Брасс Брасс



Дата07.02.2022
өлшемі280,84 Kb.
#95388
Байланысты:
00096f0a-9ba5a524


Брасс
Брасс (фр. brasse, фр. brasser — былғау, араластыру) — қолды судан шығармай су ішінде кеудемен ұзыннан жатқан қалпында қол және аяқпен симметриялы есіп жүзудің түрі (әдісі).
Жылдамдық көрсеткіші бойынша жүзудің бұл түрі қалған әдістермен бәсекелесе алмайды. Дегенмен, ол қолданбалы жүзуде көп мағынаға ие. Брасспен жүзу адамға артық дыбыссыз, алыс қашықтыққа жүзуге, зардап шеккенді немесе заттарды алыс тасу мүмкіндігін береді. Брасспен жүзу сонымен қатар су астында жүзгенде де қолданылады.
Брасспен жүзу техникасының ережесі. Ереженің негізгі бөлімдері:
1) Жүзуші брасс әдісімен жүзушінің денесі кеудесімен суға көлденең жатады;
2) екі қолы біруақытта және бірқалыпты қимылдар жасайды. Есу барысында су бетінде немесе су астында қозғалыс жасай алады.
3) аяқтары да біруақытта бірдей қимылдар орындайды. Аяқпен есуде өкшелерін жан-жаққа қаратып, артқа доға бойынша қозғалады.
4) қашықтыққа жүзу барысында сөре берілгеннен кейін немесе бұрылыстан басқа уақытта су астына басты толық батыруға тыйым салынады.
Брасс әдісінде қолмен есуді жасаудағы білектің қимыл траекториясы:

1-сурет
«Брасс» әдісінің жүзу жаттығуларын орындау техникасы.
Брасс – жүзу әдісінің ең баяу түрі болып танылады. Алайда, жүзу әдістерінің басқа түрлеріне қарағанда брасстың қолданбалы сипаттағы үлкен артықшылықтары бар. Брасс әдісі арқылы су астына сүңгуге, суға батып бара жатқан немесе шаршаған адамға көмек көрсетіп, тасымалдауға және жүзу жабдықтарымен жүзуге болады. Сонымен қатар энергия шығынын аз талап ететін жүзу әдісі болып саналады.
Аяқ қозғалысының техникасы:
Бастапқы қалып:
аяқтың бірден серпіп қозғалтып, артынан сырғу. Даярлық кезеңінде аяқтарды созып, жамбас және тізе бөліктерін бүгу арқылы тартып, тізені төмен қарай ажырата отырып, екі жаққа серпу. Тізенің ажыраған жағына қарай табан да бұрылады. Аяқтың тартылуы соңында табан жамбас тұсына сәйкес келу керек.Тұлға мен санның арасындағы бұрыш 120-130 градусқа жуық болғанында тартылу аяқталады. Өкше бөксеге өте жақын орналасып, сирақ тік қалыпта, аяқтың тізе буындары барынша бүгіледі. Жүзуші тартылудың соңында сирақ пен табанын жылдам жан-жаққа жібереді.
Сирақ-табан буындары бүгіліп, табаны жоғары қарап, аяқ саусақтары жүзушінің қозғалыс бағытына перпендикуляр жағында орналастырылады. Осы қалыптан жамбасбөксе (тазобедренных) және тізе буындарында аяқтың серпімді бүгілуінен қозғалыс басталады. Сирақ пен табанның ішкі жағына сүйеніп, аяқтың қозғалысы доға бойымен шетке-артқа қозғалады. Аяқтың қозғалысы бір қарқында орындалып, қорытындысында аяқтарын біріктіреді.
Буындардағы аяқтың реттілікпен кеңейіп созылуы есудің дұрыс орындалуы үшін маңызы зор. Аяқтардың серпілуі жамбас-бөксе буындарының бүгілуінен басталып, содан кейін тізе, одан соң сирақ-табан буындарының қозғалысымен аяқталады.
Қол қозғалысының техникасы:
Қол қозғалыстары аяқ қозғалыстары секілді айқын есіледі және екпінмен алға созылады. Қол алға созылған бастапқы қалыптан есу басталады. Жүзуші алақан саусақтарын сыртымен айналдырып, қолдарын шетке төмен-артқа үдетілген қалыпта жібереді. Есу түзу қолмен жасалып, иық тұсында аяқталады. Бұл жерде шынтақ бүгіліп, саусақтар бірігеді, шынтақ төмен түсіріліп, қол бірден алға созылады. Қол алға түзу созылған соң саусақтар су бетінде, алақандар төмен караған қалыпта ағын туындайды.
Дене қалпы:
Жүзушінің денесі су бетінде еркін көлденең қалыпта орналасады. Аяқ пен қол біріктірілген созулы қалыпта. Қол саусақтары алақанның төмен қараған қалпында. Басы аздап көтерілген.
Бас пен тыныс алу қалпы:
Су қастың тұсында болатындай бас ортаңғы қалыпта болады. Тыныс қол есуге даярлықты жүргізуді бастағанда алынады, қол қозғалыстарын бастағанда дем шығарылады. Тыныс тек ауыз арқылы алынады, дем – ауыз және мұрын арқылы шығарылады. Бас – өзінің бастапқы қалпына кезекпен ауысып отырады. Дем алу тез, дем шығару – баяу жүргізіледі.
Қозғалыстардың жалпы үйлесімі:
Қолмен есуді бастағаннан бастап жүзуші басын көтеріп, тыныс алуды орындайды. Аяқтар созылған және қозғалыссыз. Қолмен есуді тоқтатқанда аяқты жинап, басты суға дем шығару үшін батыру керек. Қолдар даярлық қозғалыстарын орындайды, аяқ жинақталады, дем шығару жалғаса береді.
Аяқ есу қозғалыстарын бастайды; қол алға созылады; дем шығару жалғаса береді. Аяқ есуді тоқтатқанда, бір-бірімен бірігеді. Дене алға созылады.

2-сурет



3-сурет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет