен ассоциация»
Психолог балаларға әртүрлі түсті карточка таратады.Ал бала ассоциация бойынша айтады. «Мына түс маған жаз мезгілін есіме түсіреді», «Мына түске қарасам,күнді елестетемін» т.б

Мектеп педагог-психологы: Бултекова Ғалия.
Танысу. (10 - класс)
Мақсаты: Әрбір балаға өзінің жеке тұлғасы мен ұнамды кескінін тануына мүмкіндік беру.
Қатысқаны: оқушы.
Сабақ барысы: «Танысу жаттығуы»Қәне балалар бәріміз шеңбер құрайық.Мен допты лақтырамын.Соны ұстап алған бала өз есімін айтады.Оны жәй айтпаймыз. «Менің атым.....», «Менің арманым...», «Мен жақсы көремін...» т.с.с сөздермен бастаймыз.
Сабақ барысы: Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған қағаздар таратып беремін.Атаулар екі қағазда қайталанады.Мысалы: егер сіздің қолыңызда «маймыл» деп жазылған текше болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше барын біліңіз. Психолог қағаздарды таратады.Сіздің қағазыңызда не жазылғанын оқыңыз.Жазуды сіз ғана көруіңіз керек.Әрқайсыңның міндеттерің өз сыңарын табу.Бірақ сөйлеспей,дыбыс шығармай,тек әртүрлі қимылдар жасау арқылы арқылы білдіре аласыздар.Бір сөзбен айтқанда кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыздар.
Сіз өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз ,бірге тұрыңыздар.Бірақ үндемейсіздер,сөйлеспейсіздер.Тек барлығы өз сыңарларын тапқан кезде ғана,қандай нәтиже болатынын тексереміз.
Топ мүшелері өз сыңарларын тапқаннан кейін ,жаттықтырушы сіз кімсіз? деп сұрап шығады.
Әдетте бұл жаттығу өте көңілді өтеді,нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл күйі көтеріледі,шаршағандығы тарқайды.Жаттығу қатысушылардың әрі қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.

Мектеп педагог-психологы: Бултекова Ғалия.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет